Ескерту. бүкіл мәтін бойынша:
"ҚІЖК-де", "ҚІЖК-нің", "ҚІЖК-ге" тиісінше деген сөздер "ҚПК-де", "ҚПК-нің", "ҚПК-ге" деген сөздермен;
"363" деген цифрлар "382" деген цифрлармен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2016 № 16 Нормативтік қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қылмыстық істерді қысқартылған тәртіппен қарау кезінде заңнама нормаларын сот практикасында біркелкі қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:
1. Қылмыстық істерді қысқартылған тәртіппен қарау сот төрелігін іске асырудың жеделдігін арттыратынына, сот іс жүргізуге байланысты шығындарды кемітетіне судьялар мен іс жүргізуге қатысушылардың уақытын үнемдейтініне, соттардың назары аударылсын.
2. Соттар Қазақстан Республикасы "Қылмыстық-процестік кодексінің (әрі қарай – ҚПК) 382-бабының бірінші бөлігіне сәйкес онша ауыр емес, ауырлығы орташа, сондай-ақ ауыр қылмыстар туралы істерді қысқартылған тәртіппен қарауға болатынын назарда ұстағандары жөн. Істерді қысқартылған тәртіппен қарау, оның ішінде кәмелетке толмағандар, сот iсi жүргiзілетін тiлдi бiлмейтiн адамдар туралы, жәбірленушісі жоқ және басқа да істер бойынша заңмен қандай да болмасын шектеулер белгіленбеген.
Егер сотталушы өзінің кінәсін және өзіне қойылған талапты толық көлемінде мойындаса, сотқа дейін іс жүргізу барысында ҚПК-де белгіленген ережелердің бұзылуына жол берілмесе және процеске қатысушылар іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің қатыстылығы мен қолданылуына дау туғызбаса және қысқартылған сотқа дейінгі тергеу істері бойынша, сондай-ақ медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасалған істер бойынша оларды сот отырысында зерттеуді талап етпесе, сот істі қысқартылған тәртіппен жүргізу туралы шешім қабылдайды.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2016 № 16 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.3. Істі қысқартылған тәртіппен қарау туралы мәселені сот ҚПК-нің 382-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздерді анықтағаннан кейін, істі өндіріске қабылдаған кезде өзі, сондай-ақ бас сот талқылауының басында, тараптардың пікірін ескере отырып, шешеді. Соттың шешімі басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулыларда жазылады немесе сот талқылауының барысында тікелей жарияланады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2016 № 16 Нормативтік қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).4. Егер басты сот талқылау барысында прокурор аса ауыр қылмысты жасады деген айыпты басқа онша ауыр емес қылмыс жасады деген айыпқа өзгертсе, сот сот отырысын қысқартылған тәртіппен жүргізу туралы мәселені қарауға тиіс.
Тараптар істі қысқартылған тәртіппен қарау туралы өтінішхат берген жағдайда істі іс жүргізуге қабылдау кезінде және оған ҚПК-нің 382-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер болған кезде істі алдын ала тыңдау ҚПК-нің 321-бабының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2016 № 16 Нормативтік қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).5. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2016 № 16 Нормативтік қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
6. Сот істі қысқартылған тәртіппен қарау туралы шешім қабылдау кезінде ҚПК-нің 319, 320-баптарында белгіленген мәселелерді, атап айтқанда:
істің осы соттың қарауына жататынын;
таңдалынып алынған бұлтартпау шарасының өзгертуге немесе жоюға жататынын не жатпайтынын;
істе істі қысқарту не іс бойынша іс жүргізуді тоқтату үшін негіздердің бар-жоғын;
тергеу немесе алдын ала тергеу, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру жүргізу, кінәні мойындау туралы процестік келісім, медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасасу жүргізу кезінде басты сот талқылауын тағайындауға кедергі болатын бұзушылықтарға жол берілгенін не берілмегенін және басқаларды анықтауға міндетті.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2016 № 16 Нормативтік қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).7. Соттың істі қысқартылған тәртіппен қарау туралы шешімі басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулыларда, немесе басты сот талқылауында жеке құжат ретінде, немесе оны сот отырысының хаттамасына енгізе отырып, жазылады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2016 № 16 Нормативтік қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).Сот талқылауын қысқартылған тәртіппен жүргізу кезінде сот тергеуі ҚПК-нің 382-бабының екінші бөлігіне сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте басқа дәлелдемелерді жариялау және зерттеу талап етілмейді, өйткені оларды ешкім дауламайды және олар нанымдылығы, қатыстылығы және жол берілетіндігі бойынша танылады. Сот жарыссөзі мен істің қаралуын аяқтау сот жарыссөзі жүргізілмейтін және сотталушы соңғы сөзді сөйлемейтін, медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісім жасалған істерді қоспағанда, ҚПК-нің 383, 384, 385, 386-баптарында белгіленген қағидалар бойынша жүргізіледі.
Сот талқылауының қысқартылған тәртібі кезінде іс жүргізуге қатысушылардың процессуалдық құқықтарын кемсітуге немесе құқықтарына қысым жасауға, шектеу қоюға жол берілмейді.
Егер ол іс бойынша тарап болып табылмайтын басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын мән-жайларды зерттеудің жан-жақтылығына, толықтығы мен объективтілігіне әсер ететін болса, сот талқылауы қысқартылған тәртіппен жүргізілуі мүмкін емес.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2010.06.25 N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 22.12.2016 № 16 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.9. ҚПК-нің 382-бабының үшінші бөлігінің негізінде, егер басты сот талқылауының барысында айыпталушыдан немесе жәбірленушіден жауап алу кезінде сот отырысында зерттеуді қажет ететін мән-жайлар анықталса сот тергеуді толық көлемде жүргізу туралы қаулы шығара алады. Егер сот жарыссөздерінде сөйлегендер немесе сотталушы соңғы сөзінде іс үшін маңызы бар жаңа мән-жайлар туралы хабарласа, сот тараптардың өтініші бойынша немесе өз бастамашылығымен ҚПК-нің 385-бабының негізінде, сот тергеуін қайтадан жүргізеді. Қайта жүргізілген сот тергеуі аяқталғаннан кейін сот жарыссөзін сот қайтадан ашады және соңғы сөзін сөйлеуі үшін сотталушыға сөз береді. Егер іс жүргізуге қатысушылар жаңа мән-жайларға дау айтса сот тергеуді кәдуілгі тәртіппен жүргізу туралы қаулы етеді.
Істі сотта іс жүргізуге қабылдау сатысында басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық-процестік заңнаманың елеулі бұзушылықтары анықталса, ал сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру, кінәні мойындау туралы жасалған процестік келісімі бар істер бойынша да және басты сот талқылауы барысында да осы бұзушылықтар анықталса, сот оларды жою үшін уәжді қаулымен ҚПК-нің 323-бабының тәртібімен істі прокурорға қайтарады.
Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу істері бойынша, кінәні мойындау туралы жасалған процестік келісімі бар істер бойынша басты сот талқылауы барысында анықталған қылмыстық-процестік заңнаманы елеулі бұзушылықтар деп сотты оны жүргізу мүмкіндігінен айыратын бұзушылықтарды таныған жөн.
Атап айтқанда, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу істері бойынша басты сот талқылауын жүргізуге ҚПК-нің 190-бабының алтыншы бөлігінде көзделген негіздер, кінәні мойындау туралы жасалған процестік келісімі бар істер бойынша, ҚПК-нің 613-бабында көрсетілген шарттардың бұзылуы кедергі болуы мүмкін.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2010.06.25 N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 22.12.2016 № 16 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.10. Соттар қылмыстық істерді қысқартылған тәртіппен қарау мерзімдерін қатаң сақтағандары жөн. Істі қысқартылған тәртіппен сот талқылауы сот талқылауы басталған кезден бастап есептелетін он күн мерзімде аяқталуға тиіс. Айрықша жағдайларда бұл мерзім ҚПК-нің 382-бабының екінші бөлігіне сәйкес судьяның уәжді қаулысымен жиырма тәулікке дейін ұзартылуы мүмкін.
Іс қарау мерзімдерді ұзартудың негіздері сотталушының, жәбірленушінің келмеуі; тараптардың залалды өз еркімен өтеу үшін мерзім беруге өтінішхат беруі; процестік келісім жасасу туралы өтінішхат беру және т.б. болуы мүмкін.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2016 № 16 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.11. Істі қысқартылған тәртіппен қараған кезде сот айыптау үкімін, сондай-ақ ақтау үкімін шығаруға, заңда көзделген негіздер болған жағдайда істі қысқартуға не сотталғанды жазадан босатуға құқылы. Сот үкімге істің қысқартылған тәртіппен қаралғаны туралы жазып, сот отырысында зерттелмеген іс материалдарындағы дәлелдемелерге сілтеме жасауға құқылы. Істі қысқартылған тәртіппен қарау кезінде сотталушы кінәсін мойындайды деп көзделетіндіктен жазаны тағайындау кезінде мұны қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерген дұрыс.
12. Сотта ҚПК-ге қатаң сәйкес жүргізілген істің қысқартылған тәртіппен қаралуын сот тергеуі толық жүргізілмеді немесе сот тергеуі біржақты жүргізілді деп бағалауға болмайды, ал үкім негізсіз деп саналуға тиіс емес әрі зерттелмеген немесе дәлелдемелері жеткіліксіз деген уәждермен бұзылуға жатпайды. Қысқартылған тәртіппен қаралған істер бойынша шағымдарды, соттың үкімдеріне, қаулыларына наразылықтарды апелляциялық тәртіппен қарауды судья жеке-дара жүзеге асырады.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2016 № 16 Нормативтік қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).13. Соттар қысқартылған тәртіппен қаралған істер бойынша шығарылған үкімдерге, қаулыларға апелляциялық шағымдар, кассациялық өтінішхаттар, наразылықтар бойынша істерді қарау кезінде бірінші сатыдағы соттың ҚПК-нің 382-бабының талаптарын қаншалықты сақтағанын тексеруге тиіс.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2010.06.25 N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 22.12.2016 № 16 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.13-1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 55-бабының үшінші бөлігіне сәйкес жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша қылмыстық істерді қысқартылған тәртіппен қарау кезінде жасалған қылмыс үшiн жазаның мерзімін және мөлшерін ҚК-нің Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің жартысынан асыруға болмайды.
Ескерту. Нормативтік қаулы 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2016 № 16 Нормативтік қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.13-2. Кінәні мойындау туралы жасалған процестік келісімі бар қылмыстық істер арнайы норма болғандықтан, ҚПК-нің 64-тарауының талаптарын сақтай отырып, келісімдік іс жүргізу тәртібімен шешіледі. Ынтымақтастық туралы процестік келісімі бар істер қысқартылған тәртіппен қаралуға жатпайды және ҚПК-нің 51-тарауына сәйкес сот шешімдерін орындау сатысында шешіледі.
Ескерту. Нормативтік қаулы 13-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2016 № 16 Нормативтік қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).14. Қылмыстық іс жүргізу заңының нормаларының бұзылуына байланысты істі қысқартылған тәртіппен қарау кезінде шығарылған үкімнің күші жойылып, іс жаңадан талқылауға жіберілген жағдайда іс ҚПК-нің 382-бабының бірінші бөлігінің талаптары сақтала отырып қайтадан қысқартылған тәртіппен қаралады.
15. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға міндетті болып табылады әрі ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Қазақстан Республикасы |