Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қарашадағы № 1125 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Стратегиялық объектілер жөніндегі комиссияның ережесінде:
3-тармақтың 1) тармақшасында:
үшінші абзацта «меншігінде» деген сөзден кейін «немесе кепілінде» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші абзацтың мемлекеттік тілдегі мәтінінде «жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу» деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«иеліктен шығарудың ерекше шарттары және стратегиялық объектіні сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптар жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;»;
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.28 № 1223 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;
3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.28 № 1223 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.10.28 № 1223 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов