Зияткерлiк меншiк саласында құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң Бiрлескен жұмыс комиссиясындағы Қазақстан Республикасы Yкiметiнің өкiлеттi өкiлi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 наурыздағы N 327 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1227 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.10.28 № 1227 Қаулысымен.

      1998 жылғы 6 наурыздағы Зияткерлiк меншiк саласында құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмнiң7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Зияткерлiк меншiк құқығы жөнiндегi комитетi төрағасының орынбасары Шолпан Тоқтарқызы Әбдіреева Зияткерлiк меншiк саласында құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң Бiрлескен жұмыс комиссиясындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлеттi өкiлi болып тағайындалсын.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.11.22 N 1082, 2010.11.06 N 1168 Қаулыларымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі