Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 351 және 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 286 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1482 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 351 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      «3. Елдің борышын басқарудың бірыңғай және тиімді жұмыс істейтін жүйесін құру үшін қажетті ұйымдастыру іс-шараларын өткізу» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 7-жолдың 4-бағанындағы «ЭБЖМ» деген аббревиатура «ЭДСМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 8-жолда:
      3-бағанындағы «ҰБ-не» деген сөздерден кейін «, СА-ға» деген сөзбен толықтырылсын;
      4-бағанындағы «Қазына» АҚ, «Самұрық» АҚ» деген сөздер «Самұрық-Қазына» АҚ» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-1-жолмен толықтырылсын:

«

8-1

Ұлттық компаниялардың қаржы-шаруашылық қызметі туралы статистикалық ақпаратты қалыптастыру

статистикалық бюллетень

СА

тоқсан сайын, жылдық

»;

      реттік нөмірі 9-жолдың 4-бағанындағы «ЭБЖМ» деген аббревиатура алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-1 жолмен толықтырылсын:

«

9-1

Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және олардың еншілес ұйымдарының, сондай-ақ жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялар борыштарының жай-күйі туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша), ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер мен жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялар

тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 30-күні

»;

      реттік нөмірлері 10, 17-жолдардың 4-бағанындағы «ЭБЖМ» деген аббревиатура алынып тасталсын;
      Ескертпеде:
      «ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі»;
      «ҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Самұрық-Қазына» АҚ - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ»;
      2) «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту және олардың іске асырылуын бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 286 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 29, 220-құжат):
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Даму жоспары бекітілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту және олардың іске асырылуын бағалау ережесінде белгіленген тәртіппен Мемлекеттік кәсіпорындардың және мекемелердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар тізілімінің құрылымына қосу үшін даму жоспарларын ұсынуды қамтамасыз етсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларын әзірлеу, бекіту және олардың іске асырылуын бағалау ережесінде:
      12-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
      «Компанияның даму стратегиясы Компанияның қаржылық тұрақтылығының, соның ішінде жиынтық борышының деңгейін және валюта позицияларын сипаттайтын көрсеткіштерін қамтуға тиіс»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту және олардың іске асырылуын бағалау ережесінде:
      3-тармақта:
      «дивидендтер» деген сөз «дивидендтерді, қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Компанияның даму жоспарында қолданылатын қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерінің толық тізбесі мен нысаналы мәндерін, соның ішінде акциялары (қатысу үлестері) Компанияға заңды тұлғалар қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқық беретін заңды тұлғалар борышының деңгейін Компания айқындайды.»;
      7.2-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) борыш деңгейін сипаттайтын мынадай көрсеткіштерді:
      қаржылық левередж коэффициентін;
      ағымдағы өтімділік коэффициентін;
      пайыздардың өтелу коэффициентін;
      қарыз/EBITDA коэффициентін (экономиканың нақты секторының компаниялары үшін) міндетті түрде көрсете отырып, Компанияның және акциялары (қатысу үлестері) Компанияға заңды тұлғалар қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқық беретін заңды тұлғалардың негізгі қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері;»;
      7.4-тармақ:
      үшінші абзац «қарыздарды тарту және олардың негіздемесі» деген сөздердің алдынан «борыштың орнықты жай-күйінің қамтамасыз етілуін есепке ала отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
      «11-1. Компаниялардың бекітілген даму жоспарларын Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалар тізілімінің (бұдан әрі - Тізілім) құрылымына косу үшін ұсыну мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) Компания «Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттік меншік жөніндегі деректердің ақпараттық базасын жүргізу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 наурыздағы № 246 қаулысына сәйкес анықталған Тізілімді ұстаушы (бұдан әрі - тізілім ұстаушы) әзірлеген бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, Даму жоспарларын дайындайды. Бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеу нәтижесінде Компанияның даму жоспары бар электронды есеп (бұдан әрі - электронды есеп) қалыптастырылады, оған ұлттық куәландырушы орталық берген Компанияның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылуы кажет;
      2) Даму жоспары бекітілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Компания Директорлар кеңесінің оны бекіту туралы сканерленген шешімін электронды есепке тіркеп, электронды есепті тізілім ұстаушыға жібереді;
      3) тізілім ұстаушы Компанияның электронды есебі түскен күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның электронды мекенжайына электронды есептің Тізілімге қосылғаны немесе оны қабылдаудан бас тарту себептері туралы хабарландыру жібереді. Осы Ережеде көрсетілген талаптарды Компанияның орындамауы тізілім ұстаушының электронды есепті қабылдаудан бас тартуына негіз болып табылады;
      4) қарыз алу туралы келісім жасасу барысында Компаниялар 5 жұмыс күні ішінде Тізілім жүйесінде осы Ереженің 7.2-тармағының 5-1) тармақшасында көрсетілген көрсеткіштер бойынша ақпаратты көрсетеді.»;
      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
      «12-1. Компания түзетілген Даму жоспарын Тізілім құрылымына қосу үшін осы Ереженің 11-1-тармағында белгіленген тәртіппен ұсынады.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов