Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
| Қазақстан Республикасы | |
| Үкіметінің | |
| 2019 жылғы 13 мамырдағы | |
| № 272 қаулысына | |
| қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1."Халыққа арналған ауызсудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы № 456 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 24, 243-құжат).
2. "Гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 969 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 53, 500-құжат).
3."Алкоголь өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қазандағы № 1081 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 56, 542-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 25 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 14, 172-құжат).