Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:
1. "Соттардың қылмыстық істерді қысқартылған тәртіппен қарауы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы № 17 нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) 8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Сот, сондай-ақ ҚІЖК-нің 361-бабында қарастырылған негіздер мен тәртіп бойынша сот отырысында дәлелдемелерді зерттеуді шектеу туралы қаулы шығара алады.";
2) 9-тармақтың бірінші сөйлеміндегі "үшінші" деген сөз "төртінші" деген сөзбен ауыстырылсын, "жаңа" деген сөз алынып тасталсын.
3) 13-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының Төрағасы | М. Әлімбеков |
Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының судьясы, | |
жалпы отырыс хатшысы | Ж. Бәйішев |