"Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Ұлттық талдамалық орталық" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы № 1358 Қаулыс

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Ұлттық талдамалық орталық» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) акцияларының мемлекеттік пакетін «Назарбаев Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамның (бұдан әрі - Университет) жарғылық капиталын төлеуге беруді қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі:
      Университетпен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қоғамды қайта атауды қамтамасыз етсін;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2010 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 1358 қаулысымен     
бекітілген        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

      1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13,124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      «Астана қаласы» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 21-96-жол алынып тасталсын.
      2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі» деген бөлімдегі реттік нөмірі 304-жол алынып тасталсын.
      3. «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 29, 327-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
      реттік нөмірі 4-жол алынып тасталсын.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.