«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 16 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1672 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы министрлігі тіркейтін көлік құралдарын қоспағанда, автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу және нөмірлік тіркеу белгілерін беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын да:
8-тармақтың екінші абзацындағы «ең төменгі» деген сөздер «айлық» деген сөзбен ауыстырылсын;
12-тармақ мынадай мазмұндағы тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтармен толықтырылсын:
«жеке тұлға сондай-ақ мыналарды ұсынады:
салық төлеушілер үшін - Кодексте белгіленген тәртіппен көлік құралдарына салық төлегенін растайтын құжат;
Кодекске сәйкес салық төлеушілер болып табылмайтын тұлғалар үшін - салық төлеуден босату құқығын растайтын құжат.».
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов