Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.06.2017 № 357 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 725 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
3-тармақтың 7) тармақшасындағы "мәселелері" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 8), 9) тармақшалармен толықтырылсын:
"8) конкурсқа шығарылуға тиіс блоктардың тізбесі, оның ішінде:
жасалуға (дамытылуға) тиіс жағалаулық инфрақұрылым объектілерінің тізбесін айқындау;
тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдіктері жасауға (дамытуға) тиіс жағалаулық инфрақұрылымға байланысты әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін және оларды дамыту мерзімдерін айқындау;
9) жағалаулық инфрақұрылым объектілері мен тауарлармен және қызметтермен жасалатын теңіздегі мұнай операцияларын қамтамасыз ететін жаңа өндірістер құру кезінде қазақстандық қамтуды, оның ішінде:
жасалуға (дамытылуға) тиіс жағалаулық инфрақұрылым объектілерінің конкурс жеңімпазының немесе ұлттық компанияның стратегиялық әріптесінің міндеттемелерімен өзара байланысын;
құзыретті органмен келісімшарттар жасасқан мердігерлер бюджеттерінің жағалаулық инфрақұрылым объектілерін жасау немесе қолданыстағыларын дамыту қажеттілігіне өзара байланысын дамыту";
11-тармақтағы "жарты жылда" деген сөздер "бір тоқсанда" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |