Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 шілдедегі № 1102 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 6 қыркүйектегі № 899 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 398 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 13.06.2019 № 398 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 шілдедегі № 1102 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 33, 318-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы және 1-тармақ "көрсету" деген сөзден кейін "және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау" деген сөздермен толықтырылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету ережесінде:

      тақырыбы "көрсету" деген сөзден кейін "және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-тармақ "көрсету" деген сөзден кейін "және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 12, 13, 14-тармақтармен толықтырылсын:

      "12. Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуінен түсетін қаражат мемлекеттік білім беру мекемесінің тауарларын (жұмыстарын, қызметтерін) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарлары бойынша жоспарланады және пайдаланылады.

      Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін мемлекеттік білім беру мекемесінің өз иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарларын "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген тәртіппен бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бекітеді.

      13. Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсетуінен түсетін түсімдерді пайдалану бағыттарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді.

      Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін қаражаты тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны есепке алу үшін ашылған шотқа есептеледі және "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген тәртіппен ресімделген және ұсынылған төлеуге берілетін шот негізінде жұмсалады.

      14. Ақылы білім беру қызметтерін және өзге де қызметтерді көрсетуден түсетін қаражат ұйым басшысы айқындаған бірінші кезектегі іс-шараларды ескере отырып және міндетті түрде қамқоршылық кеңеспен келісілген, сондай-ақ білім беру мекемелеріндегі ата-аналар комитеттерімен келісім бойынша қатаң түрде нысаналы мақсат бойынша жұмсалады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов