Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жасау жөнінде кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 1406 Қаулысы

Жаңартылған

      Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен тиімді өзара іс-қимыл жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2010 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1406 қаулысымен    
бекітілген       

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл
жасау жөніндегі кеңестің ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Кеңес қызметінің мақсаты мемлекеттік органдармен бірлесіп Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі - ЭЫДҰ) бағдарламалары мен бастамаларын тиімді үйлестіруді және Қазақстан Республикасының осы ұйымға кіру үдерісін қамтамасыз ету болып табылады.
      3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. ЭЫДҰ кеңесінің негізгі міндеттері мен құқықтары

      4. ЭЫДҰ кеңесінің негізгі міндеттері:
      1) ЭЫДҰ бастамалары мен бағдарламаларын үйлестіру;
      2) Мемлекеттік органдармен бірлесіп Қазақстан Республикасының ЭЫДҰ-ға кіру үдерісін қамтамасыз ету;
      3) ЭЫДҰ стандарттары мен ұсынымдарын енгізуге жәрдемдесу.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.05.06 № 486 Қаулысымен.
      5. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін өз құзыреті шегінде:
      1) ЭЫДҰ шеңберінде жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен ұйымдардан Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат сұрауға және алуға құқылы.

3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру

      6. Кеңесті төраға - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқарады, ол оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады.
      Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Кеңес төрағасының орынбасары орындайды.
      7. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.07.2013 N 696 қаулысымен.
      8. Кеңестің жұмыс органы:
      1) Кеңес отырысының күн тәртібін қалыптастырады;
      2) Кеңес шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды;
      3) Кеңес мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді.
      9. Жұмысты ұйымдастыруды, Кеңес отырыстарын өткізуге дайындықты, тиісті құжаттарды, материалдарды дайындауды және Кеңестің отырыстарынан кейін хаттаманы ресімдеуді Кеңес хатшысы жүзеге асырады.
      Хатшы Кеңестің мүшесі болып табылмайды.
      10. Кеңес отырыстарында каралатым мәселелердің тізбесі қажеттілігіне қарай жасалады.
      11. Кеңес отырыстарының материалдары Кеңес мүшелеріне Кеңестің отырысына дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі.
      12. Кеңес отырыстарының нәтижелері бойынша барлық мүшелері міндетті түрде қол қоятын хаттама жасалады. Кеңестің шешімдері ашық дауыс беру жолымен көпшілік дауыс арқылы қабылданады және егер оған Кеңестің отырысына қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.
      13. Кеңестің шешімі ұсынымдық сипатқа ие.
      14. Кеңестің отырыстары тоқсан сайын кемінде бір рет өткізіледі және егер оларға оның мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, заңды болып саналады. шұғыл шешім қабылдау қажет болған жағдайда, төрағаның шақыруымен Кеңестің кезектен тыс отырысы өткізілуі мүмкін.

4. Кеңестің қызметін тоқтату

      15. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Кеңестің қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2010 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1406 қаулысымен  
құрылды        

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен өзара іс-қимыл
жасау жөніндегі кеңестің құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.07.2013 N 696 қаулысымен.

Орынбаев                  - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ербол Тұрмаханұлы           Министрінің орынбасары, төраға

Құсайынов                 - Қазақстан Республикасының Экономика және
Марат Әпсеметұлы            бюджеттік жоспарлау вице-министрі,
                            төрағаның орынбасары (ЭЫДҰ-ның Инвестиция
                            комитеті)

Байтенов                  - Қазақстан Республикасы Экономика және
Алмас Нұрланұлы             бюджеттік жоспарлау министрлігінің
                            Инвестициялық саясат департаменті                                     директорының орынбасары, хатшы

Оспанов                   - Қазақстан Республикасы Табиғи
Мұрат Мағауияұлы            монополияларды реттеу агенттігінің
                            төрағасы

Смайылов                  - Қазақстан Республикасы Статистика
Әлихан Асханұлы             агенттігінің төрағасы

Ақышев                    - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Данияр Талғатұлы            төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Жошыбаев                  - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Рәпіл Сейітханұлы           министрінің бірінші орынбасары

Громов                    - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Сергей Николаевич           министрінің орынбасары

Бекетаев                  - Қазақстан Республикасы Әділет
Марат Бақытжанұлы           министрлігінің жауапты хатшысы

Әбенов                    - Қазақстан Республикасының Білім және
Мұрат Абдуламитұлы          ғылым вице-министрі

Ахметов                   - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Серік Әбжәлиұлы             халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Бектұров                  - Қазақстан Республикасының Көлік және
Азат Ғаббасұлы              коммуникация вице-министрі

Дәленов                   - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-
Руслан Ерболатұлы           министрі (ЭЫДҰ-ның Салық саясаты және
                            салықтық әкімшілендіру орталығы)

Жұманғарин                - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму
Серік Мақашұлы              вице-министрі (ЭЫДҰ-ның Аумақтық даму,
                            индустрия, инновация және кәсіпкерлік
                            комитеті)

Ысқақов                   - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Мәрлен Нұрахметұлы          ортаны қорғау вице-министрі

Қырықбаев                 - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Арман Оразбайұлы            және ақпарат вице-министрі

Смайылов                  - Қазақстан Республикасының Төтенше
Жанболат Аманкелдіұлы       жағдайлар вице-министрі

Толыбаев                  - Қазақстан Республикасының Ауыл
Марат Еркінұлы              шаруашылығы вице-министрі (ЭЫДҰ-ның
                            Ауыл шаруашылығы комитеті)

Төкежанов                 - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Болат Тұрғанұлы             сақтау вице-министрі (ЭЫДҰ-ның Денсаулық
                            комитеті)

Тұрғынбаев                - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Ерлан Заманбекұлы           министрінің орынбасары

Лукин                     - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Андрей Иванович             қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
                            қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)
                            төрағасының бірінші орынбасары
                            (келісім бойынша)

Есентаев                  - Қазақстан Республикасы Спорт және
Тастанбек Құтжанұлы         дене шынықтыру істері агенттігі
                            төрағасының орынбасары

Көмекбаев                 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет
Әли Амантайұлы              істері агенттігі төрағасының орынбасары
                            (ЭЫДҰ-ның Мемлекеттік басқару комитеті)
                            (келісім бойынша)

Мәтішев                   - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Әлиақпар Болатұлы           қорғау агенттігі төрағасының орынбасары
                            (Монополияға қарсы агенттік)

Ертілесова                - «Ұлттық талдамалық орталық» акционерлік
Жаннат Жұрғалиқызы          қоғамы Директорлар кеңесінің төрайымы,
                            Қазақстан Республикасы Премьер-
                            Министрінің штаттан тыс кеңесшісі
                            (келісім бойынша)

Ежов                      - «Ұлттық талдамалық орталық» акционерлік
Владислав Николаевич        қоғамының басқарма төрағасы
                            (келісім бойынша)