Қырғыз Республикасында қалыптасқан экономикалық ахуалға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі Қырғыз Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін заңнамада белгіленген тәртіппен 3000 (үш мың) тонна дизель отынын тиеуді қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қырғыз Республикасына дизель отынын тасымалдау және жеткізу үшін жылжымалы құрамды уақтылы беруді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ізгілік көмекті алушыны анықтасын және оны көрсету жөніндегі шараларды үйлестіруді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов