Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне ұйымдардың жарғыларын бекітуге енгізсін және оларды әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 30 наурыздағы
№ 245 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер
1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 109-18-1, 109-18-2-жолдармен толықтырылсын:
«109-18-1 «Өнеркәсіп қауіпсіздігі проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) Астана қаласы;
109-18-2 «Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс арнайы ғылыми-зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) Алматы қаласы»;
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті» деген бөлімде:
реттік нөмірі 109-23-2-жол алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті» деген бөлім алынып тасталсын.
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 295-2-жолмен толықтырылсын:
«295-2. «Өрт сөндіруші» АҚ»;
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетіне» деген бөлім алынып тасталсын.
3. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі комитеттерінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 626 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 24, 251-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Кәсіпорын» және «Акционерлік қоғам» деген бөлімдер алынып тасталсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Кәсіпорындар» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«Кәсіпорын
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің орталық штабы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Астана қаласы».
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.