Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жасау жөнінде кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 1406 Қаулысы

Жаңартылған

      Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2010 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1406 қаулысымен    
бекітілген       

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл
жасау жөніндегі кеңестің ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Кеңес қызметінің мақсаты мемлекеттік органдармен бірлесіп Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі - ЭЫДҰ) бағдарламалары мен бастамаларын тиімді үйлестіруді және Қазақстан Республикасының осы ұйымға кіру үдерісін қамтамасыз ету болып табылады.
      3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. ЭЫДҰ кеңесінің негізгі міндеттері мен құқықтары

      4. ЭЫДҰ кеңесінің негізгі міндеттері:
      1) ЭЫДҰ бастамалары мен бағдарламаларын үйлестіру;
      2) Мемлекеттік органдармен бірлесіп Қазақстан Республикасының ЭЫДҰ-ға кіру үдерісін қамтамасыз ету;
      3) ЭЫДҰ стандарттары мен ұсынымдарын енгізуге жәрдемдесу.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.05.06 № 486 Қаулысымен.
      5. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін өз құзыреті шегінде:
      1) ЭЫДҰ шеңберінде жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен ұйымдардан Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат сұрауға және алуға құқылы.

3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру

      6. Кеңесті төраға - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқарады, ол оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады.
      Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Кеңес төрағасының орынбасары орындайды.
      7. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.05.06 № 486 Қаулысымен.
      8. Кеңестің жұмыс органы:
      1) Кеңес отырысының күн тәртібін қалыптастырады;
      2) Кеңес шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды;
      3) Кеңес мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді.
      9. Жұмысты ұйымдастыруды, Кеңес отырыстарын өткізуге дайындықты, тиісті құжаттарды, материалдарды дайындауды және Кеңестің отырыстарынан кейін хаттаманы ресімдеуді Кеңес хатшысы жүзеге асырады.
      Хатшы Кеңестің мүшесі болып табылмайды.
      10. Кеңес отырыстарында каралатым мәселелердің тізбесі қажеттілігіне қарай жасалады.
      11. Кеңес отырыстарының материалдары Кеңес мүшелеріне Кеңестің отырысына дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі.
      12. Кеңес отырыстарының нәтижелері бойынша барлық мүшелері міндетті түрде қол қоятын хаттама жасалады. Кеңестің шешімдері ашық дауыс беру жолымен көпшілік дауыс арқылы қабылданады және егер оған Кеңестің отырысына қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.
      13. Кеңестің шешімі ұсынымдық сипатқа ие.
      14. Кеңестің отырыстары тоқсан сайын кемінде бір рет өткізіледі және егер оларға оның мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, заңды болып саналады. шұғыл шешім қабылдау қажет болған жағдайда, төрағаның шақыруымен Кеңестің кезектен тыс отырысы өткізілуі мүмкін.

4. Кеңестің қызметін тоқтату

      15. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Кеңестің қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2010 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1406 қаулысымен  
құрылды        

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл
жасау жөніндегі кеңестің құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.05.06 № 486 Қаулысымен.

Орынбаев                          - Қазақстан Республикасы
Ербол Тұрмаханұлы                   Премьер-Министрінің
                                    орынбасары, төраға

Бекетаев                          - Қазақстан Республикасы Әділет
Марат Бақытжанұлы                   министрлігінің жауапты хатшысы,
                                    төрағаның орынбасары

Тұяқбаев                          - Қазақстан Республикасы Әділет
Ерлан Әлімжанұлы                    министрлігі Мемлекеттің мүліктік
                                    құқықтарын қорғау департаментінің
                                    директоры, хатшы

Алдабергенов                      - Қазақстан Республикасы Табиғи
Нұрлан Шәдібекұлы                   монополияларды реттеу
                                    агенттігінің төрағасы

Есенбаев                          - Қазақстан Республикасы
Мәжит Төлеубекұлы                   Бәсекелестікті қорғау
                                    агенттігінің (Монополияға қарсы
                                    агенттік) төрағасы

Нокин                             - Қазақстан Республикасы Құрылыс
Серік Кеңесұлы                      және тұрғын үй-коммуналдық
                                    шаруашылық істері агенттігінің
                                    төрағасы

Нұрпейісов                        - Қазақстан Республикасы
Қайрат Айтмұхамбетұлы               Мемлекеттік қызмет істері
                                    агенттігінің төрағасы

Смайылов                          - Қазақстан Республикасы Статистика
Әлихан Асханұлы                     агенттігінің төрағасы

Өзібеков                          - Қазақстан Республикасы Жер
Өмірзақ                             ресурстарын басқару агенттігінің
                                    төрағасы

Ақышев                            - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Данияр Талғатұлы                    Банкі Төрағасының орынбасары
                                    (келісім бойынша)

Әбсаттаров                        - Қазақстан Республикасы Байланыс
Қайрат Бектайұлы                    және ақпарат министрлігінің
                                    жауапты хатшысы

Жошыбаев                          - Қазақстан Республикасы Сыртқы
Рәпіл Сейітханұлы                   істер министрлігінің жауапты
                                    хатшысы

Әубәкіров                         - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Амантай Акрамұлы                    министрінің орынбасары

Құрманғалиев                      - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Әсет Қабиұлы                        министрінің орынбасары

Pay                               - Қазақстан Республикасының
Альберт Павлович                    Индустрия және жаңа технологиялар
                                    бірінші вице-министрі

Бектұров                          - Қазақстан Республикасының Көлік
Азат Ғаббасұлы                      және коммуникация вице-министрі

Дәленов                           - Қазақстан Республикасының Қаржы
Руслан Ерболатұлы                   вице-министрі

Құрманғалиева                     - Қазақстан Республикасының
Аида Дәденқызы                      Денсаулық сақтау вице-министрі

Ахметов                           - Қазақстан Республикасының Еңбек
Серік Әбжәлиұлы                     және халықты әлеуметтік қорғау
                                    вице-министрі

Телебаев                          - Қазақстан Республикасының
Ғазиз Тұрысбекұлы                   Мәдениет вице-министрі

Тұрмағамбетов                     - Қазақстан Республикасының
Мәжит Әбдіқалықұлы                  Қоршаған ортаны қорғау
                                    вице-министрі

Сарыбеков                         - Қазақстан Республикасының Білім
Махметғали Нұрғалиұлы               және ғылым вице-министрі

Мағауов                           - Қазақстан Республикасының Мұнай
Әсет Маратұлы                       және газ вице-министрі

Смайылов                          - Қазақстан Республикасының Төтенше
Жанболат Аманкелдіұлы               жағдайлар вице-министрі

Өскенбаев                         - Қазақстан Республикасының Туризм
Қайырбек Айтбайұлы                  және спорт вице-министрі

Хасенов                           - Қазақстан Республикасының Ауыл
Сақташ Сатыбалдыұлы                 шаруашылығы вице-министрі

Ертілесова                        - «Қазақстан Республикасының
Жаннат Жұрғалиқызы                  Үкіметі жанындағы Ұлттық талдау
                                    орталығы» акционерлік қоғамы
                                    Директорлар кеңесінің төрайымы,
                                    Қазақстан Республикасы
                                    Премьер-Министрінің штаттан тыс
                                    кеңесшісі (келісім бойынша)

Манасова                          - «Қазақстан Республикасының
Аяна Тоқтағанқызы                   Үкіметі жанындағы Ұлттық талдау
                                    орталығы» акционерлік қоғамының
                                    басқарма төрайымы, (келісім
                                    бойынша)

Ежов                              - «Назарбаев Университеті»
Владислав Николаевич                акционерлік қоғамының Атқарушы
                                    кеңесі төрағасының кеңесшісі
                                    (келісім бойынша)