Әуе көлігімен тасымалданатын, оларға қатысты қарап тексеру жүргізілмейтін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының арнайы тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1509 қаулысы.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 58) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Әуе көлігімен тасымалданатын, оларға қатысты қарап тексеру жүргізілмейтін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының арнайы тізбесі бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасының оларға қатысты тексеру жүргізілмейтін, әуе көлігімен тасымалданатын лауазымды тұлғаларының арнайы тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 788 қаулысы;

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 788 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 наурыздағы № 187 қаулысы.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1509 қаулысымен
бекітілген

Әуе көлігімен тасымалданатын, оларға қатысты қарап тексеру
жүргізілмейтін Қазақстан Республикасының лауазымды
адамдарының арнайы тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.10.2014 N 1098 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.10.2019 № 799 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      1. Қазақстан Республикасының Президенті

      2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

      3. Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Төрағасы

      4. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Төрағасы

      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

      6. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы

      7. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы

      8. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы

      9. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы

      10. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

      11. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы

      12. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры

      13. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы

      14. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 24.10.2019 № 799 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы

      16. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы