Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 788 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 наурыздағы № 187 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1509 Қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2011.01.06 № 2 қаулысымен
      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылдың 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-2 тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылдың 13 сәуіріндегі Заңының 31 бабына сәйкес, Қорғалжын аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылғы жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Қорғалжын ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С.Касенов