"Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркеу" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы N 1403 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 136 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2014 № 136 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2010 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1403 қаулысымен   
бекітілген       

«Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.03 N 1021 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (бұдан әрі – Комитет) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14-кіреберіс, № А729 кабинет мекенжайы бойынша көрсетеді.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 13) тармақшасы мен 23-бабы және «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1124 қаулысы негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет стандарты www.mtc.gov.kz, www.reginfo.kz интернет-ресурстарында орналастырылады, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы анықтамалық ақпаратты (87172) 55-29-77 телефоны арқылы алуға болады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде (бұдан әрі - Мемлекеттік тіркелім) тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік) беру не қағаз тасығышта қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің меншік иелері немесе иеленушілері болып табылатын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушылар) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) Мемлекеттік тіркелімде тіркеу үшін мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырғанда:
      тексерудің оң нәтижесі болған кезде - мемлекеттік қызмет алушылар қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап қырық үш жұмыс күнінен аспайды;
      Мемлекеттік тіркелімде тіркеу үшін өтінім тиісті ресімделмеген не ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда, өтінімді қайтару – оны тапсырған сәттен бастап он бес жұмыс күнінен аспайды;
      2) қажетті құжаттарды тапсыру үшін кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты - жиырма минуттан аспайды;
      3) қажетті құжаттарды алу үшін кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты — отыз минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Комитеттің жұмыс тәртібі: демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      10. Мемлекеттік қызмет алушылардан құжаттарды қабылдау Комитеттің үй-жайында жүзеге асырылады. Ғимарат физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қол жеткізуіне арналған пандустары бар кіреберіспен жабдықталған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет алушылар мемлекеттік қызмет алу үшін:
      1) мемлекеттік қызмет алушы қол қойған және куәландырылған белгіленген нысандағы өтінімнің түпнұсқасын;
      2) өтінімнің қағаз және электрондық тасығыштағы көшірмесін ұсынады.
      12. Өтінім нысандары мен оларды толтыру бойынша түсіндірмелер: www.mtc.gov.kz, www.reginfo.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
      13. Құжаттарды қабылдауды: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14-кіреберіс, № А746 кабинет, телефон: (87172) 74-03-64 мекенжайы бойынша Комитеттің кеңсесі жүзеге асырады.
      14. Ілеспе хаттың көшірмесіндегі белгі және оны алу күнінің көрсетілуі мемлекеттік қызмет алушының оны алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайды.
      15. Мемлекеттік қызмет алушыға куәлікті немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауапты жеткізу пошта арқылы немесе қолма-қол жүзеге асырылады.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін өтінімнің тиісті ресімделмеуі және/немесе ұсынылған құжаттардың толық еместігі негіз болып табылады.

3. Жұмыс қағидаты

      17. Комитеттің қызметі адамның конституциялық құқықтарының, жүктелген функцияларды орындау кезінде заңдылықты сақтауға негізделеді және сыпайылылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Комитеттің мемлекеттік қызмет көрсетуінің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне шағымдану тәртібі туралы ақпаратты, сондай-ақ шағымды дайындауға көмекті № А 757 кабинет, (87172) 74-06-85 телефоны, kci@mtc.gov.kz мекенжайы бойынша Комитеттің лауазымды тұлғасынан алуға болады.
      21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы шағымды Комитет Төрағасының атына: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14-кіреберіс, № А729 кабинет, (87172) 74-03-24 қабылдау бөлмесі телефоны, kci@mtc.gov.kz мекенжайы бойынша жолдайды.
      Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      22. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде дұрыс қызмет көрсетілмеу мәселелері бойынша шағымды мемлекеттік қызметті алушы:
      1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің (87172) 24-29-09 «сенім телефонына»;
      2) www.mtc.gov.kz интернет-ресурсының «сенім беті» бөліміне;
      3) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің блогына (Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің www.mtc.gov.kz интернет-ресурсының «Көлік және коммуникация министрінің блогы» беті).
      Жазбаша шағым Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кеңсесіне: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық пошта мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, телефон: (87172) 24-13-12 мекенжайы бойынша беріледі.
      Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
      24. Шағым еркін нысанда, екі данада ресімделеді.
      25. Шағымның екінші данасында берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны, сондай-ақ шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғаның байланыс деректерінің көрсетілуі шағымның қабылданғанын растайды.
      26. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты www.mtc.gov.kz немесе www.reginfo.kz интернет-ресурстарынан және (87172) 74-06-85 телефоны арқылы алуға болады.

«Электрондық ақпараттық ресурстар
мен ақпараттық жүйелерді    
электрондық ақпараттық ресурстар
мен ақпараттық жүйелердің   
мемлекеттік тіркелімінде тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандартына 
қосымша             

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні

Есепті жылдағы көрсеткіштің ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап қызметтерді белгіленген мерзімде ұсыну жағдайларының % (үлесі)




2. Сапасы

2.1. Қызметтерді көрсету процесінің сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызмет алушылардың % (үлесі)




3. Қолжетімділігі

3.1. Қызметтердің көрсету сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызмет алушылардың % (үлесі)




3.2. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткізуге болатын қызметтердің % (үлесі)




4. Шағымдану процесі

4.1. Осы қызмет түрлері бойынша қызмет көрсетілген мемлекеттік қызмет алушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)




5. Сыпайылығы

5.1.Персоналдың сыпайлылығына қанағаттанған мемлекеттік қызмет алушылардың % (үлесі)