Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1167 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 757 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну  және алдын ала бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1167 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 34, 329-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      тақырып «ережесін» деген сөзден кейін «және «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесін» деген сөздермен толықтырылсын;
      кіріспеде «конкурс» деген сөзден кейін «және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме конкурсы» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Қоса беріліп отырған «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесі бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесінде:
      «Жалпы ережелер» деген 1-бөлімде:
      1-тармақта «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс» деген сөздерден кейін «және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2, 2-3-тармақтармен толықтырылсын:
      «2-1. Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірумен, қызметтер көрсетумен айналысатын заңды тұлғалар (бұдан әрі - конкурсқа қатысушылар) мынадай номинациялар бойынша сыйлық алуға үміттенуі мүмкін:
      1) «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»;
      2) «Халық тұтынатын тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын»;
      3) «Қызметтер көрсететін үздік кәсіпорын».
      2-2. Әрбір номинация бойынша мынадай санаттар бойынша екі сыйлық беріледі:
      1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;
      2) ірі кәсіпкерлік субъектісі.
      2-3. Сыйлық алуға арналған конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - конкурсты ұйымдастырушы) болып табылады.»;
      «Материалдарды ресімдеу және ұсыну тәртібі» деген 2-бөлімде:
      «заңды тұлға», «заңды тұлғаның», «Заңды тұлғаның», «Заңды тұлға» деген сөздер «конкурсқа қатысушы», «конкурсқа қатысушының», «Конкурсқа қатысушының», «Конкурсқа қатысушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне» (бұдан әрі - конкурсты ұйымдастырушы)» деген сөздер «конкурсты ұйымдастырушыға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Материалдарды алдын ала бағалау тәртібі» деген 3-бөлімнің 13-тармағында «қатысушы-үміткерлердің» деген сөздер «қатысушылардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесіне 3-қосымшада:
      мына:

«

9 ай

ағымдағы жылы

өткен жылы

»

      деген бағанда тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«

алдыңғы 2 жылда

20___жылы

20___жылы

»;

      осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2010 жылғы 28 шілдедегі
№ 757 қаулысына    
қосымша          

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2009 жылғы 31 шілдедегі
№ 1167 қаулысымен   
бекітілген      

«Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесі»

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну  және алдын ала сараптамалық бағалау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Ереже «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына (бұдан әрі - өңірлік конкурс, республикалық конкурс) ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау тәртібін белгілейді.
      3. Республикалық конкурстың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - конкурсты ұйымдастырушы), өңірлік конкурстардың ұйымдастырушылары Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері (бұдан әрі - өңірлік конкурстарды ұйымдастырушылар) болып табылады.
      4. Республикалық конкурсты және республикалық конкурстың марапаттау рәсімін өткізу Жарлыққа сәйкес Дүниежүзілік сапа күніне орайластырылған салтанатты жағдайда өткізіледі.

2. Өңірлік конкурстарға ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау тәртібі

      5. Өңірлік конкурсқа қатысуға:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында өнеркәсіп, азық-түлік тауарларын және өндірістік-техникалық мақсаттағы (қару-жарақ пен әскери техника өндірісін қоспағанда) өнімдерді өндіруді жүзеге асыратын;
      2) өнім сапасының тұрақты жоғары деңгейін қамтамасыз ету және оны жүйелі түрде жақсарту бойынша оң нәтижелері бар заңды тұлғалар немесе дара кәсіпкерлер (бұдан әрі - конкурсқа қатысушылар) үміткер бола алады.
      6. Конкурсқа қатысушылар мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес өтінім;
      2) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес сауалнама-декларация;
      3) сәйкестік сертификаттары мен сапа және қауіпсіздік туралы қорытындылардың көшірмелері (бар болса);
      4) менеджмент жүйесіне арналған сертификаттардың көшірмелері (бар болса);
      5) негізгі параметрлер мен сипаттамалардың сандық мәндері көрсетілген өнімнің негізгі тұтынушылық қасиеттерінің сипаты;
      6) конкурсқа қатысушылар өз нәтижелерін және осы көрсеткіштердің өзгеру үрдісін бағалайтын көрсеткіштер;
      7) конкурсқа қатысушылар қызметінің нәтижелері туралы ақпарат (ұсынылған сандық деректердің маңыздылығы мен ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік беретін қысқаша түсініктермен сүйемелденуге тиіс кестелер немесе диаграммалар түрінде ұсынылады).
      7. Өңірлік конкурсқа ұсынылатын материалдар мен өнімдерді алдын ала сараптамалық бағалауды жүргізу үшін өңірлік сараптамалық топ құрылады.
      8. Өңірлік сараптамалық топтар өңірлік конкурсты ұйымдастырушының шешімімен құрылады.
      Сараптамалық топтардың құрамына жергілікті атқарушы органдардың, конкурсты ұйымдастырушы өкілдерінің, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатарынан тағайындалатын төраға, сарапшылар кіреді.
      Сараптамалық топтардың сандық құрамы кемінде үш адамды құрауы тиіс.
      9. Сараптамалық топтар жергілікті жерлерде конкурсқа қатысушылардың материалдарын және өнімді алдын ала сараптамалық бағалауды өңірлік конкурсты ұйымдастырушы бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырады.
      Сараптамалық топтар конкурсқа қатысушылардың материалдары мен өнімді алдын ала сараптамалық бағалау нәтижелері бойынша алдын ала сараптамалық қорытынды жасайды.
      10. Өңірлік конкурстар өңірлік конкурстарды ұйымдастырушы белгілеген мерзімде, бірақ конкурстар өткізілетін жылдың 30 тамызынан кешіктірілмей өткізіледі.
      11. Өңірлік конкурстардың ұйымдастырушылары конкурстар өткізілетін жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей өңірлік конкурстар жеңімпаздарының қажетті құжаттарын конкурсты ұйымдастырушыға жібереді.
      Өңірлік конкурстардың ұйымдастырушылары сараптамалық топтардың алдын ала сараптамалық қорытындыларын ескере отырып:
      1) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;
      2) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес «Халық тұтынатын үздік тауарлар»;
      3) осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша өңірлік конкурстардың жеңімпаздарын анықтайды.
      12. Өңірлік конкурстардың жеңімпаздары республикалық конкурсқа қатысады.

3. Республикалық конкурсқа ұсынылатын материалдар
мен өнімді алдын ала сараптамалық бағалау тәртібі

      13. Республикалық конкурсқа ұсынылатын материалдар мен өнімді алдын ала сараптамалық бағалауды жүргізу үшін республикалық конкурсты ұйымдастырушының шешімімен сараптамалық топтар (бұдан әрі - сараптамалық топтар) құрылады.
      14. Сараптамалық топтардың сандық құрамы кемінде бес адамды құрауы тиіс.
      15. Сараптамалық топтардың құрамына:
      1) осы Ережеге 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес қалған ұстанымдарды сызып тастай отырып, кестеде өзінің құзыреттілігінің деңгейі жеткілікті деп есептейтін ұстанымдарға ғана баға қоятын;
      2) алдын ала сараптамалық қорытынды дайындайтын және беретін конкурсты ұйымдастырушы, өзге де мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің, сондай-ақ, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатарынан тағайындалатын төраға, оның орынбасары, сарапшылар кіреді.
      16. Конкурсты ұйымдастырушы сараптамалық топтардың алдын ала сараптамалық қорытындыларын және жинақталған құжаттар құрамында сараптамалық бағалаудың толтырылған кестелерін Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияға жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өткізілгенге дейін бес күн бұрын жібереді.

«Қазақстанның үздік тауары»
өңірлік және республикалық
көрме-конкурстарына ұсынылатын
материалдар мен өнімді ресімдеу,
ұсыну және алдын ала сараптамалық
бағалау ережесіне
1-қосымша

Тіркеу нөмірі________________
Конкурсты ұйымдастырушы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігіне Өтінім

1. Өтінім беруші
Конкурсқа қатысушының атауы__________________________________________
_____________________________________________________________________
Мекенжайы____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қызмет ету кезеңі____________________________________________________
2. Басшы
Тегі, аты, әкесінің аты______________________________________________
Лауазымы_____________________________________________________________
Мекенжайы____________________________________________________________
Жұмыс телефоны, факс_________________________________________________
3. Конкурсқа қатысушының сипаттамасы
Жұмысшылардың жалпы саны_____________________________________________
Филиалдар саны_______________________________________________________

Қосымша:
Құжаттар жинағы.

Басшының қолы
20 жылғы « »

«Қазақстанның үздік тауары»
өңірлік және республикалық
көрме-конкурстарына ұсынылатын
материалдар мен өнімді ресімдеу,
ұсыну және алдын ала сараптамалық
бағалау ережесіне
2-қосымша

Тіркеу нөмірі__________________ Сауалнама-декларация

1. Конкурсант
Конкурсқа қатысушының атауы__________________________________________
Заңды мекенжайы______________________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Басшы
Тегі, аты, әкесінің аты______________________________________________
_____________________________________________________________________
Лауазымы_____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Пошталық мекенжайы___________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жұмыс телефоны ______________________________________________________
3. Конкурсқа қатысушының атауы туралы мәліметтер
Жұмыскерлердің жалпы саны____________________________________________
Филиалдар саны_______________________________________________________
Шығарылатын өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) аса маңызды түрлерінің үш атауы, СЭҚ ТН коды_____________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________ 4. Өкілетті және конкурсқа жауапты тұлға
Тегі, аты, әкесінің аты______________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Лауазымы_____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Телефон______________________________________________________________
факс_________________________________________________________________

5. Декларация
      Кәсіпорын атынан конкурсқа қатысушылар үшін белгіленген ережелерді орындауға келісетінімізді мәлімдеймін және Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттары атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссия шешімін түпкілікті деп қабылдайтын боламыз. Жер-жерде алдын ала бағалауды жүргізу қажет болған жағдайда, біз оны ашық және күнілгері кесіп-пішпей өткізуге көмек көрсетеміз. Біз осындай сараптамаға байланысты шығыстарды кәсіпорын көтеретінін түсінеміз.

Басшының қолы
20 жылғы « »

«Қазақстанның үздік тауары»
өңірлік және республикалық
көрме-конкурстарына ұсынылатын
материалдар мен өнімді ресімдеу,
ұсыну және алдын ала сараптамалық
бағалау ережесіне
3-қосымша

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясы
Облыс________________________________________________________________
Ұйым_________________________________________________________________
Өнім_________________________________________________________________
Бұйымның қорытынды балы______________________________________________

Сараптамалық бағалау кестесі

Р/с №

Өлшемдер, талаптар, көрсеткіштер

Сарапшылар

Орташа балл



1

2

3

4

5

6

7

8

9

10


1

2

3

4

1

Отандық аналогпен салыстырғанда техникалық деңгейі (1-10 балл)












2

Өндірілетін өнім көлеміндегі экспортқа шығарылатын өнім үлесі (10 % үшін 1 балл)












3

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда конкурсқа ұсынылған өнімді өндіру көлемінің артуы (10 % үшін 1 балл)












4

Тұтынушылар, мемлекеттік бақылаушы органдар, сатып алатын ұйымдар тарапынан сараптамалық-расталған шағымдардың болуы/жоқтығы (0, 10 балл)












5

Тұтынушылардың, сатып алатын ұйымдардың пікірлері (республиканың әртүрлі өңірлерінен және одан тыс жерлерден кемінде 10 ресми ресімделген)












6

Қазақстандық шикізат пен және өңірлік материалдарды пайдалану %-ы (әрбір 10 % үшін 1 балл)












7

Сапа көрсеткіштерінің, тұрақтылық деңгейі, менеджменттің сертификатталған жүйесінің болуы (1, 10 балл)












8

Маркетингтік саясат тиімділігінің, бәсекеге қаблеттілікті басқарудың деңгейі (1-10 балл)












9

Бұйымды жасау кезінде пайдаланылатын технологиялардың жаңалығы, прогрессшілдігі («ноу-хаудың», өнертабыстың, патенттің болуы) (1-10 балл)












10

Өнімнің, орамның дизайны, эстетикалық ерекшелігі (1-10 балл)












Бұйымның қорытынды балы (S (сомасы) орт. балл)


Жауапты адам (т.а.ә.)________________
Қолы_________________________________


«Қазақстанның үздік тауары»
өңірлік және республикалық
көрме-конкурстарына ұсынылатын
материалдар мен өнімді ресімдеу,
ұсыну және алдын ала сараптамалық
бағалау ережесіне
4-қосымша

«Халық тұтынатын үздік тауарлар» номинациясы
Облыс________________________________________________________________
Ұйым_________________________________________________________________
Өнім_________________________________________________________________
Бұйымның қорытынды балы______________________________________________

Сараптамалық бағалау кестесі

Р/с №

Өлшемдер, талаптар, көрсеткіштер

Сарапшылар

Орташа балл



1

2

3

4

5

6

7

8

9

10


1

2

3

4

1

Отандық аналогпен салыстырғанда тұтыну қасиетінің деңгейі (1-10 балл)












2

Өндірілетін өнім көлеміндегі экспортқа шығарылатын өнім үлесі (10 % үшін 1 балл)












3

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда конкурсқа ұсынылған өнімді өндіру көлемінің артуы (10 % үшін 1 балл)












4

Әлеуметтік бәсекеге қабілеттілік деңгейі (аналогпен салыстырғанда бағасы және қазақстан нарығында қолжетімділігі)(1- 10 балл)












5

Тұтынушылар, мемлекеттік бақылаушы органдар сатып алатын ұйымдардың тарапынан сараптамалық-расталған шағымдардың болуы/жоқтығы (0, 10 балл)












6

Тұтынушылардың, сатып алтын ұйымдардың пікірлері (республиканың әртүрлі өңірлерінен және одан тыс жерлерден кемінде 10 ресми ресімделгендер)












7

Қазақстандық және өңірлік шикізат пен материалдардың % пайдаланылуы (әрбір 10 % үшін 1 балл)












8

Сапа көрсеткіштерінің тұрақтылық деңгейі, менеджменттің сертификатталған жүйесінің болуы (1, 10 балл)












9

ҚР СТ 1009-2005 азық-түлік емес тауарлары. Тұтынушыға арналған ақпарат.  Жалпы тараптар. сақталуы/сақталмауы (0, 10 балл)












10

Өнімнің, орамның дизайны, эстетикалық ерекшелігі (1-10 балл)












Бұйымның қорытынды балы (S (сомасы) орт. балл)


Жауапты адам (т.а.ә.)________________
Қолы_________________________________

«Қазақстанның үздік тауары»
өңірлік және республикалық
көрме-конкурстарына ұсынылатын
материалдар мен өнімді ресімдеу,
ұсыну және алдын ала сараптамалық
бағалау ережесіне
5-қосымша

«Үздік азық-түлік тауарлар» номинациясы
Облыс________________________________________________________________
Ұйым_________________________________________________________________
Өнім_________________________________________________________________
Бұйымның қорытынды балы______________________________________________

Сараптамалық бағалау кестесі

Р/с №

Өлшемдер, талаптар, көрсеткіштер

Сарапшылар

Орташа балл



1

2

3

4

5

6

7

8

9

10


1

2

3

4

1

Отандық аналогпен салыстырғанда тұтыну қасиетінің деңгейі (1-10 балл)












2

Экспортқа шығарылатын өнімнің өндірілу көлемінен үлесі (10 % үшін 1 балл)












3

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда конкурсқа ұсынылған өнімді өндіру көлемінің артуы (10 % үшін 1 балл)












4

Тұтынушылар, мемлекеттік бақылау органдары, сатып алушы ұйымдар тарапынан сараптамалық расталған талаптардың болуы/ жоқтығы (0, 10 балл)












5

Тұтынушылардың, сатып алушы ұйымдардың пікірлері (республиканың түрлі өңірлерінен  және оның шегінен тыс жерлерден кемінде 10 ресми ресімделгендер) (0, 10 балл)












6

Қазақстандық және өңірлік шикізат пен материалдардың % пайдаланылуы (әрбір 10 % үшін 1 балл)












7

Сапа көрсеткіштерінің тұрақтылық деңгейі, сертификатталған менеджмент жүйесінің болуы (1-10 балл)












8

Маркетингтік саясат, бәсекеге қабілеттілікті басқару тиімділігінің деңгейі(1-10 балл)












9

Бұйымды дайындау кезінде пайдаланылатын жаңалықтар, технологиялар прогрессивтілігі («ноу-хаудың», өнер табыстарының, патенттердің болуы) (1-10 балл)












10

ҚР СТ 1010-2008 Тамақ өнімдері. Тұтынушыға арналған ақпарат. Жалпы талаптар. сақталуы/сақталмауы (0, 10 балл)












11

Өнімнің, орауыштың дизайны, эстетикалық қасиеттері (1-10 балл)












Бұйымның қорытынды балы (S (сомасы) орт. балл)


Жауапты адам (т.а.ә.)________________
Қолы_________________________________