«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1345 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.02.17 № 236 Қаулысымен.
Мәсімов - Қазақстан Республикасының
Кәрім Қажымқанұлы Премьер-Министрі, төраға
Қасымов - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Қалмұханбет министрі, төрағаның орынбасары
Нұрмұханбетұлы
Лепеха - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Игорь Владимирович министрлігі Әкімшілік полициясы
комитетінің төрағасы, хатшы
Дауылбаев - Қазақстан Республикасының Бас
Асхат Қайзоллаұлы прокуроры (келісім бойынша)
Әбіқаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Нұртай қауіпсіздік комитетінің төрағасы
(келісім бойынша)
Түсіпбеков - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Рашид Төлеутайұлы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес агенттігінің (қаржы
полициясы) төрағасы (келісім бойынша)
Қазыханов - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Ержан Хозеұлы істер министрі
Имашев - Қазақстан Республикасының Әділет
Берік Мәжитұлы министрі
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасының Білім және
Бақытжан Тұрсынұлы ғылым министрі
Қайырбекова - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Салидат Зекенқызы сақтау министрі
Әбдіқалықова - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлшара Наушақызы халықты әлеуметтік қорғау министрі
Жұмағалиев - Қазақстан Республикасының Көлік
Асқар Қуанышұлы және коммуникация министрі
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы министрі
Мыңбай Қазақстан Республикасының Мәдениет
Дархан Қамзабекұлы және ақпарат министрі
Лама Шариф - Қазақстан Республикасы Дін істері
Қайрат Қайырбекұлы агенттігінің төрағасы
Ермегияев - Қазақстан Республикасының Спорт
Талғат Амангелдіұлы және дене шынықтыру істері
агенттігінің төрағасы
Қарин - «Нұр Отан» халықтық демократиялық
Ерлан Тынымбайұлы партиясының хатшысы (келісім бойынша)
Байсақова - «Қазақстанның дағдарыс орталықтары
Зүлфия одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің
Мұхамедбекқызы басқарма төрайымы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1345 қаулысына
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық
профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіру, профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру жөнінде тиісті ұсыныстар әзірлеу Комиссия қызметінің мақсаты болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның негізгі міндеттері
4. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіру;
2) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері қызметінің тиімділігін бағалау;
3) Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
4) құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы бағдарламалық құжаттарды іске асыру барысын қарау;
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының қарауына құқық бұзушылық профилактикасы шараларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
6) адамның және азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөнінде шаралар қолдану;
7) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша ақпараттық материалдарды дайындау және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне, тиісті жергілікті өкілді және атқарушы органдарға жіберу;
8) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері басшыларының және лауазымды адамдарының жүргізген жұмыстары туралы есептерін тыңдау және олардың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
9) мемлекеттік органдарға және ұйымдарға лауазымды адамдарды құқық бұзушылық профилактикасы жөнінде шаралар қолданбағаны үшін тәртіптік және өзге де жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгізу болып табылады.
3. Комиссияның құқықтары
5. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өз функцияларын іске асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуге;
2) мемлекеттік органдардан, ведомстволар мен ұйымдардан қажетті ақпарат сұрауға;
3) құқық бұзушылық профилактикасы бойынша атқарылған жұмыс туралы мемлекеттік органдар басшыларының есептерін тыңдауға;
4) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларын құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі жұмыстың жай-күйі мен жұмыстағы кемшіліктер туралы хабардар етуге;
5) құқық бұзушылық профилактикасы проблемаларын шешуде жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық бірлестіктермен және өзге де ұйымдармен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасасуға құқылы.
4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
6. Комиссияны төраға басқарады. Төраға болмаған кезде немесе төрағаның тапсырмасы бойынша оның міндеттерін орынбасары орындайды.
Комиссия мүшелері ауысу құқығынсыз отырыстарға қатысады. Бұл ретте Комиссия отырыстарына шақырылған адамдар қатыса алады.
7. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі болып табылады.
8. Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауды және оны өткізгеннен кейін хаттаманы ресімдеуді Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
9. Отырыстардың жұмыс жоспарын, күн тәртібін, сондай-ақ оларды өткізу орны мен уақытын Комиссия төрағасы бекітеді.
10. Комиссияның жұмыс отырыстарының материалдары төрағамен келісілгеннен кейін Комиссияның әрбір мүшесіне отырысқа дейін кемінде үш жұмыс күні қалғанда жеткізіледі.
11. Комиссияның отырыстары қажетіне қарай, кем дегенде тоқсанына бір рет өткізіледі және егер оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан болса, заңды деп саналады.
12. Комиссия шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады және оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген болса, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіру құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және хаттамаға қосылуы тиіс.
13. Комиссияның отырыстарын өткізудің нәтижелері бойынша хаттама жасалады, оған міндетті түрде барлық комиссия мүшелері қол қояды.
Комиссия отырыстары хаттамаларының орындалуын бақылауды оның жұмыс органы жүзеге асырады.
5. Комиссияның қызметін тоқтату
14. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Комиссияның қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1345 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі
1. «Нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу және оларға қарсы іс-әрекет бойынша жұмысты үйлестіру мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 1316 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 48, 546-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 1316 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 тамыздағы № 831 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 29, 388-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 1316 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 ақпандағы № 170 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 9, 93-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 1316 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 361 қаулысы.
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 1316 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 қазандағы № 987 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 37, 510-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 1316 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 мамырдағы № 426 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 18, 173-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 1316 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 маусымдағы № 532 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 21, 240-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 1316 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 қазандағы № 981 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 40, 460-құжат).
9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 1316 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 шілдедегі № 729 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 37, 510-құжат).
10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 1316 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы № 984 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 41, 462-құжат).
11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 1316 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 ақпандағы № 199 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 83-құжат).
12. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 1316 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 маусымдағы № 830 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 30, 261-құжат).
13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 1316 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2104 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 59, 513-құжат).
14. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 1316 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы маусымдағы № 525 қаулысы.