Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 және 2010 жылғы 29 қазандағы № 1136 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 1231 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, оның ведомстволарын қоса алғанда, оның ішінде:» деген реттік нөмірі 5-жолда:
      «1047» деген сандар «1052» деген сандармен ауыстырылсын;
      «шет елдердегі мекемелер» деген жолдағы «680» деген сандар «685» деген сандармен ауыстырылсын;
      2) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 1072 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қазандағы № 1136 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістерде:
      4-тармақтың жиырма жетінші абзацындағы «1047» және «992» деген сандар «1052» және «997» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 2) тармақшасын қоспағанда, 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов