Қырғыз Республикасында қалыптасқан экономикалық ахуалға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қырғыз Республикасына ізгілік көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен саны 3700 (үш мың жеті жүз) тонна дизель отыны (жазғы) броньнан шығарылсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.04.29 № 368 Қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қырғыз Республикасына дизель отынын темір жол көлігімен
Рыбачье, Ош станцияларына дейін тасымалдау және жеткізу үшін жылжымалы құрамды уақтылы беруді қамтамасыз етсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.04.29 № 368 Қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ізгілік көмекті алушыны анықтасын және оны көрсету жөніндегі шараларды үйлестіруді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов