Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 1072 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қазандағы № 1136 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихаттың 2012.04.18 N 3-6 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, 1999 жылғы 5 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Заңының 7 бабына сәйкес, Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бөрлі аудандық мәслихатының "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2010 жылғы 3 наурыздағы N 18-9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде  N 7-3-91 тіркелген, 2010 жылғы 9 сәуірдегі "Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести" газетінде N 29 жарияланған) шешіміне келесі толықтырулыр енгізілсін:
      1 тармақ "7) Социалистік Еңбек Ерлеріне 9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде." деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                  М. Утемуратов
      Аудандық мәслихат хатшысы        И. Измағамбетов