Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібін басқару жүйесін жетілдіру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 сәуірдегі № 357 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібін басқару жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан инжиниринг (Kazakhstan Engineering)» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының пакеттері Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне сенімді басқаруға берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамымен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 29, 376-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ережеде:
      11-тармақта:
      бесінші абзац «мемлекетте» деген сөзден кейін «, оның ішінде қорғаныс өнеркәсібінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «қорғаныс өнеркәсібін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлейді;»;
      он үшінші абзацтағы «әскери» деген сөзден кейін «және әскери-техникалық» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      «мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
      қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы басшылықты жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау ережесін әзірлейді;
      қорғаныстық тапсырысты қалыптастырады, оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады және бекітілген қорғаныстық тапсырыс тапсырмаларын мемлекеттік тапсырыс берушілер мен орындаушыларға жеткізеді;
      салааралық үйлестіруді және қорғаныстық тапсырыстың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.»;
      2) «Кейбір акционерлік қоғамдардың директорлар кеңестері құрамдарының жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 шілдедегі № 1068 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 32, 306-құжат):
      1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбековті Директорлар кеңесінің төрағасы етіп «Қазақстан инжиниринг (Kazakhstan Engineering)» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының;»;
      7) тармақшадағы «(қадағалау кеңестерінің)» деген сөздерден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Павлович Рауды «Қазақстан инжиниринг (Kazakhstan Engineering)» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының».
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов