Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау ережесін бекіту ту

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 398 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 шілдедегі № 1102 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 33, 318-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 шілдедегі № 1102 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 6 қыркүйектегі № 899 қаулысы (2010 жылғы 30 қыркүйекте "Казахстанская правда" газетінде № 257 (26318) жарияланған).

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин