Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 қарашадағы № 1428 және 2004 жылғы 17 наурыздағы № 327 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 6 қарашадағы № 1168 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасының Өнеркәсіптік меншікті қорғау мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңестегі және Еуразия патенттік ұйымының Әкімшілік кеңесіндегі өкілетті өкілін тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 қарашадағы № 1428 қаулысында:
      1-тармақтың бірінші абзацындағы «Әбдірахым Нұрлан Ерғалиұлы» деген сөздер «Лиза Сейдәліқызы Стамбекова» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) «Зияткерлік меншік саласында құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің Бірлескен жұмыс комиссиясындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті өкілі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 наурыздағы № 327 қаулысында:
      1-тармақтағы «Нұрғайша Сахипова» деген сөздер «Шолпан Тоқтарқызы Әбдіреева» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов