Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 мамырдағы № 409 қаулысына толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 қарашадағы № 1199 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 мамырдағы № 409 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      «1. Қаржы секторының қызметін жетілдіру жөніндегі бірінші кезектегі шаралар» деген бөлімде:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 1.2-1-жолмен толықтырылсын:

«

1.2-1.

Зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдерінің сапасын қолдау мақсатында салымшылар үшін зейнетақы активтерін басқару тиімділігінің көрсеткіштер жүйесін жетілдіру

ҚҚА Басқармасының қаулысы

ҚҚА (келісім бойынша), Еңбекмині

2010 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді

»;

       мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 1.16, 1.17, 1.18, 1.19, 1.20, 1.21, 1.22, 1.23, 1.24, 1.25, 1.26, 1.27, 1.28, 1.29, 1.30, 1.31 және 1.32-жолдармен толықтырылсын:

«

1.16.

Базель II жаңа
ұсынымдарын
зерделеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҚҚА (келісім бойынша)

2011 жыл

Талап етілмейді

1.17.

«Самұрық-Қазына» АҚ құрамына кіретін ұлттық компаниялардың және даму институттарының бағалы қағаздарын шығару және Қазақстан қор биржасында орналастыру

Бағалы қағаздарды орналастыру, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

АӨҚОА (келісім бойынша), «Самұрық-Қазына» АҚ (келісім бойынша), Қаржымині

2010-2011 жылдар

Талап етілмейді

1.18.

Даму институттары мен екінші деңгейдегі банктер, лизингтік және сақтандыру компаниялары, ҚҚҚ-ға кіретін венчурлік және инвестициялық қорлар арасында қаржы ұйымдары қызметтерінің прейскуранты туралы, отандық та, шетелдік те инвестицияларды тарта отырып, ірі инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыру мүмкіндіктері туралы ақпарат алмасу жөніндегі жұмысты жалғастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҚҚҚ (келісім бойынша), «Самұрық-Қазына» АҚ (келісім бойынша)

2010-2011 жылдар

Талап етілмейді

1.19.

Жоғары оқу орындарының оқытушыларын, студенттерін, қаржы ұйымдарының жұмыс істейтін бухгалтерлерін, ҰБ, ҚҚА қызметкерлерін ХҚЕС бойынша оқыту және олардың біліктілігін арттыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҰБ (келісім бойынша)

2010-2011 жылдар

ҰБ бюджеті шеңберінде

1.20.

ХҚЕС-ті қолдану мәселелері бойынша қаржы ұйымдарының мамандарына әдіснамалық және ақпараттық қолдау көрсету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҰБ (келісім бойынша)

2010-2011 жылдар

Талап етілмейді

1.21.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жаңа резервтік орталығын құруға байланысты қажетті іс-шаралар өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҰБ (келісім бойынша)

2010-2014 жылдар

Талап етілмейді

1.22.

Қазақстандық және шетелдік қаржы институттарын қатыстыра отырып, «ҚБЕО» РМК сервистік бюросының SWIFT-ін одан әрі дамыту жөнінде, сондай-ақ SWIFT жүйесін Қазақстанның төлем жүйелерімен ықпалдастырудың ықтимал жолдарын зерделеу және енгізу жөнінде жұмыс жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҰБ (келісім бойынша)

2010-2011 жылдар

Талап етілмейді

1.23.

Қолданыстағы төлем жүйелерінің бағдарламалық-техникалық инфрақұрылымын жетілдіру және жаңғырту, сондай-ақ олардың қауіпсіздік деңгейін арттыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҰБ (келісім бойынша)

2010-2011 жылдар

Талап етілмейді

1.24.

Сақтандыру қызметтерінің тұтынушыларын және халықты сақтандыру ұйымдары ұсынатын қызметтер мен сақтандыру өнімдері туралы, сондай-ақ олардың қаржылық жай-күйі туралы хабардар ету

ҚҚА-ға ақпарат

ҚҚҚ (келісім бойынша)

2010-2011 жылдар

Талап етілмейді

1.25.

Ықпалдастық бірлестіктерге қатысушы елдердің ақша-кредит және валюта саясаты саласындағы заңнамасы туралы жүйелі түрде ақпарат алмасуды қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҰБ (келісім бойынша)

2010-2011 жылдар

Талап етілмейді

1.26.

Өмірді сақтандыру жөніндегі сақтандыру ұйымдарының инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту

ҚҚА Басқармасының қаулысы

ҚҚА (келісім бойынша)

2011 жыл

Талап етілмейді

1.27.

Қазақстандық теңге бағамының күрт ауытқуын жеңілдету мақсатында өзгермелі айырбас бағамының басқарылатын режим саясатын жалғастыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҰБ (келісім бойынша)

2010-2011 жылдар

Талап етілмейді

1.28.

Ішкі нарықта МБҚ шығарудың жыл сайынғы болжамдық жоспарын әзірлеу және жариялау

Қаржыминінің, «ҚҚБ» АҚ-ның веб-сайттарында жариялау

Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша)

Жыл сайын 1 қаңтарға дейін

Талап етілмейді

1.29.

Микроқаржылық ұйымдардың кәсіби қызметтер мен ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ететін көмекші қызметтер мен инфрақұрылымды дамыту жөніндегі бағдарламаны әзірлеуге қатысу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҚМҚҰҚ (келісім бойынша), ЭДСМ

2010-2011 жылдар

Талап етілмейді

1.30.

Экономикалық конъюнктураның жай-күйін және күтілетін өзгерістерді және экономиканың нақты секторының қаржы жағдайын бағалаудың барабарлығын арттыру мақсатында кәсіпорындарды (салалық және аумақтық бөліністе) іріктеудің көрнекілігін арттыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҰБ (келісім бойынша)

2010-2011 жылдар

Талап етілмейді

1.31.

Ақша-кредит саясатын ағымдағы жүзеге асыру үшін тікелей бағдарлар ретінде қорытындылайтын индикаторларды әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҰБ (келісім бойынша)

2010-2011 жылдар

Талап етілмейді

1.32.

ЕурАзЭҚ-қа қатысушы мемлекеттердің жалпы төлем-есеп айырысу жүйесін құру жөніндегі іс-шараларға қатысу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҰБ (келісім бойынша)

2010-2014 жылдар

Талап етілмейді

»;

       «2. Қаржы секторын дағдарыстан кейін ретке келтіру» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2.36-жолмен толықтырылсын:

«

2.36.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін пруденциялық реттеуді жетілдіру (RBS,  Solvensy II жүйесін енгізу)

ҚҚА Басқармасының қаулысы

ҚҚА (келісім бойынша)

2011-2012 жылдар

Талап етілмейді

»;

       «3. Қаржы секторын реттеудің жаңа халықаралық тәсілдеріне өту (2012 - 2014 жылдар)» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3.6-жолмен толықтырылсын:

«

3.6.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының шоттарын енгізу есебінен ақша-кредит статистикасын институционалдық қамтуды кеңейту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ҰБ (келісім бойынша)

2014 жыл

Талап етілмейді

»;

       Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      «Самұрық-Қазына» АҚ - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
      «ҚҚБ» АҚ - «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамы
      ҚҚҚ - «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі
      ҚМҚҰҚ - «Қазақстанның микроқаржылық ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі
      ХҚЕС - халықаралық қаржылық есептілік стандарттары
      МБҚ - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары.
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 12 қарашадағы
№ 1199 қаулысына  
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір күші жойылған шешімдерінің тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 1284 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 50, 534-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 346 қаулысы.
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 қарашадағы № 1803 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 55, 460-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2305 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 13-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 54-құжат).