«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Көмірдің және оны өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай еткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 17 шілдедегі
№ 731 қаулысымен
бекітілген
«Көмірдің және оны өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік процестерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті 1. Қолданылу саласы
1. Осы «Көмірдің және оны өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) көмірдің және оның қайта өңделген өнімдері мен үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Техникалық регламентте мыналар:
1) тас көмір, лигнит немесе қоңыр көмір (бұдан әрі - көмір), сұрыпталған және байытылған көмір, брикеттер мен агломерацияланған отынның ұқсас түрлері (бұдан әрі - олардың қайта өңделген өнімдері);
2) өнімді өндіру, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау және өткізу үдерістері техникалық реттеу объектілері болып табылады.
Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына (бұдан әрі - КО СЭҚ ТН) сәйкес көмірдің және оның қайта өңделген өнімдерінің тізбесі осы Техникалық регламентке 1-қосымшада келтірілген.
3. Оларды болдырмау керек болатын негізгі қауіпті факторлар (қауіп-қатерлер) мыналар болып табылады:
1) есту органдарына, нерв жүйесіне, ықыласты аударуға теріс әсер ететін нормативтік мәндерден артық өндірістік шудың болуы;
2) өндірістік үй-жайларда (цехтарда) рұқсат етілген деңгейлерден және адамға әсер ету уақытынан артық жалпы және жергілікті дірілдің болуы;
3) көмірде адам ағзасына жағымсыз әсер етуі мүмкін шекті рұқсат етілген мәндерден артық радиоактивтік сәулелену көздерінің болуы;
4) жұмыс аймағы ауасының тозаңдануы және газдануы;
5) жарылыс-өрт қауіптілігі, оның ішінде көмір мен көмір тозаңының өздігінен жануы;
6) тау-кен қысымының пайда болуы, көмір мен газдың кенеттен шығарындысы;
7) су мен ұлпаның атқылауы;
8) ауа кеңістігінің, беттік және топырақ сулардың ластануы, жер бетінің ластануы мен шөгуі, аудандар мен өңірлердің батпақтануы, жасанды жоғарылатылған сейсмикалықтың болуы, жер құнарлығының нашарлауы.
4. Көмірді және оның қайта өңделген өнімдерін сәйкестендіру дайындаушының құжаттарын (жер қойнауын пайдалану құқығына келісімшарт, қызмет түріне лицензия, жоба, технологиялық регламент, өнімге арналған стандарттау бойынша нормативтік құжат, өндірісті көмір өндіру және қайта өңдеу бойынша дамыту жоспары, қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат) тексеру және өнім үлгілерін сәйкестендіру көрсеткіштері, жіктелуі, кодталуы: технологиялық маркасы (тобы, кіші тобы), дәрежесі (санаты, кіші санаты), кесектер мөлшері, кодтық саны бойынша сынау жүргізу жолымен жүзеге асырылуға тиіс.
2. Терминдер мен анықтамалар
5. Осы Техникалық регламентте техникалық реттеу, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамалық, нормативтік құқықтық және өзге де актілерде белгіленген терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер пайдаланылады:
1) аварияларды жою жоспары - ұйымның, қауіпті өндірістік объектінің және авариялық-құтқару құрылымының лауазымды тұлғаларын хабардар ету және олардың іс-қимыл тәртібін, адамдардың авариялық және қауіп төндіретін учаскелерден шығу жолдары мен уақытын, адамдарды құтқару және аварияны жою жөніндегі құралдардың болу орындарын анықтайтын, адамдарды құтқару және аварияны жою жөніндегі іс-шаралардың жиынтығы;
2) агломерацияланған отын - жабысуды қамтамасыз ететін немесе онысыз, байланыстырғыш материал қосылған ұсақ бөлшектерді кесектеу үдерістерінде алынған отын;
3) байыту - минералдық шикізатты олардың алғашқы шикізаттағы құрамынан жоғары, шоғырланған пайдалы компоненттердің бөлінуі (ал қажет болғанда олардың өзара бөлінуі) мақсатында, оны өңдеудің әр түрлі технологиялық үдерістерінің жиынтығы;
4) байытылған көмір - ылғал немесе құрғақ көмірді байыту үдерісінде алынған көмір;
5) байытылмаған көмір - елеу немесе ұсату үдерістеріне түскен өндірілген көмір;
6) битуминозды көмір - 0,5 %-ға тең немесе одан астам, бірақ 2,0 %-дан кем витриниттің Rr шағылысу көрсеткіші бар орташа дәрежелі көмір;
7) брикеттеу - кейіннен қоспаны керекті мөлшерлі және пішінді брикеттерге нығыздап басу арқылы байланыстырушы заттарды қосып және
қоспай кесектер (брикеттер) алу үдерісі;
8) газ режимі — метан немесе сутегі бөлінуі бойынша қауіпті көмір кәсіпорындарында енгізілетін тәртіп;
9) дәреже (кіші санат) - көмірдің халықаралық жіктеу жүйесі бойынша генетикалық және физика-химиялық қасиеттерінің негізінде оның жетілгендігін көрсететін генетикалық қатарда орналасуы;
10) еленді — қатардағы көмірден бөлінген және байытуға түспеген, ірілігі 12,5 кем (13,25) миллиметр (бұдан әрі - мм) көмір;
11) електі талдау - көмірдің түйіршік өлшемді құрамын сынаманы електерде елеу жолымен анықтау;
12) жану жылулығы - отын массасы бірлігінің толық жануы кезінде бөлінетін жылудың мөлшері;
13) жоба - объектіні салуды, монтаждауды және пайдалануды жүзеге асыру үшін қажетті техникалық құжаттар кешені;
14) жұмыс аймағы - қызмет көрсетілетін алаң еденінің деңгейінен 2 метр (бұдан әрі - м) биіктіктегі кеңістік;
15) кенеттен шығарынды - жыныстың, көмірдің лақтырысымен, күшейтілген газ бөлінуімен жалғасатын, кен қазбасы забойының жанындағы алап бөлігінің өздігінен лезде бұзылуы;
16) кодтық сан - халықаралық кодтау жүйесі бойынша жіктеме параметрлері мәндерінің негізіндегі көмірдің сандық белгісі;
17) көмір - елеулі дәрежеде органикалық тектес, олардың биохимиялық, физика-химиялық және физикалық өзгерістері нәтижесінде басым бөлігінде қурап қалған өсімдіктерден түзілген қатты жанғыш шөгінді жыныс;
18) көмір және жыныс тозаңы - көмірді өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау үдерісінде түзілетін, мөлшері 0,5 мм-ден кем қатты заттардың ұсақ бөлшектері;
19) көмірді өндіру - жер қойнауынан көмірді алу бойынша өндірістік үдерістер кешені;
20) көмірді қайта өңдеу - берілген тұтыну қасиеттерін қамтамасыз ету мақсатында өндірілген көмірді өңдеудің технологиялық үдерісі (аяқталған циклді құрайтын тізбекті технологиялық үдерістердің жиынтығы);
21) көмірді сұрыптау - көмірдің тауарлық сыныптарын алу үшін кесек мөлшерлері бойынша бөлу үдерісі;
22) күлдің химиялық құрамы - күлдің құрамында оксидтерге қайта есептегенде негізгі элементтердің болуы;
23) қатардағы көмір - елеу, ұсату, байыту үдерістеріне түспеген өндірілген көмір;
24) штабель - дұрыс пішінге келтірілген көмір (кесілген (кесілмеген) түрдегі конус, пирамида және тағы басқа);
25) қатты отын - қатты жанғыш шөгінді жыныс (көмір, жанғыш тақта тастар) және оларды қайта өңделу өнімдері (сұрыпталған және байытылған көмір, брикеттер және агломерацияланған отын, кокс, жартылай кокс);
26) қауіпті жүк — кез келген заттар, материалдар, бұйымдар, өндірістік және өзге де қызметтің қалдықтары, олар өздеріне тән қасиеттеріне байланысты тасымалдау, тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу және сақтау кезінде техникалық құралдардың, құрылғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың жарылу, өртену немесе бүліну, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың өлім-жітімі, жарақаттану және ауыру себебі болуы, қоршаған табиғи ортаға зиян әкелуі мүмкін;
27) қауіпті қалдықтар — құрамында қауіпті қасиеттерге (уыттылыққа, жарылыс қауіптілікке, радиоактивтілікке, өрт қауіптілікке, жоғары реакциялық қабілеттілікке) ие зиянды заттар болатын және өзі немесе басқа заттармен байланысқа түскенде қоршаған орта және адамның денсаулығы үшін тікелей немесе әлеуеті қауіптілікті білдіруі мүмкін болатын қалдықтар;
28) қауіпті қалдықтар паспорты - қалдықтардың шығу орны бойынша түзілу үдерістерін, олардың сандық және сапалық көрсеткіштерін, олармен жұмыс істеу ережелерін, оларды бақылау әдістерін, бұл қалдықтардың қоршаған ортаға, адамның денсаулығына және (немесе) тұлғалардың мүлкіне зиянды әсер ету түрлерін стандартталған түрде сипаттайтын құжат, қалдықтарды өндірушілер, олардың меншігіндегі өзге де тұлғалар туралы мәліметтер;
29) өзінен-өзі жану - сырттан келетін жылу ағынына қарамастан ауа оттегісімен тотығу реакцияларының үздіксіз дамуы нәтижесінде көмірдің тұтануы;
30) өзінен-өзі тұтану - жалындық жанумен және/немесе жарылыспен жалғасатын экзотермиялық көлемді реакциялар жылдамдығының күрт ұлғаюы;
31) өзінен-өзі тұтану температурасы — қоршаған ортаның ең темен температурасы, ол кезде арнайы сынау жағдайларында заттың өзінен-өзі тұтануы байқалады;
32) өнеркәсіптік өнім - күлдің пайыздық құрамы бойынша көмір мен бос жыныстың арасында аралық болып табылатын көмірді байыту өнімі;
33) өнім сапасының куәлігі (паспорты) — дайындаушы (өнім беруші) жөнелтілген өнім партиясының сапасы мен мөлшерін куәландыратын құжат;
34) өрт-жарылыс қауіпсіздігі - заттардың жанудың пайда болуына және таралуына қабілеттілігін сипаттайтын олардың қасиеттерінің жиынтығы. Жану салдары, оның жүру жылдамдығы мен жағдайына қарсы өрт немесе жарылыс болуы мүмкін;
35) паспорт (тау-кен ісінде) - кен қазбасының параметрлерін көрсете отырып, тау-кен жұмыстарын жүргізу және тау-кен жабдықтарын өзара байланысқан түрде орналастыру тәртібін анықтайтын құжат;
36) сақтау мерзімі - сақтау ережелері сақталған жағдайда көмір өнімінің генетикалық және технологиялық қасиеттері сақталатын уақыт кезеңі;
37) санитарлық-қорғау аймағы - оның шекарасынан тыс әсер ету факторлары белгіленген гигиеналық нормативтерден аспайтын аумақ;
38) стандарттау бойынша нормативтік құжат - стандарттау бойынша қызметтің әр түрлеріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, қағидаттарды белгілейтін құжат;
39) сұрыпталған көмір - белгілі ірілік сыныбының көмір өнімін алу мақсатында елеу үдерісіне түскен көмір;
40) табиғи радионуклидтердің үлестік белсенділігі - заттағы табиғи радионуклидтер белсенділігінің зат массасына қатынасы;
41) тау-кен бөлінісі - оның шекарасында жер қойнауын пайдаланушы барлауды, пайдалы қазбаларды өндіруді, жер асты құрылыстарын салу мен пайдалануды жүзеге асыруға құқылы болатын жер қойнауының учаскесі;
42) тау-кен қысымы - тау-кен қазбасын қоршаған алапта пайда болатын, тау-кен жұмыстарын жүргізумен байланысты кернеулер, күштер;
43) тау-кен соққысы - көмірдің (жыныстың) жер асты қазбаларына лақтырындысы түрінде көрінетін тау-кен қазбасына жанама тау жыныстары алабының шекті көрнеуленген бөлігінің жылдам болатын бұзылуы;
44) техникалық талдау - құрамында ылғал, күл, ұшпа заттар және байланысқан көміртегі болуы көрсеткіштерінде берілген көмірді талдау;
45) технологиялық марка (топ, кіші топ) - генетикалық белгілері және технологиялық сипаттамалары бойынша жақын көмір түрлерінің шартты белгісі;
46) технологиялық регламент - оңтайлы технологиялық режимді, технологиялық үдеріс операцияларын жүргізу тәртібін айқындайтын, өнімді талап етілетін сапамен шығарылуын, қауіпсіз пайдаланылу шарттарын, қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін құжат;
47) технологиялық схема - технологиялық операциялар және өндіру және қайта өңдеу өнімдерінің ағындары қозғалысының жалғаспалылығы;
48) тозаңды-газ режимі - газ және жарылғыш тозаң бойынша қауіпті көмір кәсіпорындарында енгізілетін тәртіп;
49) тотыққандық көрсеткіші - көмір затының химиялық өзгерістерін және ыдырауын сипаттайтын көрсеткіш;
50) тұтану - тұтандыру көзінен от алған және оны алып тастағаннан кейін де жалғасатын заттың жалындап жануы;
51) тұтану температурасы - көмір затының ең төмен температурасы, ол кезде арнайы сынау жағдайларында ыстық булар мен газдар оларды тұтату көзі әсер еткенде тұтану байқалатын жылдамдықпен бөлінеді;
52) түйіршік өлшемді құрам - көмір кесектерінің өлшемі бойынша сандық сипаттама;
53) шекті рұқсат берілген шоғырлану (бұдан әрі - ШРШ) — көлем бірлігіндегі зиянды химиялық заттың ең көп мөлшері, ол күнделікті әсер еткен, кезде ұзақ уақыт бойы адам ағзасында зиянды әсер етпейді, қазіргі заманғы зерттеу әдістерімен байқалады; қоршаған ортаның (жұмыс аймағы ауасының, атмосфералық ауаның, су объектілері мен топырақтың) санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйін бағалау кезінде генетикалық өлшемдер болып табылады;
54) шлам - көмір байыту фабрикаларының суларында байыту нәтижесінде түзілетін, ірілігі 0,5 (1) мм-ден кем ұсақ бөлшектер;
55) элементтік талдау - құрамында күл, көміртегі, сутегі, азот, күкірт және оттегі болуы көрсеткіштерімен берілген көмірді талдау.
3. Өнімнің Қазақстан Республикасы нарығында айналым шарттары
6. Көмір және оның қайта өңделген өнімдерін нарықта орналастыру кезінде олар осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келуі тиіс.
7. Өткізу нарықтарында айналымға шығарылатын көмір және оның қайта өңделген өнімдері сапа куәлігімен (паспортымен) қамтамасыз етуге тиіс.
8. Өнім сапасы куәлігінің (паспортының) құрамында мынадай ақпарат болуға тиіс:
1) өнімнің атауы және тұтыну түрі;
2) өнімнің дайындалған елі және орны;
3) дайындаушының (жеткізушінің) атауы және заңды мекен-жайы;
4) өнімге арналған нормативтік құжаттың атауы және белгіленуі;
5) партия нөмірі;
6) массасы (брутто);
7) өнімнің дайындалған күні;
8) сақтау мерзімі;
9) КО СЭҚ ТН және Экономикалық қызмет түрлері жөніндегі өнім сыныптаушысы (ЭҚТ ӨС кодтары);
10) технологиялық маркасы (тобы, қосымша тобы);
11) дәрежесі (санаты, кіші санаты);
12) кесектер мөлшері;
13) кодтық саны;
14) сәйкестікті растау құжаты туралы мәліметтер.
4. Көмір және оның қайта өңделген өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
9. Көмір және оның қайта өңделген өнімдері осы Техникалық регламентке 2-қосымшада көрсетілген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
10. Көмірдің және оның қайта өңделген өнімдерінің радиациялық қауіпсіздігінің нормалары осы Техникалық регламентке 3-қосымшада келтірілген.
Көмір және оның қайта өңделген өнімдері радиациялық қауіптіліктің 1-сыныбына жатқызылуға тиіс. Табиғи радионуклидтердің меншікті белсенділігінің ең аз маңызды үлестік белсенділігінің қатынастарының жиынтығы бір бірліктен аспауы тиіс. Табиғи радионуклидтердің үлестік белсенділігінің ең аз маңызды үлестік белсенділікке қатынастарының жиынтығы бір бірліктен артық болатын көмір және оның қайта өңделген өнімдерін шаруашылық қызметінде пайдалануға болмайды.
Көмірдің және оның қайта өңделген өнімдерінің күлі табиғи радионуклидтердің тиімді үлестік белсенділігіне байланысты әр түрлі бағыттарда пайдаланылуы мүмкін.
11. Көмірдің және оның қайта өңделген өнімдерінің жанғыштығын және өрт-жарылыс қауіпсіздігін сипаттайтын көрсеткіштер тұтану температурасы және өзінен-өзі тұтану температурасы болып табылады.
Көмір және оның қайта өңделген өнімдері өзінен-өзі жануға, сондай-ақ тұтату көзі әсер еткенде жануға және оны жойған соң өз бетімен жануға қабілетті, «жанғыштар (жанушылар)» тобына жатады.
Көмірдің және оның қайта өңделген өнімдерінің тұтану температурасы 120 0С-ға болуға тиіс.
Көмірдің және оның қайта өңделген өнімдерінің өзінен-өзі тұтану температурасы кемінде 50 0С болуға тиіс.
12. Көмір және оның қайта өңделген өнімдері тотығуға және өзінен-өзі жануға бейімділігімен сипатталады.
Көмірді және оның қайта өңделген өнімдерін тотығуға және өзінен-өзі тұтануға бейімділігі бойынша жіктеме және оларды сақтаудың шекті мерзімдері осы Техникалық регламентке 4-қосымшада берілген.
13. Көмір және оның қайта өңделген өнімдері тозаң-ауалық жарылыс қауіпті қоспаларын түзуі мүмкін.
Тозаң-ауа қоспаларының жарылыс қауіптілігі қоспаның ылғалдылығына, тозаңның ірілігіне, отын қабатына ауаның кіруіне, қоршаған ортаның және отынның температурасына, оның табиғи қасиеттеріне байланысты болады.
Құрамында мөлшері 0,2 мм-ден кем көмір бөлшектері бар тозаң-ауа қоспасы аса жарылыс қауіпті болып табылады.
Көмір және оның қайта өңделген өнімдерінің жарылыс қауіптілігін бағалау үшін отынның жарылғыштық өлшемдері мен жарылыс қауіптілігінің топтары 5-қосымшаға сәйкес анықталуы тиіс, онда олар үшін жарылысты ескертудің және жарылыстан қорғаудың қажетті құралдары белгіленген.
Тозаң жарылғыштығының өлшемдерін есептеу үшін бастапқы деректер мыналар болып табылады:
1) көмір мен тозаңды електі талдау;
2) техникалық талдау;
3) элементтік талдау;
4) жану жылулығы.
14. Көмір және оның қайта өңделген өнімдерінің сапасы қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптарға сәйкес болуға тиіс.
Көмірді өндіру, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау және пайдалану кезінде экологиялық талаптарды орындау, ауадағы ластайтын және зиянды заттардың, парниктік газдар шығарындыларының және қоршаған ортаға эмиссиялардың ШРШ талдау және есептеу үшін бастапқы деректермен қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар осы Техникалық регламенттің 14-тармағында көрсетілген көрсеткіштерді (көмір мен тозаңды електі талдау, техникалық талдау, элементтік талдау, жану жылулығы) және күлдің химиялық құрамын анықтауды белгіленген мерзімдерде жүргізу қажет.
15. Көмір және оның қайта өңделген өнімдерінің сапасы тасымалданатын жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс.
Көмір және оның қайта өңделген өнімдері бар жүктердің қауіпсіздігін сипаттайтын көрсеткіштер мыналар болып табылады:
1) сақтау мерзімі;
2) тұтану температурасы;
3) өзінен-өзі тұтану температурасы;
4) жарылыс қауіпі тобы.
Келтірілген көрсеткіштердің мәндері осы Техникалық регламентке 4, 5-қосымшаларда және 12-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
5. Көмірді өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
5.1 Көмірді өндіру мен қайта өңдеудің өндірістік үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар
16. Көмірді өндіру және қайта өңдеу үдерістері жобаларға, технологиялық регламенттерге және паспорттарға сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
Жобалардың құрамында құрылыстардың жер үстіне орналастыру; көмірді өндірудің және қайта өңдеудің технологиялық үдерістерін, технологиялық жабдықтарды, желдету, өндірістік үдерістерді механикаландыру, автоматтандыру құралдарын қолдану; өндіріс қалдықтарын қоймаландыру; жоспарланатын қызметтің қоршаған ортаға әсер ету қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптар болуға тиіс.
17. Көмірді өндіру және қайта өңдеу кәсіпорындарында адамдарды құтқару және авариялардың пайда болуының бастапқы кезеңінде оны жою үшін қолда бар барлық қажетті күштер мен құралдарды дереу іске қосуды көздейтін аварияларды жою жоспары жасалуға тиіс.
18. Көмір кәсіпорындарында қолданылатын технологиялық жабдықтар және техникалық құрылғылар адам өмірінің, денсаулығының қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге тиіс.
19. Жабдықтардың функционалдық мақсатына орай қоршалуы мүмкін емес болатын бөліктерін қоспағанда, олардың қозғалатын, айналатын бөліктерінің қорғаныш қоршауы болуға тиіс.
20. Қолданылатын электр жабдықтары, кабельдер және электрмен жабдықтау жүйелері жұмыс істеушілердің электр қауіпсіздігін, сондай-ақ жарылыс және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс.
21. Жұмыс орындарындағы шу деңгейлері осы Техникалық регламентке 6-қосымшада келтірілген шекті рұқсат етілген мәндерден артық болмауға тиіс.
22. Жұмыс орындарындағы діріл деңгейлері жабдықтар жұмыс істеген кезде осы Техникалық регламентке 7-қосымшада келтірілген шекті рұқсат етілген мәндерден артық болмауға тиіс.
23. Кәсіпорындарда кешенді тозаңсыздандыру көзделуге тиіс.
Технологиялық жабдықтар және техникалық құрылғылар тозаң-жарылыстан қорғау жабындарымен және тозаңды басу құралдарымен жарақталуға тиіс.
24. Тозаң немесе газ жарылыстары бойынша қауіпті көмірді өндіру және қайта өңдеу кәсіпорындарында тозаң-газ режимі белгіленуге тиіс.
Газ тозаңды режим еденнің, қабырғаның және жабдықтардың бетінде өлшенген күйінде ауада жарылыс қауіпті шоғырлану тудыруы мүмкін көмір тозаңының шегуін болдырмайтын, сондай-ақ метан мен зиянды газдар жиналуын, жабдықтардың ішінде жарылыс және үй-жайда жарылыс өнімдерінің шығарындысы пайда болуын ескертетін талаптардың орындалуын көздеуі тиіс.
25. Адам ағзасына әсер ету дәрежесі бойынша жұмыс аймағының ауасындағы тозаң мөлшерінің шекті рұқсат берілген шоғырлануы (ШРШ) осы Техникалық регламентке 8-қосымшада келтірілген. Жұмыс аймағындағы тозаңның мөлшері қауіптіліктің 3-сыныбынан (орташа қауіпті) немесе қауіптіліктің 4-сыныбынан (аз қауіпті) жоғары болмауы тиісті емес.
26. Жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың мөлшері осы Техникалық регламентке берілген 9-қосымшада келтірілген ШРШ аспауы тиіс.
27. Көмірдің радиоактивтілігін алдын ала бағалау кен орнын барлау сатысында ашық карьер, ұңғыма забойындағы қабатқа арналған гамма-каротаж немесе беттік түсіру материалдары бойынша анықталатын гамма-сәуле шығарудың балама мөлшерінің қуаты мәндерінің негізінде жүргізіледі.
Жеке жылдық тиімді мөлшер - 10 микрозиверттен, ал ұжымдық тиімді жылдық мөлшер 1 адам-зиверттен артып кетпеуі тиіс.
Гамма-сәуле шығарудың балама мөлшерінің қуатын анықтау нәтижелері бойынша тексерілетін объект біртекті учаскелерге бөлінеді.
Егер гамма-сәуле шығарудың балама мөлшерінің қуатын өлшеу нәтижелері оның барлық беті бойында орташадан 30%-ға артық емес болса, кенорны, қабат табиғи радионуклидтердің мөлшері бойынша біртекті болып саналады.
Табиғи радионуклидтердің мөлшері бойынша біртексіз учаскелерді айқындаған кезде, кенорнын игеру және пайдалану арнайы әзірленген жоба бойынша іріктеп алу ескере жүргізіледі.
Кен орындарының табиғи радионуклидтердің мөлшері бойынша біртекті аудандары шаруашылық жүргізуші субъектілердің жобалық және нормативтік құжаттарында көрсетілуі тиіс жеке учаскелерге жиектеледі.
5.2 Көмірді жер асты тәсілімен өндіру
28. Көмірді жер асты тәсілімен ендіру үңгілеу, алу учаскелерінде, жерасты қазбаларын жүргізу және бекіту, бұрғылау-жару жұмыстарын орындау, шахталарды желдету, кен массасын тасымалдау және адамдарды тасу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
29. Лақтырынды қауіпті және соққы қауіпті қабаттарды, сондай-ақ лақтырынды қауіпті жыныстары бар қойнауқаттарды өңдеу кезінде көмірдің, жыныстың және газдың оқыс лақтырындыларын және тау соққыларын болдырмау бойынша талаптар орындалуы тиіс.
30. Қауіпті және лақтырындылары мен тау соққылары бойынша қауіп төндірілетін қойнауқаттарды ашуға, тазарту және дайындық жұмыстарын забой лақтырынды қауіпті емес және соққы қауіпті емес күйде болған немесе оған келтірілгенде жағдайда жүргізуге рұқсат етіледі.
31. Өзінен-өзі жануға бейімді көмір қабаттарын қазатын шахталарда көмірдің өзінен-өзі қызуының (өзінен-өзі жануының) ерте белгілерін бақылау ұйымдастырылуы тиіс.
32. Жерасты қазбаларында және шахта үстіндегі ғимараттарда оңай тұтанатын материалдарды қолдануға және сақтауға тыйым салынады.
33. Өрт белгілері байқалған кезде апаттарды жою жоспары қолданысқа енгізілуі тиіс.
34. Өрт пайда болған сәттен бастап және оны сөндіру аяқталғанға дейін шахта атмосферасының құрамын тексеру және кен-құтқару жұмыстарын жүргізу орындарында температураны бақылау жүзеге асырылуы тиіс.
35. Шахталар тұрақты және сенімді желдеткішпен жабдықталуы тиіс.
36. Қолданыстағы кен қазбаларының ауасындағы оттегінің мөлшері кемінде 20%-ды (көлемі бойынша) құрауы тиіс.
37. Кеніш ауасындағы метанның мөлшері осы Техникалық регламентке 10-қосымшада келтірілген нормаларға сәйкес келуі тиіс.
38. Дегенмен бір жерінде метан байқалған шахталар газ бойынша қауіпті шахтаға жатады. Оларда метан бөлінетін (бөлінген) шахталар толығымен газ режиміне ауыстырылуы тиіс.
Көмір шахталарында метанның шоғырлануын бақылау метан бөлінетін немесе жинақталатын қазбалардың барлығында жүзеге асырылуы тиіс.
39. Желдету құралдарымен ауадағы метанның мөлшерін белгіленген нормалар шегінде қамтамасыз ету мүмкін болмайтын газ шахталарында газсыздандыру жүзеге асырылуы тиіс.
40. Кеніш ауасындағы көмірқышқыл газының мөлшерін жұмыс орындарында және алу бөліктері мен тұйық қазбалардың шығатын ағыстарында - 0,5 %-дан артық болмауы, қабаттың және тұтас алғанда шахтаның, қанаттың шығатын ағысы бар қазбаларда - 0,75 %-дан артық емес, үйінді бойынша қазбаларды жүргізу және қалпына келтіру кезінде 1 %-дан артық болмауы тиіс.
41. Қолданыстағы жерасты қазбаларының ауасында зиянды газдардың (булардың) мөлшері осы Техникалық регламентке 11-қосымшада көрсетілген шекті рұқсат берілген шоғырланудан аспауы тиіс.
42. Шахталарды желдету кезіндегі ауа жылдамдығы кемінде:
барлық шахталардың тазарту қазбаларының забой жанындағы кеңістіктерінде, газ шахталарының тұйық қазбаларында және жалпы шахталық тоқырау есебінен желдетілетін шахтаның қалған қазбаларында - 0,25 метр бөлінген секунд (бұдан әрі - м/с);
метан бойынша III санатты және одан жоғары шахталарда, көмір және аралас забойлар бойынша, сондай-ақ қазылған кеңістікпен байланысы бар барлық жүргізілетін кен қазбаларында және жойылатын қазбаларда - 0,5 м/с;
оқпандар мен шурфтарды үңгілеу және тереңдету кезінде, газдық емес шахталардың тұйық қазбаларында - 0,15 м/с болуы тиіс.
43. Тұрақты жұмыс орындарындағы және шахталардың жерасты қазбаларындағы ауа температурасы + 16 0С-дан кем емес және +26оС-дан көп емес болуы тиіс.
44. Әрбір шахтада ауаны тозаңсыздандыру бойынша талаптар орындалуы тиіс.
45. Кен массасын уатуға және тасымалдауға арналған тау-кен машиналары барынша аз тозаң түзілуін қамтамасыз етуі тиіс.
46. Тазарту жұмыстарын жүргізу кезінде, сондай-ақ орташа қуатты және қалың қабаттар бойынша таңдау әрекетті комбайндармен қазу жұмыстарын жүргізу кезінде алаптағы көмірді алдын ала ылғалдандыру қолданылуы тиіс.
47. Қабылдау бункерлері, төңкергіштер, скиптерді түсіруге және тиеуге арналған құрылғылар кен массасының төгілуін болдырмау және одан тозаңды үрлеу құрылғыларымен жабдықталуы тиіс.
48. Тозаң жарылыстары бойынша қауіпті қабаттарды қазатын шахталарда инертті тозаңды (тақта тасты тозаң-жарылыстан қорғау), суды (су-тозаң-жарылыстан қорғау) немесе суды және инертті тозаңды (аралас тозаң-жарылыстан қорғау) қолдануға негізделген көмір тозаңының жарылыстарын ескерту және жайылтпау бойынша талаптар орындалуы тиіс.
49. Судың бұзып өтуі бойынша қауіпті аймақтардағы тау-кен жұмыстары су мен зиянды газдардың қолданыстағы қазбаларды бұзуын болдырмау бойынша шараларды көздейтін жобаға сәйкес жүргізілуі тиіс.
50. Қауіпті аймақтардың шекараларын шахтаның маркшейдерлік және геологиялық қызметтері жасауы тиіс, олар қауіпті аймақтарды дер кезінде анықтайды, есепке алады және маркшейдерлік құжаттамаға түсіреді.
51. Адамдарды тасымалдау, кен массасын және жүктерді тасымалдау көлік және көтеретін техникалық құралдарды, технологияларды қолдану және апаттардың пайда болуын болдырмайтын жұмыстарды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
52. Адамдар мен жүктерді тік және көлбеу қазбалар бойымен көтеру мен түсірудің барынша үлкен жылдамдықтары осы Техникалық регламентке берілгөн 12-қосымшада келтірілген шамалардан аспауы тиіс.
5.3 Көмірді ашық тәсілмен өндіру
53. Көмірді ашық тәсілмен өндіру аршу және өндіру жұмыстары, тау-кен жабдықтары және көлік құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
54. Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде тау жыныстарының таралу шекараларын және деформацияларының түрін белгілеу, деформацияның жылдамдығы мен шамасын анықтау, ығысудың ауыспалы шамасын анықтау мақсатында ернеулердің, орлардың, кертпештердің, беткейлер мен үйінділердің жағдайын маркшейдерлік және геофизикалық бақылау жүзеге асырылуы тиіс.
55. Көшкін қауіпті және сел қауіпті аймақтарда жұмыс жүргізген кезде қар көшкіндерінен және су тасқындарынан қорғау бойынша шаралар жүзеге асырылуы тиіс.
56. Гидротехникалық ғимараттар (бөгеттер, арнаны қайтаратын және ордегі орлар, платиналар) тасқын және нөсер суларын өткізуді қамтамасыз етуі тиіс.
57. Кен қазбалары беткейлерінің және үйінділерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, көмір мен қазылатын жыныстардың ылғалдылығын төмендету, кен-көлік жабдықтарының жұмысына қауіпсіз жағдайларын жасау үшін суды құрғату жүйесінің әсер ету аймағынан тысқары жерге суды бұруға арналған құрылыстар көзделуі тиіс.
58. Разрездерде бұрғылау-жару жұмыстары жұмыстарды ұйымдастыру және зарядтарды қоздыру тәсілдері, зарядтарды, оқ-дәрілерді және жарылғыш материалдарды пайдалану, қауіпті аймақты анықтау, жарылыс жұмыстары ауданын желдету бойынша қауіпсіздік талаптарын сақтау арқылы жүргізілуі тиіс.
5.4 Көмірді аралас тәсілмен өндіру
59. Көмірді аралас тәсілмен өндіру өзара келісілген көмір разрездері мен шахталардың жобалары және тау-кен жұмыстарын ашық және жерасты өндіру жоспары бойынша жүзеге асырылуы тиіс.
Көмір кен орнын аралас тәсілімен қазу кезінде жерасты және ашық тәсілмен өндіру үдерістеріне жататын қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс.
60. Тау-кен жұмыстарын жүргізу шебі мына бағыттарда орналасуы тиіс:
ашық жұмыстар кезінде - жерасты тазарту жұмыстарын дамыту шебіне қарсы;
жерасты тазарту жұмыстары кезінде - алаптан разрезге.
61. Кен орнын ашық және жерасты тәсілдерімен аралас қазуды жүргізетін кәсіпорындар Авариялық құтқару қызметімен бірлесіп, оларға газдардың өтуі, судың бұзуы, кен алабының түрін өзгертуі мүмкін қауіпті аймақтардың шекараларындағы тау-кен жұмыстары учаскелерін (орындарын) анықтауы және көрсетілген учаскелердегі жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін іс-шаралар әзірлеуге тиіс.
62. Жерасты қазбаларының немесе карстарының болуы себепті, ықтимал опырылып құлау немесе құлаған жердің аймақтарында шахталар мен разрездердің маркшейдерлік қызметтері карьер ернеулері мен топырағының жай күйіне аспаптық бақылау жүргізуі тиіс.
63. Ашық және жерасты тау-кен жұмыстары арасындағы сақтандырғыш кен діңгекті қазу карьердің кендіңгегінен ернеулердің құлауын болдырмайтын және жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шараларды орындау кезінде жүзеге асырылуы тиіс.
5.5 Көмірді қайта өңдеу
64. Көмірді қайта өңдейтін кәсіпорындарда (сорттау, байыту, брикеттеу) тозаң-газ режимі белгіленуге тиіс.
65. Кәсіпорындарда:
үй-жайлардың ауасындағы метанның мөлшерін;
үй-жайлардың ауасындағы және атмосфераға шығарындыларда тозаңның мөлшерін;
үй-жайлардың ауасындағы (СО және СО2) мөлшерін;
үй-жайларда тозаңның шөгуіне бақылау ұйымдастырылуы тиіс.
66. Көмірді қабылдау, көмірді дайындау, дайын өнімді кептіру және тиеу, көмірді байытудың алдында пневматикалық айыру, құрғақ жіктеу және тозаңсыздандыру учаскелерінде жұмыс аймағының ауасындағы тозаңның шоғырлануы 8-қосымшаға сәйкес ШРШ деңгейінде сақталуы тиіс.
67. Шикізатты және дайын өнімді ұсатқыштарда, транспортер таспаларында, електерде тиеу, түсіру және қайта төгу орындары аспирациялық жабындармен және тозаңсыздандыру жүйелерімен жабдықталуы тиіс.
68. Аспирациялық жүйелермен жабдықталған барлық құрылыстардың кірме ағындық желдеткіші болуы тиіс.
69. Үй-жайлардың ауасындағы метанның мөлшері 2 %-дан көп болмауы тиіс.
70. Көмірді қайта өңдеу кезінде пайдаланылатын реагенттер жабық қоймаларда металл резервуарларда және тікелей күн сәулесінен және атмосфералық жауын-шашыннан қорғайтын қалқаның астында цистерналарда сақталуы тиіс.
71. Түйіспелік күбілерге, флотациялық машиналарға және басқа агрегаттарға реагенттерді беру реагенттердің еденге, топыраққа түсуін болдырмайтын жабық коммуникациялар бойынша жүзеге асырылуы тиіс.
72. Реагенттерді тұтыну орнына жеткізу және түсіру механикаландырылған болуы тиіс.
73. Електеу, ұсату және центрифугаларда шламды құрғату учаскелерінде шудан қорғау үшін дыбысты оқшаулау кабиналарынан технологиялық үдерістің барысын қашықтан бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс, қызмет көрсететін жұмысшылар есту органын жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.
74. Вакууммен жұмыс істейтін жабдықтар (вакуум-сорғылар, ресиверлер, торлар, үлестіру бастиегі, ысырмалар, магистральдық желілер) тұмшалануы тиіс.
75. Қысымның астында болатын құбырлар мен ыдыстарда қысымды бақылау аспаптары және сақтандыру клапандары орнатылуы тиіс.
76. Сыртқы тұндырғыштар құрылғысы жұмыс істеп тұрған немесе жобаланатын өнеркәсіптік ұйымдар мен елді мекендер орналасқан ауданда ауа бассейнінің тазалығын, сондай-ақ ашық су айдындарына төгілетін өндірістік сулардың тазалығын қамтамасыз етуі тиіс.
77. Қалдық қоймасының үстіңгі қабатының тозаңдануын болдырмау үшін оның бекіту бойынша шаралар жүзеге асырылуы тиіс: қабық түзетін заттарды салу, шөптер, өсімдіктер егу және т.б.
78. Кептіру жолдарының тозаң шөгіп қалатындай учаскелері, қаптары және тұйықталған жерлері болмауы тиіс.
79. Газ жолдарының қабатқа көлбеу бұрышы кемінде 45 болуы тиіс.
80. Кептіру қондырғысының жолында және кептірілген көмір конвейерлерінде жану ошақтары табылған кезде буды беру не автоматты өрт сөндіру жүйесін қосу ие қолда бар өрт сөндіру құралдарымен люктер арқылы жану және бықсу ошақтарын сөндіру қажет.
5.6 Көмірді сақтау және тасымалдау қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
81. Көмірді және оның қайта өңделген өнімдерін сақтау өрттер мен жарылыстардың пайда болуын, қоршаған ортаның ластануы мен зақымдалуын болдырмайтын шараларды сақтап, суландыруға ұшырамаған, арнайы жабдықталған қоймалар мен құрғақ алаңдарда жүзеге асырылуы тиіс.
82. Өзінен-өзі тұтанатын көмірді сақтауға арналған қоймалар мен алаңдар жанатын құрылыстардан кемінде 8 м қашықтықта орналасуы тиіс.
83. Қойма шаруашылығын орналастыру мен тасымалдау операцияларын ұйымдастыру ауа бассейні мен өндірістік алаңның ластануын болдырмайтын тәсілдер мен құрылғыларды пайдаланып, механикаландырылған беруді, тиеуді және түсіруді қамтамасыз етуі тиіс.
84. Түсірілген көмірдің пішінсіз үймелерде және үйіндімен 2 тәуліктен көп емес қауіпсіз сақтауға рұқсат етіледі.
85. Көмірдің ұзақ сақталу кезеңінде кәсіпорын штабельдің температуралық күйіне бақылау жүргізуі тиіс. Температураны өлшеу жиілігі көмірдің өзінен-өзі жануға бейімділігіне байланысты.
Штабельде көмір аумалы температурадан 2 0С-дан артық қызған кезде өзінен-өзі жану ошақтарын жою үшін шаралар қабылдануы тиіс.
86. Көмірді қоймаға бергенде, штабельге салғанда және кері бергенде көмірдің ұсақталуын азайту және оның тозаңдануын болдырмау бойынша шаралар көзделуі тиіс.
87. Көмірдің штабельде қызуын және өзінен-өзі тұтануының алдын-алу үшін:
1) алдын ала көмірді тұтынушыларға штабельдің жаңартылатын бөлігінен ескі көмірді толық тиеп беріп, штабельдегі ескі көмірді жаңа өндірілген көмірмен дүркін-дүркін ауыстыру;
2) кейіннен көмірді қабаттық және беттік тығыздау арқылы штабельді қабаттық қалыптастыру кезінде тотығуға және өзінен-өзі жануға бейім көмірдегі тотығу үдерістерін және онымен байланысты зиянды газдардың бөлінуін баяулатуды оларға ерітінділер, су эмульсиялары, суспензиялар немесе құрғақ реагенттер түріндегі ингибитор-антитотықтырғыштарды енгізу жолымен жүзеге асыру.
3) көмірді штабельді салу кезінде көмірдің салмағына суспензияның 3 салмақтық пайызы есебінен сөндірілген әктастың 2-3 %-дық сулы суспензиясымен біркелкі дымқылдандыру. (Бұл ретте күлділік 0,06 %-дан көп аспауы тиіс).
88. Көмір штабельдерінде пайда болған температурасы 35оС-дан жоғары көмірдің өзінен-өзі қызу ошақтары табылған кезде қызған көмір штабельден темір жол вагондарына және басқа көлік құралдарына дереу тиеледі. Мұндай тиеу мүмкін болмаған кезде қызу ошақтары ауданында көмір қосымша тығыздалады.
89. Көмірдің температурасы жоғарылуын жалғастырып, 50оС-ға жеткен жағдайда, бүкіл қызған көмірді бос орында биіктігі 1,5 м-ден көп емес жеке штабельдерге салып, оны штабельден жоюға дереу кірісу қажет.
90. Газ бойынша қауіпті көмірге арналған жабық қоймаларды пайдаланған кезде жерасты бөлігінде метанға ауысым сайын бақылау жүргізу қажет.
91. Жыныстардың өзінен-өзі жануы мүмкін ошақтарын табу және өзінен-өзі жануының алдын-алу бойынша шараларды дер кезінде қабылдау мақсатында үйінділердің жылулық күйін бақылау жүргізілуі тиіс.
Температураны өлшеу жер бетінен 0,5 м тереңдікте жүргізіледі.
92. Агломерацияланған отын салқындатылған (45 оС көп емес), мұздатылмаған түрде тасымалдануы, бір-бірінен оңай бөлінуі, үгітілмеуі тиіс.
93. Көмірді төменгі түсіру люктері бар жартылай вагондарға тиеудің алдында бар саңылауларды, оның ішінде олар арқылы тасымалдау кезінде сыныбы 13 мм-ден кем көмірдің төгілуі мүмкін болатын конструкциялық саңылауларды тығыздау бойынша шаралар қабылдау қажет.
94. Көмірді және оның қайта өңделген өнімдерін көліктің әр алуан түрлерімен тасымалдау қауіпсіз болуы және осы Техникалық регламенттің 15-тармағының талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
95. Олардың қызмет ету үдерісінде қалдықтар түзілетін көмірді өндіретін және қайта өңдейтін кәсіпорындар, олармен қауіпсіз жұмыс істеу шараларын ескеруі, экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауы және оларды кәдеге жарату бойынша іс-шараларды орындауы тиіс.
6. Өнімнің сәйкестігін растау
96. Өнімнің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысымен бекітілген, «Сәйкестікті растау тәртіптері» Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Көмірдің және оның қайта өңделген өнімдерін сәйкестендіру және сәйкестігін растау стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес аккредиттелген сынау зертханаларында үлгілерді сынау нәтижелерінің негізінде жүргізілуі тиіс.
7. Техникалық регламенттің күшіне ену мерзімдері және шарттары
97. Осы Техникалық регламент қолданысқа енгізілген сәттен бастап Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы нормативтік актілер Техникалық регламентіне сәйкес келтірілгенге дейін Техникалық регламентке қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
98. Осы Техникалық регламенттің талаптарын орындау үшін қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде қалыптастырылатын өзге де құжаттар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен үйлестірілуге жатады.
99. Орталық және жергілікті атқарушы органдар өздерінің нормативтік құқықтық актілерін осы Техникалық регламентке сәйкес келтіруді, сондай-ақ оларды бейімдеп енгізуді қамтамасыз етсін.
100. 2-қосымшада көрсетілген, көмірді және оның қайта өңделген өнімдері үшін күлділік топтары бойынша нормалар:
3-топ - 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін;
2-топ - 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
101. Осы Техникалық регламент алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Көмірдің және оны өндірудің,
қайта өңдеудің, сақтаудың және
тасымалдаудың өндірістік
үдерістерінің қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар»
техникалық регламентіне
1-қосымша
«Көмірдің және оны өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті талаптары қолданылатын көмір тізбесі
КО СЭҚ ТН коды |
Позиция атауы |
Өнім атауы |
2701 |
Тас көмір; тас көмірден алынған брикеттер, шекем тастар және қатты отынның ұқсас түрлері: |
Тас көмір |
2701 12 |
битумды көмір |
тас көмір |
2701 12 100 0 |
кокстелген көмір |
|
2701 12 900 0 |
басқа |
|
2701 19 000 0 |
басқа да көмір |
|
2701 20 000 0 |
брикеттер, шекем тастар және тас көмірден алынған қатты отынның ұқсас түрлері |
брикеттер, шекем тастар және тас көмірден алынған агломерацияланған отынның ұқсас түрлері |
2702 |
гагаттан басқа лигнит немесе, агломерацияланған немесе агломерацияланбаған қоңыр көмір |
агломерацияланған немесе агломерацияланбаған лигнит немесе қоңыр көмір |
2702 10 000 0 |
тозаң түріндегі немесе тозаң түріндегі емес, бірақ агломерацияланбаған лигнит немесе қоңыр көмір |
лигнит немесе қоңыр көмір |
2702 20 000 0 |
агломерацияланған лигнит немесе қоңыр көмір |
брикеттер, шекем тастар және лигниттен немесе қоңыр көмірден алынған агломерацияланған отынның ұқсас түрлері |
«Көмірдің және оны өндірудің,
қайта өңдеудің, сақтаудың және
тасымалдаудың өндірістік
үдерістерінің қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар» техникалық
регламентіне
2-қосымша
Көмірдің және оның қайта өңделген өнімдерінің қауіпсіздігін сипаттайтын көрсеткіштердің нормалары
Өнім көрсеткішінің атауы |
Өнімге арналған норма |
1. Аd күлділігі,%, артық емес: |
|
1-топ |
29,5 |
2-топ |
38,0 |
3-топ |
45,0 |
2. Жалпы күкірттің массалық үлесі Sdt,%, артық емес |
3,0 |
3. Хлордың массалық үлесі C1d, %, артық емес |
0,4 |
4. Күшәннің массалық үлесі Аsd, %, артық емес |
0,01 |
«Көмірдің және оны өндірудің,
қайта өңдеудің, сақтаудың және
тасымалдаудың өндірістік
үдерістерінің қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар» техникалық
регламентіне
3-қосымша
Қатты отынның радиациялық қауіптілігінің нормалары
Қатты отынның радиациялық қауіптілігі сыныбы |
Қатты отындағы табиғи радионуклидтердің меншікті белсенділігінің ең аз мәнді меншікті белсенділігіне - қатынастарының сомасы, (МММБ,Сқ.0Т., бірл.) |
Қатты отынды қауіпсіз пайдалану шарттары |
I |
<1 |
Қатты отынды шаруашылық қызметте пайдалануға ешқандай шектеулер енгізілмейді |
II |
>1 |
Қатты отынды шаруашылық қызметте пайдалануға тыйым салынған |
Қатты отын күлінің радиациялық қауіптілігінің нормалары
Күлдің радиациялық қауіптілігінің сыныбы |
Күлдегі табиғи радионуклидтердің тиімді меншікті белсенділігі А күл тиімді(А күл тиімд. болж.),Бк/кг |
Күлді қауіпсіз пайдалану шарттары |
I |
370-ке дейін |
Күл салынып жатқан және қайта салынатын тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарда пайдаланылуы мүмкін |
II |
370-тен |
Күл елді мекендер аумағының және перспективалы құрылыс аймақтарының шегінде жол құрылысында, сондай-ақ өндірістік ғимараттарды тұрғызғанда пайдаланылуы мүмкін |
III |
740-тан |
Күл елді мекендерден тыс жол құрылысында пайдаланылуы мүмкін |
IV |
1500-ден артық |
Күлді пайдалану мәселесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің аумақтық органдарымен келісім бойынша әрбір жағдайда жеке шешіледі |
«Көмірдің және оны өндірудің,
қайта өңдеудің, сақтаудың және
тасымалдаудың өндірістік
үдерістерінің қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар» техникалық
регламентіне
4-қосымша
Көмірдің тотығуға және өздігінен жануға бейімділігі бойынша топтары
Топ нөмірі |
Топтың атауы |
Көмірдің атауы, технологиялық маркасы |
Тотыққандық көрсеткіші ОКр, %, артық емес |
Сақтау мерзімі, ай, артық емес |
1 |
Тотығуға барынша тұрақты |
Антрациттер, жартылай антрациттер |
- |
36 |
2 |
Тотығуға тұрақты |
Ж, КЖ, К, КО, КСН, КС, ОС маркалы тас көмірлер Байытылмаған, сұрыпталған, байытылған көмір |
50 |
18 |
3 |
Тотығуға орташа тұрақты |
ДГ, Г, ГЖО, ГЖ маркалы тас көмір |
50 |
12 |
4 |
Тотығуға тұрақсыз |
Тас көмір, лигнит және қоңыр көмір Д маркасы |
55 |
6 |
«Көмірдің және оны өндірудің,
қайта өңдеудің, сақтаудың және
тасымалдаудың өндірістік
үдерістерінің қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар»
техникалық регламентіне
5-қосымша
Көмір және оның қайта өңделген өнімдері тозаңының жарылыс қауіптілігі топтары
Жарылыс қауіптілігі тобы |
Жарылғыштық өлшемі |
Тозаңның жарылыс қауіптілігі |
1 |
Кт<1,0 |
Аз |
2 |
1,0<Кт<1,5 |
Орташа |
3 |
1,5<Кт<3,5 |
Орташа жоғары |
4 |
Кт>3,5 |
Жоғары |
«Көмірдің және оны өндірудің,
қайта өңдеудің, сақтаудың және
тасымалдаудың өндірістік
үдерістерінің қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар»
техникалық регламентіне
6-қосымша
Жабдықтар жұмыс істеген кезде жұмыс орындарындағы шу деңгейлері
Жұмыс орындары және жұмыстардың түрлері |
Шу деңгейі, децибел (бұдан әрі - дБ), артық емес |
Тау-кен қазбалары, өндірістік жайлар, үстіңгі бет аумағы |
80 |
Бақылау және қашықтан басқару кабиналары: |
80 |
Ықыластылықты және назар аударуды талап ететін жоғары білікті жұмыстар |
60 |
«Көмірдің және оны өндірудің,
қайта өңдеудің, сақтаудың және
тасымалдаудың өндірістік
үдерістерінің қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар» техникалық
регламентіне 7-қосымша
Көмір кәсіпорындарының жабдықтары жұмыс істеген кезде жұмыс орындарындағы дірілдің деңгейлері
Діріл түрі |
Діріл санаты (машиналар мен жабдықтардың түрі) |
Жиілігі бойынша түзету және діріл үдеуінің балама түзетілген мәндері, дБ |
|
діріл үдеуі |
діріл жылдамдығы |
||
Жергілікті |
Уатқыш балғалар, бұрғылар, перфораторлар |
126 |
112 |
Жалпы |
1. Көліктік |
112 |
116 |
2. Көліктік-технологиялық (тау-кен комбайндары, шахталық |
109 |
101 |
|
3. Технологиялық (сорғылар, |
100 |
92 |
«Көмірдің және оны өндірудің,
қайта өңдеудің, сақтаудың және
тасымалдаудың өндірістік
үдерістерінің қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар»
техникалық регламентіне
8-қосымша
Жұмыс аймағы ауасындағы тозаңның шекті-рұқсатталған шоғырлануы (ШРШ)
Заттың атауы |
Кремнийдің бос қос тотығының мөлшері, % |
ШРШ шамасы, миллиграмм бөлінген текшеметр (бұдан әрі - мг/м3) |
Қауіптілік сыныбы |
Жыныстық көмір тозаңы |
70-тен артық |
1 |
3 |
10-70 |
2 |
4 |
|
2-10 |
4 |
4 |
|
2-ден кем |
10 |
4 |
«Көмірдің және оны өндірудің,
қайта өңдеудің, сақтаудың және
тасымалдаудың өндірістік
үдерістерінің қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар» техникалық
регламентіне
9-қосымша
Жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттардың шекті-рұқсатталған шоғырлануы (ШРШ)
Заттың атауы |
Кремнийдің бос қос тотығының мөлшері, % |
ШРШ шамасы, мг/м3 |
Өндіріс жағдайларындағы басым агрегаттық күй |
Қауіптілік сыныбы |
Ағзаға әсер ету ерекшеліктері |
Антрацит |
5-тен кем |
6 |
а |
4 |
ф |
Көмір және жыныстық көмір тозаңы |
5-тен кем |
10 |
а |
4 |
ф |
5-тен 10-ға дейін |
4 |
а |
3 |
ф |
|
Шартты белгілер: а - аэрозоль; |
«Көмірдің және оны өндірудің,
қайта өңдеудің, сақтаудың және
тасымалдаудың өндірістік
үдерістерінің қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар» техникалық
регламентіне
10-қосымша
Жерасты қазбалары атмосферасындағы метан мөлшерінің нормалары
Желдетпе ағыс, құбыр жол |
Метанның шоғырлануы, % көлемі бойынша, артық емес |
Тазартпа немесе тұйық қазбадан, камерадан, қазба учаскесінен, тірелетін қазбадан шығатын |
1 |
Шахтаның шығатын қанаты |
0,75 |
Қазба учаскесінде, тазартпа қазбаларға, тұйық қазбалардың забойларына және камераларға түсетін |
0,5 |
Метанның тазартпа, тұйық және басқа қазбалардағы жергілікті жиналуы |
2 |
Араластырғыш камералардан шыға берістегі |
2 |
Желдеткіштің (эжекторлардың) көмегімен метанды оқшауланған бұруға арналған құбыр жолдар |
3,5 |
«Көмірдің және оны өндірудің,
қайта өңдеудің, сақтаудың және
тасымалдаудың өндірістік
үдерістерінің қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар»
техникалық регламентіне
11-қосымша
Жұмыс істеп тұрған жерасты қазбаларының ауасында зиянды газдардың шоғырлануы
Зиянды газдар |
Шахталардың жұмыс істеп тұрған қазбаларында газдың шоғырлануы |
|
% көлемі бойынша |
мг/м3 |
|
Көміртегі оксиді (СО) |
0,00170 |
20 |
Азот оксидтері (NO2ге қайта есептегеңде) |
0,00025 |
5 |
Азот диоксиді (NO2) |
0,00010 |
2 |
Күкіртті ангидрид (SO2) |
0,00038 |
10 |
Күкіртті сутек (H2S) |
0,00070 |
10 |
«Көмірдің және оны өндірудің,
қайта өңдеудің, сақтаудың және
тасымалдаудың өндірістік
үдерістерінің қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар»
техникалық регламентіне
12-қосымша
Адамдар мен жүктерді тік және көлбеу қазбалар бойымен көтеру
мен түсірудің ең жоғары жылдамдықтары
Қазбалар атауы |
Көтеру мен түсірудің ең жоғары жылдамдығы, м/с |
|
адамдарды |
жүктерді |
|
Тік қазбалар: |
жобада айқындалады |
|
клетьтермен |
12 |
|
скиптермен жабдықталған |
- |
|
Келбеу қазбалар: |
||
скиптермен |
- |
7 |
вагонеткалармен жабдықталған |
5 |
5 |
Үңгілеудегі тік қазбалар (бағыттаушылар бойьшша) қауғалармен (бағыттаушыларсыз) аспалы үңгілеу жабдықтарымен құтқару сатыларымен жабдықталған |
8 |
12 |
Ауқымсыз жүктерді тік және көлбеу қазбалар бойымен түсіру |
осы көтеруге арналған номиналды жылдамдық 1/3 |