Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2041 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1473 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 300 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.05.2016 № 300 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалаудың (қайта таңбалаудың) кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2041 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 57, 497-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      3-тармақтағы «2010 жылғы 1 желтоқсанға» деген сөздер «2011 жылғы 1 наурызға» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов