Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөнінде комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 1320 Қаулысы

Жаңартылған

      Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2010 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 1320 қаулысына    
қосымша        

Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар
әзірлеу жөніндегі комиссияның құрамы

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.06.24 № 705, 2011.09.01 N 994, 2012.01.13 N 41 Қаулыларымен.

Исекешев                   - Қазақстан Республикасы Премьер-
Әсет Өрентайұлы              Министрінің орынбасары - Қазақстан
                             Республикасының Индустрия және жаңа
                             технологиялар министрі, төраға

Тихонюк                    - Қазақстан Республикасы Құрылыс және
Николай Петрович             тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері
                             агенттігі төрағасының орынбасары,
                             төрағаның орынбасары

Маслов                     - Қазақстан Республикасы Құрылыс және
Василий Карлович             тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері
                             агенттігі Тұрғын үй-коммуналдық
                             шаруашылық департаментінің директоры,
                             хатшы

Нұрсағатов                 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Нұрбол Төлегенұлы            министрлігінің Су ресурстары комитеті
                             төрағасының орынбасары

Уәлиев                     - «Қазақ Суқұбыржоба» акционерлік
Рустам Мақсұтұлы             қоғамының президенті (келісім бойынша)

Ақсақалов                  - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық
Құмар Іргебайұлы             партиясының орталық аппараты басшысының
                             орынбасары (келісім бойынша)

Ескендіров                 - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Абай Мұқашұлы                даму және сауда вице-министрі

Кармазина                  - Қазақстан Республикасының Қаржы
Лена Мағауияқызы             вице-министрі

Толыбаев                   - Қазақстан Республикасының Ауыл
Марат Еркінұлы               шаруашылығы вице-министрі

Рау                        - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Альберт Павлович             жаңа технологиялар бірінші
                             вице-министрі

Тұрмағамбетов              - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Мәжит Әбдіқалықұлы           ортаны қорғау вице-министрі

Шоқпытов                   - Қазақстан Республикасының Қаржы
Андар Мәулешұлы              вице-министрі

Смағұлов                   - Қазақстан Республикасы Табиғи
Қайрат Молдрахманұлы         монополияларды реттеу агенттігі
                             төрағасының орынбасары

Ешімова                    - «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік
Дана Ақылбекқызы             әріптестік орталығы» акционерлік
                             қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары
                             (келісім бойынша)

Галиев                     - Қазақстан Республикасы құрылыс және
Владислав Германович         тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері                               агенттігі төрағасының орынбасары

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2010 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 1320 қаулысымен    
бекітілген       

Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар
әзірлеу жөніндегі комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары

      3. Комиссияның негізгі міндеті халықты ауыз сумен қамтамасыз ету саласында ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
      4. Өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес Комиссияның функциялары:
      1) ауылдық және қалалық елді мекендер бойынша одан әрі қаржыландыру үшін сумен жабдықтау жобаларының бірыңғай тізбелерін бекіту;
      2) ауылдық және қалалық жерлерді ауыз сумен жабдықтау саласын жақсарту жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

3. Комиссияның құқықтары

      5. Комиссия өз құзыреті шегінде:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының ауыз сумен жабдықтау саласындағы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қалалық және ауылдық жерлерді ауыз сумен жабдықтау жобаларының бірыңғай тізбелерін бекіту жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      3) мемлекеттік органдардан, ведомстволардан және ұйымдардан Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша қажетті ақпарат сұратуға;
      4) қажеттілігіне қарай халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жағдайын талдау және зерделеу үшін мемлекеттік органдардың және ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын тартуға;
      5) Комиссия отырыстарында Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдауға;
      6) Комиссияның құзыретіне жататын өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру

      6. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, оның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызмет, ведомствоаралық үйлестіру мен Комиссия әзірлейтін шешімдер үшін дербес жауапты болады.
      Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
      7. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.09.01 N 994 Қаулысымен.
      8. Комиссияның хатшысы Комиссия отырыстарының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және отырыстар өткізілгеннен кейін хаттамаларды ресімдейді.
      Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды
      9. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
      Комиссияның төрағасы Комиссияның қарауына ұсынылатын материалдардың негізінде Комиссияның жоспардан тыс отырыстарын шақырады.
      10. Егер Комиссияның отырыстарына Комиссия мүшелерінің жалпы
санының кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды болып саналады.
      Комиссияның мүшелері отырыстарға алмастыру құқығынсыз қатысады.
      11. Комиссияның отырыстары ашық болып табылады.
      12. Комиссияның шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауыс берсе, қабылданған болып саналады және Комиссияның төрағасы немесе отырысты өткізген оның орынбасары, сондай-ақ міндетті түрде оның барлық мүшелер қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
      Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
      Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда, жазбаша түрде жазылуы және хаттамаға қоса берілуі тиіс.
      13. Комиссияның төрағасы не оның орынбасары отырыстардың күн
тәртібін, сондай-ақ олардың өткізілетін орны мен уақытын белгілейді және нақтылайды.

5. Комиссия қызметінің тоқтатылуы

      14. Комиссияның қызметін тоқтатуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негіз болады.