Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін көтермелеу мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1098 Қаулысы

Жаңартылған

      «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар бекітілсін:
      1) спортшыларға олимпиадалық спорт түрлерiнен, сондай-ақ Азия ойындарының бағдарламасына енгізілген спорт түрлерінен халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелерi үшiн өнер көрсету қорытындылары бойынша көтермелеудiң (бiр рет) мөлшерi теңгеге баламалы мөлшерде:
      әлем чемпионаттарында:
      алтын медаль үшiн - 15000 АҚШ доллары;
      күмiс медаль үшiн - 7000 АҚШ доллары;
      қола медаль үшiн - 5000 АҚШ доллары;
      қысқы, жазғы Азия ойындарында:
      алтын медаль үшiн - 10000 АҚШ доллары;
      күмiс медаль үшiн - 5000 АҚШ доллары;
      қола медаль үшiн - 3000 АҚШ доллары;
      2) олимпиадалық спорт түрлерiнен, сондай-ақ Азия ойындарының бағдарламасына енгізілген спорт түрлерінен халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелер көрсеткен спортшылардың дайындығын қамтамасыз еткен жаттықтырушыларға өнер көрсету қорытындылары бойынша көтермелеудiң (бiр рет) мөлшерi теңгеге баламалы мөлшерде:
      әлем чемпионаттарында:
      алтын медаль үшiн - 10000 АҚШ доллары;
      күмiс медаль үшiн - 5000 АҚШ доллары;
      қола медаль үшiн - 3000 АҚШ доллары;
      қысқы, жазғы Азия ойындарында:
      алтын медаль үшiн - 5000 АҚШ доллары;
      күмiс медаль үшiн - 3000 АҚШ доллары;
      қола медаль үшiн - 2000 АҚШ доллары;
      3) спортшыларға универсиадалардағы жоғары нәтижелерi үшiн өнер көрсету қорытындылары бойынша көтермелеудiң (бiр рет) мөлшерi теңгеге баламалы мөлшерде:
      алтын медаль үшiн - 3500 АҚШ доллары;
      күмiс медаль үшiн - 2100 АҚШ доллары;
      қола медаль үшiн - 700 АҚШ доллары.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.09.27 № 1097 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. «Қазақстан Республикасының олимпиадалық спорт түрлерінен құрама командаларының спортшыларын, жаттықтырушыларын және мамандарын материалдық ынталандырудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 сәуірдегі № 335 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 16, 162-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов