Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне стратегиялық объектілер мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 мамырдағы № 448 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай  толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қарашадағы № 1125 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Стратегиялық объектілер жөніндегі комиссияның ережесінде:
      3-тармақтың 1) тармақшасында:
      үшінші абзацта «меншігінде» деген сөзден кейін «немесе кепілінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      төртінші абзацтың мемлекеттік тілдегі мәтінінде «жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу» деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      «иеліктен шығарудың ерекше шарттары және стратегиялық объектіні сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптар жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;»;
      2) «Стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 сәуірдегі № 312 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 168-құжат):
      кіріспесінде «193-1-бабына» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңының 11-бабының 3-2) тармақшасына» деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын пайдалану ережесінде:
      1-тармақта «193-1-бабына» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңының 11-бабының 3-2) тармақшасына» деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақта:
      алтыншы абзацта «атқарушы орган.» деген сөздер «атқарушы орган;» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
      «кепіл ұстаушы - кепіл беруші кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелерді орындамаған жағдайда кепілге алынған мүлік тиесілі тұлғаның басқа кредит берушілер алдында басым осы мүлкінің құнынан қанағаттануына құқығы бар кредит беруші.»;
      3-тармақтың бірінші абзацында «сатуға» деген сөзден кейін «не кепіл ұстаушы кепілге алынған мүлікті соттан тыс тәртіппен сатуға, не сот актісінің негізінде стратегиялық объектіге өндіріп алуды айналдыруға» деген сөздермен толықтырылсын;
      10-тармақта:
      бірінші абзацта «меншік иесімен» деген сөздерден кейін «не кепіл ұстаушымен» деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Стратегиялық объектінің меншік иесі, сондай-ақ кепіл ұстаушы өзінде кепілге алынған мүлікті (стратегиялық объектіні) иеліктен шығаруға құқық туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес стратегиялық объектіні иеліктен шығарудан бас тарта алады.»;
      3) «Стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу және оларды иеліктен шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 сәуірдегі № 320 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 171-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу және оларды иеліктен шығару ережесінде:
      2-тармақта:
      3) тармақшада «заңды тұлға.» деген сөздер «заңды тұлға;» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) кепіл ұстаушы - кепіл беруші кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелерді орындамаған жағдайда кепілге алынған мүлік тиесілі тұлғаның басқа кредит берушілер алдында басым осы мүлкінің құнынан қанағаттануына құқығы бар кредит беруші.»;
      5-тармақта «мүшелерінің» деген сөзден кейін «, салалық мемлекеттік органдардың және өзге мүдделі мемлекеттік органдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
      9-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Кепіл ұстаушының соның негізінде стратегиялық объект оқшауландырылған шартқа сәйкес кепілге алынған мүлікті (стратегиялық объектіні) иеліктен шығаруды жүзеге асыру ниеті болған жағдайда кепіл ұстаушы кепілге алынған мүлікті иеліктен шығаруға рұқсат алу үшін уәкілетті органға жүгінеді.»;
      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
      «10-1. Сот актісінің негізінде жария сауда-саттықтан стратегиялық объектіні сату кезінде сауда-саттықтан шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар, бейрезиденттердің және олармен аффилиирленген тұлғалардың қатысуы бар заңды тұлғалар жіберілмейді.»;
      мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:
      «14. Стратегиялық объектінің кепіл ұстаушысы иеліктен шығарудың ерекше шарттарын және стратегиялық объектіні сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптарды белгілей отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсат беру туралы шешімінің негізінде кепілге алынған мүлікті иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды.
      Сот актісінің негізінде кепілге алынған мүлікті (стратегиялық объектіні) иеліктен шығару Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен белгіленген кепіл мүлікті иеліктен шығарудың ерекше шарттары мен сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптар бойынша жүзеге асырылады.
      Кепілге алынған мүлікті иеліктен шығаруға рұқсат алу үшін стратегиялық объектінің кепіл ұстаушысы уәкілетті органға осы Ереженің 3-тармағының 1), 2), 4), 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ кепіл шартын, кепілге алынған мүлікті иеліктен шығарудың (сатудың) болжамды бағасын, стратегиялық объектіні әлеуетті сатып алушыларға қойылатын талаптарды береді.
      Сот актісінің негізінде әрекет ететін сот орындаушысы уәкілетті органға осы Ереженің 3-тармағының 4), 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ кепіл шартын, кепілге алынған мүлікті иеліктен шығарудың (сатудың) болжамды бағасын, стратегиялық объектіні әлеуетті сатып алушыларға қойылатын талаптарды береді.
      Ереженің осы тармағына сәйкес берілген өтініш пен құжаттар осы Ереженің 4, 5, 6, 7, 8-тармақтарында белгіленген тәртіппен қаралады.
      Иеліктен шығарудың ерекше шарттары және стратегиялық объектіні сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптар жөніндегі ұсыныстарды Комиссияның қарауына ұсыну үшін салалық мемлекеттік орган және өзге мүдделі мемлекеттік органдар уәкілетті органға береді.»;
      Стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу және оларды иеліктен шығару ережесіне қосымшада:
      «қаржы нарығында сатуды» деген сөздерден кейін «кепілге алынған мүлікті (стратегиялық объектіні) иеліктен шығаруды» деген сөздермен толықтырылсын;
      «12, 14-тармақтарында» деген сөздер «11, 13-тармақтарында, кепілге алынған мүлікті иеліктен шығарған кезде - 14-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов