Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Ат спортынан республикалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 маусымдағы № 631 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 желтоқсандағы № 230 Жарлығына және Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты» Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, сондай-ақ ат спортын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы облысы Панфилов кентінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Ат спортынан республикалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын.
      2. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы;
      2) спорт саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру кәсіпорын қызметінің негізгі мәні болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;
      2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
      3) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындар тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 519-13-жолмен толықтырылсын:

«519-13. «Ат спортынан республикалық            Алматы облысы,
         балалар мен жасөспірімдер спорт        Талғар ауданы,
         мектебі» республикалық                Панфилов кенті
         мемлекеттік қазыналық кәсіпорны                      »;

      2) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 145-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «2. Мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 15-9-жолмен толықтырылсын:
      «15-9. «Ат спортынан республикалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны»;
      3) «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 92-3-жолмен толықтырылсын:
      «92-3. «Ат спортынан республикалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны».
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов