Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 мамырдағы № 459 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 1422 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мемлекеттік статистика мәселелері жөнінде кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 мамырдағы № 459 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 24, 245-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      Мемлекеттік статистика мәселелері жөніндегі кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:

Қайырбекова             - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Салидат Зекенқызы         сақтау министрі;

Жұмағұлов               - Қазақстан Республикасының Білім және
Бақытжан Тұрсынұлы        ғылым министрі;

      көрсетілген кеңестің құрамынан Жақсылық Ақмырзаұлы Досқалиев, Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев шығарылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік статистика мәселелері жөніндегі кеңес туралы ережеде:
      11-тармақтағы «үш рет» деген сөздер «бір рет» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов