Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік статистика мәселелері жөнінде кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 мамырдағы № 459 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 24, 245-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Мемлекеттік статистика мәселелері жөніндегі кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
Қайырбекова - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Салидат Зекенқызы сақтау министрі;
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасының Білім және
Бақытжан Тұрсынұлы ғылым министрі;
көрсетілген кеңестің құрамынан Жақсылық Ақмырзаұлы Досқалиев, Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев шығарылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік статистика мәселелері жөніндегі кеңес туралы ережеде:
11-тармақтағы «үш рет» деген сөздер «бір рет» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов