Алматы облысының жекелеген мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 сәуірдегі № 370 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Алматы облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Сарқант орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі» мен «Алматы облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Лепсі орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемелері Алматы облысы әкімдігінің коммуналдық меншігіндегі мүліктік кешендер ретінде заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншікке қабылдасын және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарауына берілсін.
      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемелер қосу және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) деп қайта атау жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      3. «Алматы облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Үйгентас орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесінің жалпы алаңы 61131 гектар жер учаскелері орман коры жерлерінің санатынан алынсын.
      4. Мекемеге тұрақты жер пайдалану құқығымен осы қаулының 3-тармағында көрсетілген жер учаскелері және осы қаулыға қосымшаға сәйкес Алматы облысының Ақсу, Сарқант және Алакөл аудандарының аумағындағы жалпы алаңы 155962 гектар босалқы жерлер берілсін.
      5. Осы қаулыға қосымшада көрсетілген Мекеменің жер учаскелері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің санатына ауыстырылсын, ал осы аумақтағы ормандар «мемлекеттік ұлттық табиғи парктер ормандары» мемлекеттік орман қоры санатына жатқызылсын.
      6. Алматы облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Мекеме жерлері төңірегінде күзет аймағын белгілеп, онда осы аймақ шегінде экологиялық жүйелердің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге келеңсіз әсер ететін кез келген қызметке тыйым салсын және (немесе) шектесін.
      7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай
толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж. № 14, 168-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-3-жолмен толықтырылсын:
      «21-3. «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мемлекеттік мекемесі»;
      2) «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 қарашадағы № 1074 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж. № 42, 457-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:
      «Алматы облысы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-2-жолмен толықтырылсын:

     «

21-2

«Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

356022

Ақсу, Сарқант және Алакөл аудандары


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті

                                                                  »;

      3) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      реттік нөмірі 6-жолдың 3-бағанында:
      «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде» деген жолда:
      «12985» деген сандар «13170» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:» деген жолда:
      «4969» деген сандар «5154» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» 126» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі»       185».
      9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 30 сәуірдегі
№ 370 қаулысына    
қосымша       

Алматы облысының аумағындағы
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Жоңғар Алатауы»
мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесіне тұрақты
жер пайдалануға берілетін жер учаскелерінің экспликациясы

Р/с

Жерлер санаты

Алаңы, га

1

Ақсу ауданы
1) босалқы жерлер

33469


2) орман қорының жерлері, оның ішінде Сарқант орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі

21788


жиыны:

55257

2

Сарқант ауданы
1) босалқы жерлер

44005


2) орман қорының жерлері, оның ішінде:

107942


Сарқант орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі;

63162


Лепсі орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі

44780


жиыны:

151947

3

Алакөл ауданы
1) босалқы жерлер

78488


2) орман қорының жерлері, оның ішінде:

70330


Лепсі орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі;

9199


Үйгентас орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі,

61131


оның ішінде: Көкжар орманшылығы

61131


жиыны:

148818


Барлығы:

356022