Аккумулятор батареяларының кейбір түрлерінің импортына қатысты іс қарауды бастау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 маусымдағы № 535 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі:
      1) мынадай тауарлар импортына қатысты іс қарауды бастасын:
      Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының 8507 10 920 9 кодымен жіктелетін, поршеньді қозғалтқыштарды іске қосу үшін пайдаланылатын, сұйық электролитпен жұмыс істейтін, салмағы 5 кг астам өзге де электрлі, қорғасынды аккумуляторлар;
      Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының 8507 10 980 9 кодымен жіктелетін, поршеньді қозғалтқыштарды іске қосу үшін пайдаланылатын, салмағы 5 кг астам өзге де электрлі, қорғасынды аккумуляторлар.
      2) іс қарау рәсімі аяқталғанға дейін заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тауарлар импортын лицензиялауды жүзеге асырсын;
      3) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетін іс қараудың басталғаны туралы хабардар етсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов