Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 725 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 ақпандағы № 117 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 725 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
      3-тармақтың 7) тармақшасындағы «мәселелері» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 8), 9) тармақшалармен толықтырылсын:
      «8) конкурсқа шығарылуға тиіс блоктардың тізбесі, оның ішінде:
      жасалуға (дамытылуға) тиіс жағалаулық инфрақұрылым объектілерінің тізбесін айқындау;
      тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдіктері жасауға (дамытуға) тиіс жағалаулық инфрақұрылымға байланысты әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін және оларды дамыту мерзімдерін айқындау;
      9) жағалаулық инфрақұрылым объектілері мен тауарлармен және қызметтермен жасалатын теңіздегі мұнай операцияларын қамтамасыз ететін жаңа өндірістер құру кезінде қазақстандық қамтуды, оның ішінде:
      жасалуға (дамытылуға) тиіс жағалаулық инфрақұрылым объектілерінің конкурс жеңімпазының немесе ұлттық компанияның стратегиялық әріптесінің міндеттемелерімен өзара байланысын;
      құзыретті органмен келісімшарттар жасасқан мердігерлер бюджеттерінің жағалаулық инфрақұрылым объектілерін жасау немесе қолданыстағыларын дамыту қажеттілігіне өзара байланысын дамыту»;
      11-тармақтағы «жарты жылда» деген сөздер «бір тоқсанда» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                       К. Мәсімов