Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 1403 қаулысымен
бекітілген
«Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпараттандыру және байланыс комитеті (бұдан әрі - Комитет), 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14-кіреберіс, № А 739 кабинет мекенжайы бойынша көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 23-бабы, «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1124 қаулысы, «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысы, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет стандарты Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінің www.reginfo. kz интернет-ресурсында орналастырылады, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы анықтамалық ақпаратты (87172) 51-81-08 телефоны арқылы алуға болады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде (бұдан әрі - Мемлекеттік тіркелім) тіркеу және қағаз тасығышта ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік) беру, не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің меншік иелері немесе иеленушілері болып табылатын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) Мемлекеттік тіркелімге енгізу және куәлік беру үшін тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қырық үш жұмыс күнін құрайды;
2) қажетті құжаттарды тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты - 40 минуттан аспайды;
3) қажетті құжаттарды алу үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты - 30 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, аптасына бес күн, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен көрсетіледі. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
10. Тұтынушыдан құжаттарды қабылдау Комитеттің үй-жайында жүзеге асырылады. Ғимарат физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қол жеткізуіне арналған пандустармен жабдықталған.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Тұтынушылар мемлекеттік қызмет алу үшін:
1) тұтынушы қол қойған және куәландырған өтінімнің түпнұсқасын;
2) өтінімнің қағаз және электрондық жеткізгіштердегі тиісті көшірмелерін ұсынады.
12. Өтінім нысандары мен оларды толтыру бойынша түсіндірмелер www.reginfo. kz интернет-ресурсында орналастырылған.
13. Құжаттарды қабылдауды: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14-кіреберіс, № А 781 кабинет, телефон: (87172) 74-03-64 мекенжайы бойынша Комитеттің кеңсесі жүзеге асырады.
14. Комитет кеңсесінде мемлекеттік қызметті алған күні көрсетілген ілеспе хатты тіркеу тұтынушының барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайды.
15. Куәлікті тұтынушыға жеткізу пошта немесе курьер қызметі арқылы жүзеге асырылады.
16. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген материалдар мен құжаттардың толық жиынтығы берілмеуі Комитеттің тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуына негіз болады.
3. Жұмыс қағидатты
17. Комитеттің қызметі адамның конституциялық құқықтарының, жүктелген функциялардың орындалу заңдылығының сақталуына негізделеді және әдептілік, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Комитеттің мемлекеттік қызмет көрсетуінің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты № А 787 кабинет, (87172) 74-03-24 телефоны бойынша Комитеттің лауазымды адамынан алуға болады.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы шағымды Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігіне: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14-кіреберіс, № А 739 кабинет, телефон (87172)74-10-34 мекенжайы бойынша жолдайды.
Жұмыс тәртібі: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, оның ішінде сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліс бар.
22. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде дұрыс емес қызмет ету мәселелері бойынша шағымды тұтынушы Комитетке: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14-кіреберіс, № А 739 кабинет, телефон (87172) 74-03-24 мекенжайы бойынша жолдайды.
Жұмыс тәртібі: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, оның ішінде сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліс бар.
22-1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.
23. Шағым ерікті түрде, екі данада ресімделеді, оның біреуі жасалған шағымға жауап алатын мерзім мен орын, сондай-ақ шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетіліп, тұтынушыға беріледі.
24. Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен қаралады.
Қабылданған шағым заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Шағымның екінші данасы ие көшірмесі шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады, онда шағымды қабылдап алған адам жасалған шағымға жауап алатын мерзім мен орынды және шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерін көрсетеді
25. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты www.mci.gov. kz немесе www.reginfo. kz иитернет-ресурстарынан және (87172) 74-03-54 телефоны арқылы алуға болады.
«Электрондық ақпараттық ресурстар
мен ақпараттық жүйелерді
электрондық ақпараттық ресурстар
мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік
тіркелімінде тіркеу» мемлекеттік қызмет
стандартына қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және тиімділік көрсеткіштері |
Көрсеткіштің нормативтік мәні |
Көрсеткіштің келесі жылдағы мақсатты мәні |
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылылығы |
|||
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі) |
|||
2. Сапасы |
|||
2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
|||
3. Қол жетімділік |
|||
3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
|||
3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі) |
|||
4. Шағымдану үдерісі |
|||
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
|||
5. Сыпайылық |
|||
5.1.Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |