Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 8 қарашадағы № 1174 Қаулысы

Жаңартылған

      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 40) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 8 қарашадағы
№ 1174 қаулысымен 
бекітілген    

Ілеспе және (немесе)табиғи газды алау етіп
жағуға рұқсат беру қағидасы 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына (бұдан әрі – Заң) және «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.
      Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті орган - жер қойнауын геологиялық зерттеу, ұтымды әрі кешенді пайдалану саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және бақылау жөніндегі функцияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      2) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.10.08 № 1275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;
      3) мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган - мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсібі, көмірсутек шикізатын тасымалдау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, басқару үдерісін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
      4) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      5) ілеспе және табиғи газды кәдеге жарату - газды алау етіп жағуды болдырмауға бағытталған барлық өндірістік іс-шаралар, атап айтқанда: газды өзінің техникалық және технологиялық мұқтаждығына пайдалану, электр энергиясын өндіру және сату, газ өңдеу өнімдерін қайта өңдеу және сату, газды немесе оны өңдеу өнімдерін сақтау үшін қабатқа айдау, сондай-ақ қабат қысымын ұстап тұру.
      Осы Қағидада пайдаланылатын өзге ұғымдар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңында айқындалған.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.10.08 № 1275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

2. Ілеспе және (немесе) табиғи газды
алау етіп жағуға рұқсат беру тәртібі

      2. Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға (бұдан әрі – газды жағу) рұқсатты жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдардың келісімі бойынша мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган береді.
      Газды жағуға рұқсат беруді (рұқсат беруден бас тартуды) мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган осы Қағидада көзделген барлық қажетті құжаттарды алған күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      Жер қойнауын пайдаланушының осы Қағиданың 7, 8 және 9-тармақтарында көзделген барлық талап етілетін құжаттарды бермеуі жер қойнауын пайдаланушыны хабардар ету сәтінен бастап оларды беру сәтіне дейін өтінімді қарауды тоқтатуға әкеп соғады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.10.08 № 1275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2013 N 309 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      3. Жер қойнауын пайдаланушы газды жағуға рұқсат беру үшін мұнай және газ саласындағы уәкілетті органға сұралатын рұқсат түріне байланысты осы Қағиданың 78 және 9-тармақтарында көзделген құжаттармен бірге осы Қағидаға қосымшаның 1-нысанына сәйкес өтінім береді.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.03.2013 N 309 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган газды жағуға рұқсат жобасын қажетті құжаттармен бірге жер қойнауын зерттеу және пайдалану және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдарға келісу үшін жібереді.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.10.08 № 1275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      5. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі уәкілетті органдардағы келісу мерзімі құжаттар түскен сәттен бастап жеті жұмыс күнінен аспауы тиіс.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.03.2013 N 309 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган жер қойнауын зерттеу және пайдалану және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдардан келісім алғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушыға газды жағуға рұқсат береді.
      Рұқсатта жағатын газдың көлемі және рұқсаттың қолданылу мерзімі көрсетіледі.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.10.08 № 1275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      7. Ұңғыма объектілеріне сынақтар жүргізу кезінде рұқсат алу үшін өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) осы Қағидаға қосымшаның 1-нысанына сәйкес жер қойнауын пайдаланушының қолы қойылған және ұйымның мөрімен расталған өтініш;
      2) жер қойнауын пайдаланушы жасаған және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі уәкілетті органдардың аумақтық органдарымен келісілген ұңғымалардың жекелеген объектілерін сынау жоспарлары.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.03.2013 N 309 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Кен орнын сынамалы пайдалану кезінде рұқсат алу үшін өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) осы Қағидаға қосымшаның 1-нысанына сәйкес жер қойнауын пайдаланушының қолы қойылған және ұйымның мөрімен расталған өтініш;
      2) осы Қағидаға қосымшаның 2-нысанына сәйкес мәліметтер нысаны.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.03.2013 N 309 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      9. Газды технологиялық еріксіз жағу кезінде (технологиялық жабдықты іске қосу-баптау, технологиялық жабдықты пайдалану, технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде) рұқсат алу үшін өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) осы Қағидаға қосымшаның 1-нысанына сәйкес жер қойнауын пайдаланушының қолы қойылған және ұйымның мөрімен расталған өтініш;
      2) осы Қағидаға қосымшаның 3-нысанына сәйкес мәліметтер нысаны.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.03.2013 N 309 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      10. Заңның 85-бабының 6-тармағына сәйкес 2004 жылғы 1 желтоқсанға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар, егер олар 2004 жылғы 1 желтоқсанға дейін мемлекеттік органда бекітілген (келісілген) немесе 2006 жылғы 1 шілдеге дейін құзыретті органда және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органда келісілген болса, ілеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге жарату жөніндегі бағдарламаларды іске асыру мерзімдері аяқталғанға дейін ілеспе және (немесе) табиғи газды алауларда жағуды жүзеге асырады.
      Газды кәдеге жарату жөніндегі бағдарламаның, оның ішінде іс-шараларға, іске асыру кестесі мен мерзімінің технологиялық бөлігіндегі толықтырулар мен өзгерістерді жер қойнауын зерттеу мен пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдардың келісімімен мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
      11. Ұңғымалардың объектілеріне сынақтар жүргізу кезінде газ жағуға рұқсат бекітілген жобаға сәйкес ұңғымалардың жекелеген объектілерін сынау жоспарына сәйкес мерзімге беріледі, бірақ ұңғыманың әр объектісі үшін үш айдан артық болмауы керек.
      Технологиялық жабдықты іске қосу-баптау кезінде газ жағу іске қосу-баптау жұмыстарына байланысты кезең ішінде жүзеге асырылады.
      12. Кен орнын сынамалы пайдалану кезінде және газды технологиялық тұрғыдан болмай қоймайтын жағу кезінде газ жағуға рұқсат бір жылдан аспайтын мерзімге және күнтізбелік жылдың соңына дейін қолданылу мерзімімен беріледі.
      Бұл ретте кен орнын сынамалы пайдалану кезінде газды жағуға үш жылдан аспайтын жалпы мерзімге рұқсат етілуі мүмкін.
      13. Осы Қағиданың 4-тармағында көрсетілген уәкілетті органдардың біреуінің газ жағуға рұқсат жобасын келіспеуі, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының дұрыс мәліметтер қамтылмаған құжаттарды беруі рұқсат беруден бас тартуға негіз болып табылады.
      Рұқсат беруден бас тарту бес жұмыс күні ішінде жазбаша түрде ресімделеді және дәлелді бас тарту негіздерін қамтуы тиіс.
      14. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган берілген рұқсаттардың есебін жүргізеді, тіркейді, сондай-ақ оларды беруге негіз болған материалдармен бірге рұқсаттардың көшірмелерін сақтайды.
      15. Ілеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге жаратуды немесе өңдеуді дамыту бағдарламасын орындамаған жағдайда, мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган газ жағуға рұқсатты кері қайтарып алады.
      16. Қайта ұйымдастырылған және/немесе атауы өзгерген жағдайда мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті алған сәттен бастап жер қойнауын пайдаланушы бір ай мерзім ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса газды жағуға рұқсатты қайта ресімдеу туралы өтініш береді.
      Заңның 72-бабы 10-тармағына сәйкес келісімшарттың қолданылуын құзыретті орган мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда, бұрынғы жер қойнауын пайдаланушыға газды жағуға берілген рұқсат жаңа жер қойнауын пайдаланушы анықталғанға дейінгі мерзімге ұлттық компанияға қайта ресімделуге жатады.
      Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушы (ұлттық компания) тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағиданың 4, 5 және 6-тармақтарында көзделген рәсімдерді сақтамай-ақ газды жағуға рұқсатты қайта ресімдейді.

Ілеспе және (немесе) табиғи
газды алау етіп жағуға 
рұқсат беру қағидасына 
қосымша        

Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға өтініш беру
кезіндегі қажетті құжаттар нысандары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.03.2013 N 309 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1-нысан

Газды жағуға рұқсат алуға
өтініш

_____________________________________________________________________
              (ұйымның атауы, БСН, байланыс деректері)
_____________________________________________________________________
                      (кен орны, қандай сатыда)
_____________________________________________________________________
(газ жағу қажеттілігінің себебі және негіздемесі, жылына жағылатын
                    газдың болжамды көлемі, млн. м3)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
               (қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі)
1. __________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________
4. __________________________________________________________________
5. __________________________________________________________________
6. __________________________________________________________________

Ұйымның басшысы (лауазымы)        ______________        _____________
                                      (қолы)               (Т.А.Ә.)

                            М.О.  20__ ж. «___» _____________________

2-нысан

Кен орнын сынамалы пайдалану кезінде ілеспе және (немесе)
табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат үшін
мәліметтер нысаны

      1. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның ілеспе және
(немесе) табиғи газды кәдеге жарату немесе өңдеуді дамыту
бағдарламасын бекіту туралы ақпарат:
      1) хаттама нөмірі ____________________________________________;
      2) хаттама күні ______________________________________________;
      3) өтінім беру жылына жағылатын газдың рұқсат етілген мөлшері,
млн. м3 ____________________________________________________________;
      4) өтінім беру жылына газды өндіру мөлшері, млн. м3 __________.
      2. Кен орнын сынамалы пайдалану жобасын бекіту туралы ақпарат:
      1) хаттама нөмірі ____________________________________________;
      2) хаттама күні ______________________________________________;
      3) жобалық құжаттың қолданыс мерзімі _________________________.
      3. Бекітілген кен орнын сынамалы пайдалану жобасына сәйкес газ
өндірудің жоспарлы көлемі, млн. м3 _________________________________.
      4. Бекітілген кен орнын сынамалы пайдалану жобасына сәйкес газ
жағудың жоспарлы көлемі, млн. м3 ___________________________________.

3-нысан

Технологиялық жабдықты iске қосу-баптау, пайдалану, оған
техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жағдайында
газды технологиялық ерiксiз жағу кезiнде iлеспе және (немесе)
табиғи газды алау етiп жағуға рұқсат үшін
мәліметтер нысаны

      1. Өткен жылғы өндірілген газ, млн. м3 _______________________.
      2. Өткен жылғы жағылған газ, млн. м3 _________________________.
      3. Мұнай өндірудің жоспарланатын мөлшері, мың тонна __________.
      4. Газ өндірудің жоспарланатын мөлшері, млн. м3 ______________.
      5. Өтінім беру жылына газ жағу мөлшері, млн. м3 ______________.
      6. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның ілеспе және
(немесе) табиғи газды кәдеге жарату немесе өңдеуді дамыту
бағдарламасын бекіту туралы ақпарат:
      1) хаттама нөмірі ____________________________________________.
      2) хаттама күні ______________________________________________.
      3) өтінім беру жылына жағылатын газдың рұқсат етілген мөлшері,
млн. м3 ____________________________________________________________.
      4) өтінім беру жылына газ өндіру мөлшері, млн. м3 ____________.
      7. Газ өндіруді және жағуды есептеу аспаптарының саны мен
олардың орналасқан жері _____________________________________________
____________________________________________________________________.
      8. Газ өңдеудің және кәдеге жаратудың нақты көлемі туралы
ақпарат:
      1) өткен жылғы газ өңдеу мөлшері, млн. м3 ____________________.
      2) өткен жылғы газ өңдеу тәсілі _______________________________
____________________________________________________________________.
      3) өткен жылғы кәдеге жаратылған газ мөлшері, млн. м3 ________.
      4) өткен жылғы газды кәдеге жарату тәсілі ____________________.
      9. Газды өндірістік үздіксіз жағу көздері (алаулары) туралы
ақпарат:
      1) орналасқан жері ___________________________________________.
      2) биіктігі, метр ____________________________________________.
      3) өнімділігі, Нм3 мың/тәулік ________________________________.
      10. Кен орнын игеру жобасын бекіту туралы ақпарат:
      1) хаттама нөмірі ____________________________________________.
      2) хаттама күні ______________________________________________.
      3) жобалық құжаттың қолданыс мерзімі _________________________.

4-нысан

Ілеспе және (немесе) табиғи газды жағуға
рұқсат

      _______________________________________________________________
                  (жер қойнауын пайдаланушының атауы)
      _______________________________________________________________
                          (кен орны, ұңғыма)
      _____________________________________________________ көлемінде
      (газды өндіру кезінде газ жағуға рұқсат етілген көлем)
      _______________________________________________________________
                            (газ жағу түрі)
      _______________________________________________________ берілді
                    (рұқсаттың қолданылу кезеңі)

      Тіркеу нөмірі № ____                20__ жылғы «___» __________

      Мемлекеттік уәкілетті органдардың келісуі:

      ___________________      _______________      _________________
           (лауазымы)               (қолы)              (Т.А.Ә.)