Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 мамырдағы № 476 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру;
      2) Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру;
      3) Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ведомстволық нормативтік құқықтық актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн еткен соң қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 26 мамырдағы
№ 476 қаулысымен  
бекітілген     

«Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру»
мемлекеттік қызметін көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1.«Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасының кәсіби аудиторлық ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлік беру тәртібін анықтайды (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 3) тармақшасының және «Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 18 шілдедегі № 265 бұйрығының (бұдан әрі - Ереже) негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызметті Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 550-кабинет, электрондық мекенжайы www.minfin.kz мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі - ҚБК) көрсетеді.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны болып оның қолданылу мерзімі шектеусіз болады, кәсіби ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру табылады, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады және аккредиттелген кәсіби ұйымдардың тізілімінде міндетті тіркеуге жатады.
      6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға - аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарға көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өтініш пен осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттар қабылданған сәттен бастап он жұмыс күнінен аспайды.
      Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік алу үшін осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттар тапсыру кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты - 15 минут.
      Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік алу кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты - 15 минут.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің www.minfin.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.
      10. Құжаттарды қабылдауды ҚБК кеңсесі демалыс күндерінен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген мереке күндерінен басқа күндері күн сайын сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліс, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 554-кабинет мекенжайы бойынша жүзеге асырады.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының ерекше шарттары көзделмеген.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      12. Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік алу үшін мыналарды ұсыну қажет:
      1) қағаз тасығыштарда:
      Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      құрылтай құжаттарын, жарғының және мемлекеттік тіркеу туралы, салық төлеушінің тіркеу нөмірін беру туралы куәліктің және статистикалық карточканың түпнұсқалары мен көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда осы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері);
      2) қағаз және электрондық тасығыштарда:
      Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіби ұйымның құрамында аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың болуы туралы мәліметтер;
      Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылымы, жұмыс органдарының болуы туралы мәліметтер.
      Атауы немесе орналасқан жері өзгерген жағдайда кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін он күнтізбелік күн ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
      1)кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы жазбаша өтініш;
      2) құрылтай құжаттарын, жарғының және мен мемлекеттік тіркеу туралы, салық төлеушінің тіркеу нөмірін беру туралы куәліктің және статистикалық карточканың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
      Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті жоғалтқан жағдайда оның телнұсқасын алу үшін мыналарды ұсыну қажет:
      1) мерзімді баспасөз басылымдарында нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып, аккредиттеу туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы мәліметтің жариялануын растайтын құжат;
      2) ҚБК-ге аккредиттеу туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы және нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып, телнұсқа беру туралы өтініш.
      Аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасы өтініш берген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде беріледі.
      13. Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік алуға арналған өтініш үлгісі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің www.minfin.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 554-кабинет мекенжайы бойынша ҚБК кеңсесіне тапсырылады.
      Аккредиттелуге тапсырылған құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады. Тізімдеменің көшірмесін ҚБК кеңсесі құжаттардың қабылданған күнін көрсете отырып, өтініш берушіге жолдайды (береді).
      Қабылданған құжаттар ҚБК кеңсесімен қаралады, бақылауға қойылады. Тіркелген, тиісті тәртіппен ресімделген құжаттар ҚБК төрағасына, кейін орындаушыға беріледі.
      ҚБК құжат айналымын қамтамасыз ету қызметі хат-хабарды тіркеуді, бөлуді, ресімдеу мен адресаттарға жеткізуді ол ҚБК кеңсесіне түскен сәттен бастап екі сағат ішінде жүзеге асырады.
      15. Осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттардың (өтініштің екінші данасына немесе ұсынылатын құжаттарға ілеспе хатқа мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні қойылады) ҚБК кеңсесінде тіркелуі тапсырылғанын растау болып табылады.
      ҚБК өтініш берушінің құжаттарын қабылдаған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтығын, олардың дұрыс толтырылуын және ұсынылған көшірмелердің түпнұсқаларға сәйкестігін тексеруге міндетті. Толық еместігі туралы факт анықталған жағдайда (оның ішінде міндетті жолақтардың, құжаттардың бекітілген нысандарының толтырылмай қалуы, ұсынылған құжаттар көшірмелерінің түпнұсқаларына сәйкес келмеуі), ҚБК көрсетілген мерзім ішінде бұдан әрі қараудан бас тарту туралы жазбаша, дәлелді жауап береді. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойғаннан кейін құжаттар жалпы негізде қаралады.
      Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.
      Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші тапсырған құжаттарды орындаушы өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі нысанына қарайды.
      Мемлекеттік қызметті алуға берілген құжаттарды қарау нәтижесі оң болған жағдайда, орындаушы олардың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігі туралы, өзінің, ҚБК-нің құрылымдық бөлімше (басқарма) басшысының бұрыштамасы, күні мен нөмірі қойылатын және ҚБК төрағасының орынбасары қол қоятын қорытынды дайындайды.
      Қорытынды негізінде ҚБК-мен Құқықтық қамтамасыз ету басқармасымен 3 (үш) жұмыс күні ішінде келісілетін кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы ҚБК төрағасы бұйрығының жобасы дайындалады.
      Бұйрыққа қол қойылғаннан кейін ҚБК құжат айналымын қамтамасыз ету қызметі күні мен нөмірін қойып, бұйрықтың тіркелуін өткізеді.
      Бұйрық тіркелгеннен кейін, сериясы мен реттік нөмірі, кәсіби аудиторлық ұйымның атауы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, орналасқан жері, берілу мерзімі, аккредиттеу туралы куәлікті беруші органның атауы, күні мен берілу жері жазылатын аккредиттеу туралы куәлік бланкісі шығарылады. Аккредиттеу туралы куәлік бланкісіне ҚБК төрағасы қол қояды және ол ҚБК елтаңбалық мөрімен расталады.
      Аккредиттеу туралы куәлікті беруден ҚБК бас тартқан жағдайда, өтініш берушіге өтініш қабылданған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде жазбаша түрде дәлелді жауап береді. Аккредиттеу туралы куәлікті беруден жазбаша дәлелді бас тарту туралы хатқа ҚБК төрағасының орынбасары қол қояды, ол екі данада шығарылып, ҚБК-нің ресми бланкісінде басылады. Бірінші дана өтініш берушіге ҚБК кеңсесі арқылы почтамен жіберіледі. Екінші данада орындаушының және КБК-нің құрылымдық бөлімше (басқарма) басшысының бұрыштамалары болуы қажет.
      Құжаттар өтуінің ішкі тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетін төрағасының 2009 жылғы 7 шілдедегі № 9 бұйрығымен бекітілген ҚБК Регламентімен белгіленген.
      16. Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлігі, берілген аккредиттеу туралы куәліктердің журналына (жеке келіп немесе сенімхат бойынша өкілге) қол қою арқылы, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 527-кабинет мекенжайы бойынша қолма-қол беріледі.
      17. Осы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіздеме болып табылады:
      1) осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттардың толық тізбесі ұсынылмауы;
      2) құжаттардың ресімделуі осы стандарттың 12-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;
      3) ұсынылған құжаттардың шынайы еместігі анықталуы.
      Көрсетілген ескертулерді кәсіби аудиторлық ұйым ескергеннен кейін кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті алу туралы өтініші жалпы негізде қаралады.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. ҚБК қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:
      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтік борышты өтеу кезінде заңдылықты сақтау;
      3) сыпайылық;
      4) мемлекеттік қызметтің рәсімі туралы толық ақпарат беру;
      5) ақпаратты қорғау және құпиялылығын сақтау;
      6) тұтынушымен тапсырылған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. «Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметін көрсететін мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәндері жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтарымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Мемлекеттік қызметті көрсетудің сапасы бойынша кінәрат-талап болған жағдайда ҚБК қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздік) шағым ҚБК басшысының атына беріледі. Шағымдану тәртібі жөнінде ақпаратты ҚБК Ішкі әкімшілендіру және ҚБК персоналымен жұмыс істеу басқармасынан, мына телефондар арқылы 74-30-97, 74-32-75, 74-29-57, немесе Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 650-кабинет мекенжайы бойынша алуға болады.
      22. Шағымдар жазбаша түрде почта немесе қолма-қол ҚБК кеңсесінің қызметкері арқылы, демалыс күндерінен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген мереке күндерінен басқа күндері күн сайын сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліс, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 554-кабинет мекенжайы бойынша қабылданады; электрондық почта мекенжайы: administrator@minfin.kz.
      23. Шағымның қабылданғанын растайтын ҚБК кеңсесінде тіркелуі (екінші данасына немесе шағым келіп түскен ілеспе хатқа мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні қойылуы) болып табылады. Шағымның қаралуы туралы ақпаратты ҚБК Ішкі әкімшілендіру және ҚБК персоналымен жұмыс істеу басқармасы қызметкерлерінен келесі телефондар арқылы білуге болады: 74-30-97, 74-32-75, 74-29-57.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

6. Байланыс ақпараты

      24. Барлық сұрақтар бойынша Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 550-кабинет мекенжайы бойынша ҚБК-ға хабарласуға болады.
      Жұмыс уақыты: демалыс күндерінен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндерінен басқа күндері күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліс.
      Байланыс телефондары: 74-29-57, 74-35-60, 74-30-68, электрондық почта мекенжайы administrator@minfin.kz.

«Кәсіби аудиторлық ұйымды    
аккредиттеу туралы куәлікті беру»
мемлекеттік қызмет көрсету   
стандартына қосымша      

Кесте. Сапа және қол жетімді көрсеткіштердің мәні

Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)

100%

1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан көп емес күткен тұтынушылардың %-ы (үлесі)

Кезек жоқ

2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100%

2.2. Лауазымды адам құжаттарды дұрыс ресімдеген жағдайлардың (жүргізілген есептеулер, есеп айырысулар және т.б.) %-ы (үлесі)

100%

3. Қолжетімділік

3.1. Қызмет көрсету тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100%

3.2. Тұтынушының бір дегеннен дұрыс толтырған және тапсырған құжаттар жағдайлардың %-ы (үлесі)

50%

3.3. Ақпаратқа интернет арқылы қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі)

100%

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізді шағымдардың %-ы (үлесі)

0,1%

4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың %-ы (үлесі)

100%

4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100%

4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100%

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100%

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 26 мамырдағы
№ 476 қаулысымен   
бекітілген     

«Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы
куәлік беру» мемлекеттік қызметін көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасының бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлік беру тәртібін анықтайды (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 20-бабының 5-тармағы 10) тармақшасы мен «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 183 бұйрығы негізінде көрсетіледі (бұдан әрі - Аккредиттеу ережесі).
      4. Мемлекеттік қызметті Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 552-кабинет, электрондық мекенжайы www.minfin.kz мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі - ҚБК) көрсетеді.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны болып бес жыл мерзімге берілетін және Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылатын бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға - бухгалтерлер мен бухгалтерлік ұйымдарды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарға көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өтініш пен осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттар қабылданған сәттен бастап отыз күнтізбелік күннен аспайды.
      Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік алу үшін осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттар тапсыру кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты - 15 минут.
      Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік алу кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты — 15 минут.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің www.minfin.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.
      10. Құжаттарды қабылдауды ҚБК кеңсесі демалыс күндерінен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген мереке күндерінен басқа күндері күн сайын сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліс, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 554-кабинет мекенжайы бойынша жүзеге асырады.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының ерекше шарттары көзделмеген.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      12. Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік алу үшін мыналарды ұсыну қажет:
      1) Аккредиттеу ережесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) мына құжаттардың түпнұсқалары мен нотариалды куәландырылған көшірмелері: жарғы мен мемлекеттік тіркеу туралы, салық төлеушіге тіркеу нөмірін беру туралы куәліктер және статистикалық карточка (сәйкестендіру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда осы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері);
      3) ұйымның жарғысына сәйкес бекітілген халықаралық практикаға сәйкес келетін және оның барлық мүшелері үшін міндетті болып табылатын кәсіби бухгалтерлердің этика Кодексі;
      4) Аккредиттеу ережесіне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіби ұйымының құрамы туралы мәліметтер;
      5) Аккредиттеу ережесіне 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіби ұйымдардың жұмыс органдарының бар болуы туралы мәліметтер;
      6) өз мүшелерінің біліктілігін арттыру жүйесінің бар болуын растайтын құжаттар.
      4)-6) тармақшаларда айтылған құжаттар қағаз және электрондық тасығыштарда ұсынылады.
      Атауы (оның ішінде ұйымдастыру-құқықтық нысаны), заңды мекенжайы өзгерген жағдайда бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін он бес күнтізбелік күн ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
      1) тиісті өзгерістер туралы жазбаша хабарлама;
      2) бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлікті қайта рәсімдеу жөніндегі өтініш;
      3) осы стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттар.
      Бухгалтерлердің кәсіби ұйымы аккредиттеу туралы куәлікті жоғалтқан жағдайда оның телнұсқасын алу үшін мыналарды ұсыну қажет:
      1) жоғалғаны белгілі болғаннан кейін бес күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында сериясын, нөмірін және берілген күнін көрсете отырып, аккредиттеу туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы мәлімет жариялау;
      2) ҚБК-ға аккредиттеу туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы және телнұсқасын беру туралы өтініш беру.
      Аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасы өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде беріледі.
      13. Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік алуға арналған өтініш үлгісі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің www.minfin.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 554-кабинет мекенжайы бойынша ҚБК кеңсесіне тапсырылады.
      Аккредиттелуге тапсырылған құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады. Тізімдеменің көшірмесін ҚБК кеңсесі құжаттардың қабылданған күнін көрсете отырып, өтініш берушіге жолдайды (береді).
      Қабылданған құжаттар ҚБК кеңсесімен қаралады, бақылауға қойылады. Тіркелген, тиісті тәртіппен ресімделген құжаттар ҚБК төрағасына, кейін орындаушыға беріледі.
      ҚБК құжат айналымын қамтамасыз ету қызметі хат-хабарды тіркеуді, бөлуді, ресімдеу мен адресаттарға жеткізуді ол ҚБК кеңсесіне түскен сәттен бастап екі сағат ішінде жүзеге асырады.
      15. Осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттардың (өтініштің екінші данасына немесе ұсынылатын құжаттарға ілеспе хатқа мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні қойылады) ҚБК кеңсесінде тіркелуі тапсырылғанын растау болып табылады.
      ҚБК өтініш берушінің құжаттарын қабылдаған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтығын, олардың дұрыс толтырылуын және ұсынылған көшірмелердің түпнұсқаларға сәйкестігін тексеруге міндетті. Толық еместігі туралы факт анықталған жағдайда (оның ішінде міндетті жолақтардың, құжаттардың бекітілген нысандарының толтырылмай қалуы, ұсынылған құжаттар көшірмелерінің түпнұсқаларына сәйкес келмеуі), ҚБК көрсетілген мерзім ішінде бұдан әрі қараудан бас тарту туралы жазбаша, дәлелді жауап береді. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойғаннан кейін құжаттар жалпы негізде қаралады.
      Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.
      Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші тапсырған құжаттарды орындаушы өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі нысанына қарайды.
      Мемлекеттік қызметті алуға берілген құжаттарды қарау нәтижесі оң болған жағдайда, орындаушы олардың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігі туралы, өзінің, ҚБК-нің құрылымдық бөлімше (басқарма) басшысының бұрыштамасы, күні мен нөмірі қойылатын және ҚБК төрағасының орынбасары қол қоятын қорытынды дайындайды.
      Қорытынды негізінде ҚБК-мен Құқықтық қамтамасыз ету басқармасымен 3 (үш) жұмыс күні ішінде келісілетін бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы ҚБК төрағасы бұйрығының жобасы дайындалады.
      Бұйрыққа қол қойылғаннан кейін ҚБК құжат айналымын қамтамасыз ету қызметі күні мен нөмірін қойып, бұйрықтың тіркелуін өткізеді.
      Бұйрық тіркелгеннен кейін, сериясы мен реттік нөмірі, бухгалтерлердің кәсіби ұйымының атауы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, орналасқан жері, берілу мерзімі, аккредиттеу туралы куәлікті беруші органның атауы, күні мен берілу жері жазылатын аккредиттеу туралы куәлік бланкісі шығарылады. Аккредиттеу туралы куәлік бланкісіне ҚБК төрағасы қол қояды және ол ҚБК елтаңбалық мөрімен расталады.
      Аккредиттеу туралы куәлікті беруден ҚБК бас тартқан жағдайда, өтініш берушіге өтініш қабылданған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде жазбаша түрде дәлелді жауап береді. Аккредиттеу туралы куәлікті беруден жазбаша дәлелді бас тарту туралы хатқа ҚБК төрағасының орынбасары қол қояды, ол екі данада шығарылып, ҚБК-нің ресми бланкісінде басылады. Бірінші дана өтініш берушіге ҚБК кеңсесі арқылы почтамен жіберіледі. Екінші данада орындаушының және ҚБК-нің құрылымдық бөлімше (басқарма) басшысының бұрыштамалары болуы қажет.
      Құжаттар өтуінің ішкі тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетін төрағасыны 2009 жылғы 7 шілдедегі № 9 бұйрығымен бекітілген ҚБК Регламентімен белгіленген.
      16. Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлігі, берілген аккредиттеу туралы куәліктердің журналына (жеке келіп немесе сенімхат бойынша өкілге) қол қою арқылы, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 537-кабинет мекенжайы бойынша қолма-қол беріледі.
      17. Осы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіздеме болып табылады:
      1) осы стандарттың 12-тармағында көзделген тиісті құжаттардың толық тізбесі ұсынылмаса;
      2) ұсынылған құжаттардың шынайы еместігі анықталса;
      3) келесіні қамтитын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмесе:
      бухгалтерлердің кәсіби ұйымының құрамында бухгалтерлік есеп немесе аудит саласында кемінде екі жыл расталған жұмыс тәжірибесі бар кемінде үш жүз мүшесінің болуы;
      халықаралық практикаға сәйкес келетін және оның барлық мүшелеріне міндетті болып табылатын, ұйымның жарғысына сәйкес бекітілген кәсіби бухгалтерлердің әдеп Кодексінің болуы;
      өз мүшелерінің біліктілігін арттыру жүйесінің болуы;
      Аккредиттеу ережелеріне сәйкес болуы;
      бухгалтерлердің кәсіби ұйымының құрылымы мен жұмыс органдары оның жарғысымен анықталады және Аккредиттеу ережелеріне сәйкес болуы қажет;
      бухгалтерлердің кәсіби ұйымының басшысы төрт жылдан аспайтын мерзімге сайланады және қатарынан екі мерзімге қайта сайлана алмайды.
      Көрсетілген ескертулерді кәсіби аудиторлық ұйым ескергеннен кейін кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті алу туралы өтініші жалпы негізде қаралады.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. ҚБК қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:
      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтік борышты өтеу кезінде заңдылықты сақтау;
      3) сыпайылық;
      4) мемлекеттік қызметтің рәсімі туралы толық ақпарат беру;
      5) ақпаратты қорғау және құпиялылығын сақтау;
      6) тұтынушымен тапсырылған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметін көрсететін мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәндері жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтарымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Мемлекеттік қызметті көрсетудің сапасы бойынша кінәрат-талап болған жағдайда ҚБК қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздік) шағым ҚБК басшысының атына беріледі. Шағымдану тәртібі жөнінде ақпаратты ҚБК Ішкі әкімшілендіру және ҚБК персоналымен жұмыс істеу басқармасынан, мына телефондар арқылы 74-30-97, 74-32-75, 74-29-57, немесе Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 650-кабинет мекенжайы бойынша алуға болады.
      22. Шағымдар жазбаша түрде почта немесе қолма-қол ҚБК кеңсесінің қызметкері арқылы, демалыс күндерінен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген мереке күндерінен басқа күндері күн сайын сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліс, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 554-кабинет мекенжайы бойынша қабылданады; электрондық почта мекенжайы: administrator@minfin.kz.
      23. Шағымның қабылданғанын растайтын ҚБК кеңсесінде тіркелуі (екінші данасына немесе шағым келіп түскен ілеспе хатқа мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні қойылуы) болып табылады. Шағымның қаралуы туралы ақпаратты ҚБК Ішкі әкімшілендіру және ҚБК персоналымен жұмыс істеу басқармасы кызметкерлерінен келесі телефондар арқылы білуге болады: 74-30-97, 74-32-75, 74-29-57.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

6. Байланыс ақпараты

      24. Барлық сұрақтар бойынша Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 552-кабинет мекенжайы бойынша ҚБК-ға хабарласуға болады.
      Жұмыс уақыты: демалыс күндерінен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндерінен басқа күндері күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліс.
      Байланыс телефондары: 74-29-57, 74-35-60, 74-30-68, электрондық почта мекенжайы administrator@minfin.kz.

«Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын 
аккредиттеу туралы куәлікті беру»
мемлекеттік қызмет көрсету  
стандартына қосымша     

Кесте. Сапа және қол жетімді көрсеткіштердің мәні

Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)

100%

1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан көп емес күткен тұтынушылардың %-ы (үлесі)

Кезек жоқ

2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100%

2.2. Лауазымды адам құжаттарды дұрыс ресімдеген жағдайлардың (жүргізілген есептеулер, есеп айырысулар және т.б.) %-ы (үлесі)

100%

3. Қолжетімділік

3.1. Қызмет көрсету тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100%

3.2. Тұтынушының бір дегеннен дұрыс толтырған және тапсырған құжаттар жағдайлардың %-ы (үлесі)

30%

3.3. Ақпаратқа интернет арқылы қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі)

100%

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізді шағымдардың %-ы (үлесі)

0,1%

4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың %-ы (үлесі)

100%

4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100%

4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100%

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100%

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 26 мамырдағы
№ 476 қаулысымен  
бекітілген     

«Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды
аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік
қызметін көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасының бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарға аккредиттеу туралы куәлік беру тәртібін анықтайды (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 20-бабының 5-тармағы 10) тармақшасы мен «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 183 бұйрығы негізінде көрсетіледі (бұдан әрі - Аккредиттеу ережесі).
      4. Мемлекеттік қызметті Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 552-кабинет, электрондық мекенжайы www.minfin.kz мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі - ҚБК) көрсетеді.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны болып үш жыл мерзімге берілетін және Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылатын бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет кәсіби бухгалтерлерге үміткерлерді сертификаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өтініш пен осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттар қабылданған сәттен бастап отыз күнтізбелік күннен аспайды.
      Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік алу үшін осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттар тапсыру кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты - 15 минут.
      Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік алу кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты - 15 минут.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің www.minfin.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.
      10. Құжаттарды қабылдауды ҚБК кеңсесі демалыс күндерінен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген мереке күндерінен басқа күндері күн сайын сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліс, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 554-кабинет мекенжайы бойынша жүзеге асырады.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының ерекше шарттары көзделмеген.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      12. Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік алу үшін мыналарды ұсыну қажет:
      1) Аккредиттеу ережесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) мына құжаттардың түпнұсқалары мен нотариалды куәландырылған көшірмелері: қызметінің негізгі түрлерінің бірі болып бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйым ретіндегі қызмет етуі көзделген жарғы мен мемлекеттік тіркеу туралы, салық төлеушіге тіркеу нөмірін беру туралы куәліктер және статистикалық карточка (сәйкестендіру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда осы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері);
      3) Аккредиттеу ережесіне 4, 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттау жөніндегі ұйымдардың құрылымы және жұмыс органдарының бар-жоғы, материалдық-техникалық жарақтарының бар-жоғы туралы мәліметтер;
      4) осы тармақшада көрсетілген пәндер бойынша оқудан тәуелсіз емтихандық жүйесінің бар екендігін растайтын құжаттар, оның ішінде:
      кәсіби бухгалтерді сертификаттау жөніндегі емтихандарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы бекітілген ереже мыналардың көрсетілуімен:
      тест сұрақтары мен ахуалдық міндеттерді қамтитын емтихандық модульдердің құрылымы;
      сертификаттау пәндері бойынша емтихандардың ұзақтығы;
      кәсіби бухгалтерлікке кандидаттардың жұмыстарына тексерулер жүргізу мерзімдерін;
      кандидат нәтижені бекіткен күннен бастап келесі үш жылдың ішінде ғана жарамды деп танылатын «Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп» пәні бойынша, нәтижені бекіткен күннен бастап келесі бес жылдың ішінде ғана жарамды деп танылатын «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндері бойынша оң нәтиже алуы;
      жекелеген пәндер бойынша үш жылдың ішінде қатарынан үш реттен астам теріс нәтиже алған кезде қайта толық оқудан өтуі;
      кәсіби бухгалтерлікке кандидаттардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері;
      Аккредиттеу ережесіне 4-2-қосымшаға сәйкес емтихан комиссиясының (бұдан әрі - комиссия) төрағасының, оның мүшелерінің, тәуелсіз бақылаушылардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершіліктерін және оның құрамын көрсете отырып, комиссия туралы бекітілген ереже;
      комиссияның (кеңестің) арызы мен шешімін қарау мерзімін, нысанын белгілей отырып, емтихандардың нәтижелері бойынша апелляциялық комиссияның (кеңестің) құрамын, арыздарды беру мерзімін және арыздарды сотқа дейін қарауды жүргізу тәртібін көрсете отырып, ол туралы бекітілген ереже;
      Аккредиттеу ережесіне 4-3-қосымшаға сәйкес оқытушылар туралы мәліметтер;
      кандидаттарды сертификаттау жөніндегі күндізгі оқыту түрі бойынша, Аккредиттеу ережесіне 4-4-қосымшаның талаптарына сәйкес емтихандарды тапсыру үшін қажетті мынадай пәндерді қамтитын бекітілген бағдарламалары:
      «Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп»,
      «Салық және салық салу»,
      «Азаматтық құқық»;
      үш жылдық кезеңге пәндер бойынша емтихандар өткізудің бекітілген кестесі. Емтихандарды өткізу Аккредиттеу ережесінің 10-2-тармағының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады;
      5) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік заңнамасын шолуды қамтитын және мыналардың болуын растайтын:
      «Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп» пәні бойынша кемінде 200 тест сұрақтары мен 100 міндеттен, Аккредиттеу ережесіне 4-5-қосымша бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес әрбір ХҚЕС бойынша кемінде бір міндеттен тұратын емтихандық модульдер; «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндері бойынша - Аккредиттеу ережесіне 4-6 және 4-7-қосымшалардың тақырыптар тізбесіне сәйкес кемінде 500 міндет және/немесе тест сұрақтары;
      қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарында және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеріс болған жағдайда емтихандық модульдер мен сертификаттау жөніндегі бағдарламаларды жаңартып отыру;
      6) кәсіби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттау бағдарламасы бойынша дәріс курстары мен практикалық курстарға (есеп жинақтары) шолуларды қамтитын бекітілген материалдар;
      7) Аккредиттеу ережесіне 7-қосымшаға сәйкес кәсіби бухгалтерлікке кандидат сертификатының жобасы.
      3)-7) тармақшаларда санамаланған құжаттар қағаз және электрондық тасығыштарда беріледі.
      Атауы (оның ішінде ұйымдастыру-құқықтық нысаны), заңды мекен-жайы өзгерген жағдайда бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті қайта рәсімдеу үшін он бес күнтізбелік күн ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
      1) тиісті өзгерістер туралы жазбаша хабарлама;
      2) бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті қайта рәсімдеу жөніндегі өтініш;
      3) осы стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттар.
      Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйым аккредиттеу туралы куәлікті жоғалтқан жағдайда оның телнұсқасын алу үшін мыналарды ұсыну қажет:
      1) жоғалғаны белгілі болғаннан кейін бес күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында сериясын, нөмірін және берілген күнін көрсете отырып, аккредиттеу туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы мәлімет жариялау;
      2) уәкілетті органға аккредиттеу туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы және телнұсқасын беру туралы өтініш беру.
      Аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасы өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде беріледі.
      13. Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік алуға арналған өтініш үлгісі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің www.minfin.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 554-кабинет мекенжайы бойынша ҚБК кеңсесіне тапсырылады.
      Аккредиттелуге тапсырылған құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады. Тізімдеменің көшірмесін ҚБК кеңсесі құжаттардың қабылданған күнін көрсете отырып, өтініш берушіге жолдайды (береді).
      Қабылданған құжаттар ҚБК кеңсесімен қаралады, бақылауға қойылады. Тіркелген, тиісті тәртіппен ресімделген құжаттар ҚБК төрағасына, кейін орындаушыға беріледі.
      ҚБК құжат айналымын қамтамасыз ету қызметі хат-хабарды тіркеуді, бөлуді, ресімдеу мен адресаттарға жеткізуді ол ҚБК кеңсесіне түскен сәттен бастап екі сағат ішінде жүзеге асырады.
      15. Осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттардың (өтініштің екінші данасына немесе ұсынылатын құжаттарға ілеспе хатқа мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні қойылады) ҚБК кеңсесінде тіркелуі тапсырылғанын растау болып табылады.
      ҚБК өтініш берушінің құжаттарын қабылдаған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтығын, олардың дұрыс толтырылуын және ұсынылған көшірмелердің түпнұсқаларға сәйкестігін тексеруге міндетті. Толық еместігі туралы факт анықталған жағдайда (оның ішінде міндетті жолақтардың құжаттардың бекітілген нысандарының толтырылмай қалуы, ұсынылған құжаттар көшірмелерінің түпнұсқаларына сәйкес келмеуі), ҚБК көрсетілген мерзім ішінде бұдан әрі қараудан бас Тарту туралы жазбаша, дәлелді жауап береді. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойғаннан кейін құжаттар жалпы негізде қаралады.
      Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың түпнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.
      Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші тапсырған құжаттарды орындаушы өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі нысанына қарайды.
      Мемлекеттік қызметті алуға берілген құжаттарды қарау нәтижесі оң болған жағдайда, орындаушы олардың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігі туралы, өзінің, ҚБК-нің құрылымдық бөлімше (басқарма) басшысының бұрыштамасы, күні мен нөмірі қойылатын және ҚБК төрағасының орынбасары қол қоятын қорытынды дайындайды.
      Қорытынды негізінде ҚБК-мен Құқықтық қамтамасыз ету басқармасымен 3 (үш) жұмыс күні ішінде келісілетін бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы ҚБК төрағасы бұйрығының жобасы дайындалады.
      Бұйрыққа қол қойылғаннан кейін ҚБК құжат айналымын қамтамасыз ету қызметі күні мен нөмірін қойып, бұйрықтың тіркелуін өткізеді.
      Бұйрық тіркелгеннен кейін, сериясы мен реттік нөмірі, бухгалтерлердің кәсіби ұйымының атауы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, орналасқан жері, берілу мерзімі, аккредиттеу туралы куәлікті беруші органның атауы, күні мен берілу жері жазылатын аккредиттеу туралы куәлік бланкісі шығарылады. Аккредиттеу туралы куәлік бланкісіне ҚБК төрағасы қол қояды және ол ҚБК елтаңбалық мөрімен расталады.
      Аккредиттеу туралы куәлікті беруден ҚБК бас тартқан жағдайда, өтініш берушіге өтініш қабылданған сәттен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде жазбаша түрде дәлелді жауап береді. Аккредиттеу туралы куәлікті беруден жазбаша дәлелді бас тарту туралы хатқа ҚБК төрағасының орынбасары қол қояды, ол екі данада шығарылып, ҚБК-нің ресми бланкісінде басылады. Бірінші дана өтініш берушіге ҚБК кеңсесі арқылы почтамен жіберіледі. Екінші данада орындаушының және ҚБК-нің құрылымдық бөлімше (басқарма) басшысының бұрыштамалары болуы қажет.
      Құжаттар өтуінің ішкі тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетін төрағасының 2009 жылғы 7 шілдедегі № 9 бұйрығымен бекітілген ҚБК Регламентімен белгіленген.
      16. Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлігі, берілген аккредиттеу туралы куәліктердің журналына (жеке келіп немесе сенімхат бойынша өкілге) қол қою арқылы, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 537-кабинет мекенжайы бойынша қолма-қол беріледі.
      17. Осы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіздеме болып табылады:
      1) осы стандарттың 12-тармағында көзделген тиісті құжаттардың толық тізбесі ұсынылмаса;
      2) ұсынылған құжаттардың шынайы еместігі анықталса;
      3) сертификаттау жөніндегі емтихандық модулдер мен оқу бағдарламаларының мазмұны қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына жауап бермесе;
      4) заңсыз, авторлық және сабақтас құқық бұзушылықпен, сертификаттау жөніндегі емтихан модульдерін толық және пәндер бойынша қолданылса;
      5) келесіні қамтитын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмесе:
      оқудан тәуелсіз емтихандық жүйесінің бар болуы;
      Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын қамтитын емтихандық модульдер, және олардың жаңару жүйесінің бар болуы;
      бір немесе бірнеше бухгалтерлердің кәсіби ұйымдармен өзара іс-қимылдары туралы келісімнің бар болуы;
      уәкілетті органмен бекітілген Аккредиттеу ережесіне сәйкес болуы.
      Көрсетілген ескертулерді бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйым ескергеннен кейін бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті алу туралы өтініші жалпы негізде қаралады.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. ҚБК қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:
      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтік борышты өтеу кезінде заңдылықты сақтау;
      3) сыпайылық;
      4) мемлекеттік қызметтің рәсімі туралы толық ақпарат беру;
      5) ақпаратты қорғау және құпиялылығын сақтау;
      6) тұтынушымен тапсырылған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметін көрсететін мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәндері жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтарымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Мемлекеттік қызметті көрсетудің сапасы бойынша кінәрат-талап болған жағдайда ҚБК қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздік) шағым ҚБК басшысының атына беріледі. Шағымдану тәртібі жөнінде ақпаратты ҚБК Ішкі әкімшілендіру және ҚБК персоналымен жұмыс істеу басқармасынан, мына телефондар арқылы 74-30-97, 74-32-75, 74-29-57, немесе Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 650-кабинет мекенжайы бойынша алуға болады.
      22. Шағымдар жазбаша түрде почта немесе қолма-қол ҚБК кеңсесінің қызметкері арқылы, демалыс күндерінен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген мереке күндерінен басқа күндері күн сайын сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліс, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 554-кабинет мекенжайы бойынша қабылданады; электрондық почта мекенжайы: administrator@minfin.kz.
      23. Шағымның қабылданғанын растайтын ҚБК кеңсесінде тіркелуі (екінші данасына немесе шағым келіп түскен ілеспе хатқа мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні қойылуы) болып табылады. Шағымның қаралуы туралы ақпаратты ҚБК Ішкі әкімшілендіру және ҚБК персоналымен жұмыс істеу басқармасы қызметкерлерінен келесі телефондар арқылы білуге болады: 74-30-97, 74-32-75, 74-29-57.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

6. Байланыс ақпараты

      24. Барлық сұрақтар бойынша Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 552-кабинет мекенжайы бойынша ҚБК-ға хабарласуға болады.
      Жұмыс уақыты: демалыс күндерінен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндерінен басқа күндері күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліс.
      Байланыс телефондары: 74-29-57, 74-35-60, 74-30-68, электрондық почта мекенжайы administrator@minfin.kz.

«Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау
жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы
куәлікті беру» мемлекеттік қызмет 
көрсету стандартына қосымша    