Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 504 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 962 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
      2. Орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша), сондай-ақ өзге ұйымдар (келісім бойынша):
      1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
      2) 2010 жылғы 1 қарашаға және 2011 жылғы 1 ақпанға Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне Жоспардың орындалуы туралы ақпарат берсін.
      3) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі 2010 жылғы 30 қарашаға және 2011 жылғы 28 ақпанға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4) Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 2 маусымдағы
№ 504 қаулысымен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру
және пайдалану тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары

Р/с

Іс-шара

Аяқталу нысаны

Орындалуына (іске асырылуына) жауапты

Орындау (іске асыру) мерзімі

1

2

3

4

5

1. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу

1.

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу

Заң жобасының тұжырымдамасын ВАК-қа енгізу

ЭДСМ, Қаржымині

2010 жылғы 3-тоқсан

2.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2009 жылғы 16 маусымдағы № 914 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

ЭДСМ, Қаржымині

2010 жылғы 3-тоқсан

3.

Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және олардың еншілес компанияларының борышын және олардың қарыз алуы жөніндегі шектеулерді мониторингілеу мен бағалау көрсеткіштері туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

ЭДСМ, Қаржымині, АШМ, ҰБ (келісім бойынша, «Самұрық-Қазына» АҚ (келісім бойынша),«ҚазА гро» АҚ (келісім бойынша), «Парасат» АҚ (келісім бойынша) және «Зерде» АҚ (келісім бойынша)

2010 жылғы 4-тоқсан

4.

Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

Қаржымині, ЭДСМ

2010 жылғы 3-тоқсан

5.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ұлттық Банк Басқармасы қаулысының жобасы

ҰБ (келісім бойынша)

2010 жылғы 3-тоқсан

2.Ұйымдастыру іс-шараларын жүргізу

6.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасында көзделген үкіметтік қарыз алу шектеулерінің мониторингі

Қазақстан Республикасының Үкіметіне және ЭДСМ-ге ақпарат

Қаржымині

Жыл сайын, 1 ақпанға дейін

7.

Борыштың, борышқа қызмет көрсетудің жай-күйі туралы, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және олардың еншілес компанияларының жоспарланған қарыз алуы (қарыз алу көлемі, нысаналы мақсаты, сыйақы ставкалары, өтеу кестесі және т.б) туралы

ЭДСМ-ге және Қаржыминіне ақпарат

«Самұрық-Қазына» АҚ (келісім бойынша), «ҚазАгро» АҚ (келісім бойынша), «Парасат» АҚ (келісім бойынша) және «Зерде» АҚ (келісім бойынша)

Жылына екі рет, жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 25 қаңтарға және 25 шілдеге

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭДСМ                 - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және
                       сауда министрлігі
Қаржымині            - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
АШМ                  - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                       министрлігі
ҰБ                   - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
«Самұрық-Қазына» АҚ  - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
                       акционерлік қоғамы
«ҚазАгро» АҚ         - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі»
                       акционерлік қоғамы
«Парасат» АҚ         - «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық
                       холдингі» акционерлік қоғамы
«Зерде» АҚ           - «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі»
                       акционерлік қоғамы
ВАК                  - Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы
                       заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі
                       ведомоствоаралық комиссия