Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін көтермелеу мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1098 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар бекітілсін:
      1) спортшыларға олимпиадалық спорт түрлерінен халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін өнер көрсету қорытындылары бойынша көтермелеудің (бір рет) мөлшері теңгеге баламалы мөлшерде:
      әлем чемпионаттарында:
      алтын медаль үшін - 13000 АҚШ доллары;
      күміс медаль үшін - 10000 АҚШ доллары;
      қола медаль үшін - 6000 АҚШ доллары;
      қысқы, жазғы Азия ойындарында:
      алтын медаль үшін - 10000 АҚШ доллары;
      күміс медаль үшін - 5000 АҚШ доллары;
      қола медаль үшін - 3000 АҚШ доллары;
      2) олимпиадалық спорт түрлерінен халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелер көрсеткен спортшылардың дайындығын қамтамасыз еткен жаттықтырушыларға өнер көрсету қорытындылары бойынша көтермелеудің (бір рет) мөлшері теңгеге баламалы мөлшерде:
      әлем чемпионаттарында:
      алтын медаль үшін - 10000 АҚШ доллары;
      күміс медаль үшін - 5000 АҚШ доллары;
      қола медаль үшін - 3000 АҚШ доллары;
      қысқы, жазғы Азия ойындарында:
      алтын медаль үшін - 5000 АҚШ доллары;
      күміс медаль үшін - 3000 АҚШ доллары;
      қола медаль үшін - 2000 АҚШ доллары;
      3) спортшыларға универсиадалардағы жоғары нәтижелері үшін өнер көрсету қорытындылары бойынша көтермелеудің (бір рет) мөлшері теңгеге баламалы мөлшерде:
      алтын медаль үшін - 3500 АҚШ доллары;
      күміс медаль үшін - 2100 АҚШ доллары;
      қола медаль үшін - 700 АҚШ доллары.
      2. «Қазақстан Республикасының олимпиадалық спорт түрлерінен құрама командаларының спортшыларын, жаттықтырушыларын және мамандарын материалдық ынталандырудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 сәуірдегі № 335 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 16, 162-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов