Шарап материалын, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен қайта таңбалаудың кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 300 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 55, 784-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасында:
      15-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бюджетке салықтық емес түсімдер болып табылатын көрсетілген ақшалай қаражатты тиісті бюджетке аударуды меншік иесі осы Қағиданың 7-тармағында көзделген шешім қабылданғаннан кейін күнтізбелік жиырма күн ішінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың тиісті кодтарына жүргізеді. Меншік иесінің болашақта мүлік құқығын мемлекеттік меншікке өтеусіз беру уәдесін қамтитын сыйға тарту шарты бойынша ақшалай қаражатты аудару сыйға тарту шартында белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов