Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 238 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 5 қарашадағы № 1164 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының автожол саласының дамуына байланысты, сондай-ақ республика аумағында автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз етуге бақылауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау посттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 238 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 10, 128-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көліктік бақылау посттарының тізбесінде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының стационарлық көліктік бақылау посттары

Р/с

Посттың атауы

Облыстың немесе қаланың атауы

Автожолдың атауы

1

2

3

4

1.

Бурабай

Ақмола

Астана - Петропавл, 253 км

2.

Еркін

Алматы

Алматы - Өскемен, 270 км

3.

Нұрлы

Алматы

Алматы - Қорғас, 124 км

4.

Қарабұтақ

Ақтөбе

Самара - Шымкент, 965 км

5.

Қобда

Ақтөбе

Орал - Ақтөбе, 618 км

6.

Алға

Ақтөбе

Ақтөбе - Атырау - Ресей Федерациясының шекарасы, 42 км

7.

Атырау

Атырау

Орал - Атырау, 487 км

8.

Доссор

Атырау

Ақтөбе — Атырау - Ресей Федерациясының шекарасы, 513 км

9.

Семей

Шығыс Қазақстан

Омбы - Майқапшағай, 757 км

10.

Аягөз

Шығыс Қазақстан

Алматы - Өскемен, 768 км

11.

Өскемен

Шығыс Қазақстан

Алматы - Өскемен, 1072 км

12.

Қордай-1

Жамбыл

Алматы - Ташкент, 216 км

13.

Шығанақ

Жамбыл

Екатеринбург — Алматы, 2061 км

14.

Ақжайық

Батыс Қазақстан

Орал - Атырау, 126 км

15.

Орал

Батыс Қазақстан

Самара - Шымкент, оның ішінде өтпелі көпір 0 - 16 км, Орал өзені арқылы өтпелі көпір 12 км

16.

Молодежный

Қарағанды

Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 1066 км

17.

Заречный

Қарағанды

Екатеринбург - Алматы, 1498 км

18.

Жезқазған

Қарағанды

Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 426 км

19.

Әулиекөл

Қостанай

Қостанай - Әулиекөл - Сурған, 106 км

20.

Денисовский

Қостанай

Қарабұтақ - Комсомольское - Денисовка - Рудный - Қостанай, 388 км

21.

Қарабалық

Қостанай

РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы, 422 км

22.

Ақтай

Қызылорда

Қызылорда - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 10 км

23.

Жаңақорған

Қызылорда

Самара - Шымкент, 1996 км

24.

Қоқыт Ата

Қызылорда

Самара - Шымкент, 1634 км

25.

Жетібай

Маңғыстау

Ақтау - Жетібай - Жаңаөзен - Түрікменстан Республикасының шекарасы, 82 км

26.

Бейнеу

Маңғыстау

Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сай - Өтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау порты, 844 км

27.

Ленинский

Павлодар

Қызылорда - Павлодар - Успенка - Ресей Федерациясының шекарасы, 1364 км

28.

Мичурино

Павлодар

Омбы - Майқапшағай, 387 км

29.

Жаңа - тас

Солтүстік Қазақстан

Жезқазған - Петропавл, 946 км

30.

Мамлютка

Солтүстік Қазақстан

Челябинск - Новосибирск, 496 км

31.

Қызыл Ту

Оңтүстік Қазақстан

Ташкент - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас, 46 км

32.

Шақпақ - Баба

Оңтүстік Қазақстан

Алматы - Ташкент, 594 км

33.

Қызыл Жар

Астана қаласы

Екатеринбург - Алматы, 1281 км

34.

Қоянды

Астана қаласы

Астана - Ерейментау - Шідерті, 21 км

35.

Қосшы

Астана қаласы

Астана - Киевка - Теміртау, 20 км

».

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов