Қазақстан Республикасының машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі N 1002 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мүдделі министрліктермен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық холдингтер, компаниялар және ұйымдар (келісім бойынша) «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешевке жүктелсін.
      5. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Отандық машина жасауды дамыту жөніндегі шаралар кешенін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы № 1115 қаулысы;
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 шілдедегі № 1101 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 18-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 33, 317-құжат).
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министр                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 1002 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөніндегі
2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама

1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ

Атауы                 Қазақстан Республикасында машина жасауды
                       дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған
                       бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама)

Әзірлеуге арналған   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы
негіздеме             14 сәуірдегі № 302 қаулысымен бекітілген
                       Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан
                       Республикасын үдемелі
                       индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі
                       2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік
                       бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар
                       жоспарының 5-тармағы

Жауапты орындаушы    Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
                       технологиялар министрлігі

Мақсаты               Қосылған құны жоғары түпкі өнім өндіруді
                       ұлғайту есебінен ішкі нарықтың қажеттілігін
                       барынша қанағаттандыру және экспортты кеңейту

Міндеттер             1. Технологиялық жаңғыртуды ынталандыру және
                       жаңа өндірістер құру
                       2. Ішкі нарықтың мүмкіндіктерін тиімді
                       пайдалану
                       3. Машина жасау өнімінің экспортын қолдау және
                       дамыту
                       4. Машина жасау саласын дамытуды қажетті
                       кадрлармен қамтамасыз ету

Іске асыру            2010 - 2014 жылдар
мерзімдері

Нысаналы              Жалпы қосылған құнды 74 %-ға өсіру. Саладағы
индикаторлар          еңбек өнімділігін жылына бір адамға 7 592 мың
                       теңгеге дейін ұлғайту. Өндіріс көлемін 588
                       млрд. теңгеге дейін ұлғайту.

Қаржыландыру          Бағдарламаны қаржыландыру даму институттарының
және                   қаражаты, кәсіпорындардың өз қаражаты, отандықкөлемдері             және шетелдік инвестициялар мен республикалық
                       бюджетте көзделетін қаражат шегінде жүзеге
                       асырылады. 2010 - 2014 жылдарға арналған
                       республикалық бюджет есебінен қаржыландырудың
                       қажетті көлемі 2 430,182 млн. теңгені құрайды.
                       Соның ішінде:
                       2010 жылы - 439,173 млн. теңге;
                       2011 жылы - 1 991, 009 млн. теңге;
                       2012 жылы - көзделіп отырған жоқ;
                       2013 - 2014 ж.ж. - 2013 - 2015 жылдарға
                       арналған республикалық бюджетті бекіту кезінде
                       көзделеді.

2. Кіріспе

      Машина жасау бүкіл әлемде ұлттық өнеркәсіптің технологиялық деңгейінің көрсеткіші ретінде қабылданады. Бұл сала жанама салаларды дамыту үшін мультипликативтік әсер береді, халықтың жұмыспен қамтылуын бірнеше рет ұлғайтады және сол арқылы тұтастай алғанда экономиканың бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етеді.
      Ендеше, Қазақстан экономикасының өсуі машина жасаудың озық өсуімен қатар жүруі тиіс. Бұл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы механикаландыру деңгейін арттыруға және республика экономикасы салаларындағы еңбек өнімділігін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
      Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны әзірлеу үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - ҮИИДМБ) іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 5-тармағы болып табылады.
      Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жоғары технологиялық және қазіргі заманғы жабдықпен жаңғыртуға, халықаралық стандарттың бәсекеге қабілетті өнімін шығару бойынша жаңа кәсіпорындар құруға, барлық жұмыс істеп тұрған отандық машина жасау кәсіпорындарының байланыстары мен кооперациясын дамытуға бағытталған.
      Бағдарламаны:
      саланы жүргізілген маркетингтік зерттеулер негізінде айқындалған бәсекеге қабілетті өнімді шығаруға бағытталған жаңа сапалық деңгейде қалпына келтіруді және дамытуды бастауға, оның өндіріс көлемін ұлғайтуға және тұрақты өткізу нарықтарын табуға арналған бағдарлама;
      қайта жаңарту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және өндірістің озық шетелдік технологиялары мен кәсіпорындарды басқару менеджментін енгізу есебінен жұмыс істеп тұрған машина жасау кәсіпорындарын жедел дамыту бағдарламасы;
      машиналардың, технологиялар мен жабдықтардың жаңа түрлерін жасауға бағытталған барынша тиімді, ғылыми-техникалық және технологиялық әзірлемелерді игеру негізінде өнім сапасын тұрақты жетілдіру бағдарламасы ретінде қарастыру керек.

3. Ағымдағы ахуалды талдау
3.1 Саланың қазіргі заманғы жай-күйін бағалау

      Қазіргі кезде Қазақстанда машина жасау экономикалық қызметтің мынадай түрлерін қамтиды: машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдары өндірісі; компьютерлерді, электрондық және оптикалық өнім өндірісі; электр жабдығы өндірісі; басқа санаттарға қосылмаған машиналар мен жабдықтар өндірісі; автокөлік құралдары, трейлерлер мен жартылай тіркемелер өндірісі; өзге де көлік құралдары өндірісі; машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату.
      2008 жылғы ішкі өндіріс көлемі 303 млрд. теңгені құрады. Экспорт көлемі - 154,5 млрд. теңге, ол өз кезегінде экспорттың жалпы көлемінің 2 % - ын құрайды.
      2009 жылдың қорытындылары бойынша 282,5 млрд. теңге сомасына өнім өндірілген, бұл 2008 жылмен салыстырғанда (303 млрд. теңге) 6,8 %-ға төмендеген. Оның ішінде машиналар мен жабдықтар 115,5 млрд. теңгеге, электр жабдықтары 61,5 млрд. теңгеге, көлік құралдары 105,5 млрд. теңгеге өндірілген, алдыңғы жылмен салыстырғанда өндірілген машиналар мен жабдықтар көлемі құндық көріністе 9,8 %-ға, электр жабдығы - 13,4 %-ға төмендеп, ал көлік құралдары 1,4 %-ға ұлғайған.

1-кесте. Машина жасау өндірісінің құндық көлемінің серпіні

Атауы

2005

2006

2007

2008

2009

1

2

3

4

5

6

7

1

Өнеркәсіп өнімінің көлемі, млрд. теңге

5 253,0

6 509,9

7 815,9

10 196,2

8 925,2

2

Машина жасау, млрд. теңге

179

229

281

303

282,5

3

Машиналар мен жабдықтар өндірісі, млрд. теңге

53

67

98

128

115,5

4

Электр жабдығы, электронды және оптикалық жабдық өндірісі, млрд. теңге

42

54

66

71

61,5

5

Көлік құралдары мен жабдығы өндірісі, млрд. теңге

80

108

117

104

105,5

6

Өнеркәсіптік өнім көлеміндегі машина жасау үлесі, %

3,4

3,5

3,6

3,0

3,2

      Машина жасау секторы 2008 жылға дейін барынша жоғары қарқынмен өсті, 2008 жылы басқалармен салыстырғанда дағдарысқа орай көп зардап шекті.  Бұл бірінші кезекте машина жасау өніміне сұраныстың инвестициялық сипатымен байланысты. Соңғы жылдары машина жасау өніміне сұраныс өсімінің өзекті драйвері мұнай-газ саласына инвестициялардың өсуі және құрылысты ауқымды дамыту болды. Дағдарыс басталғалы бері тұтынушы сала компаниялары бірінші кезекте операциялық қызметтің тиімділігін сақтай отырып, өндірісті ұлғайтуға және жаңғыртуға ауқымды инвестициялардан бас тартты. Оның үстіне қаржы саласындағы дағдарыс халыққа арналған кредиттік ресурстардың қол жетімділігін төмендетуге әкелді, бұл да сұраныстың, мысалы автоөнеркәсіп өніміне сұраныстың азаюына әкелді.
      Қазақстанның өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі машина жасау өнімінің үлесі 1990 жылғы 15,9 %-дан 2008 жылы 3,0 %-ға дейін төмендеді, ал 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда ол өсіп, 3,2,%-ды құрады (1-кесте).
      Өңдеуші өнеркәсіптегі машина жасау саласының үлесі 9,5 %-ды құрайды. Өнеркәсіп кәсіпорындарының жалпы көлемінде машина жасау өнімін өндірушілері тек 6 %-ды құрайды.

2-кесте. Машина жасау кәсіпорындарындағы негізгі қызмет персоналының саны

Көрсеткіш атауы

2005

2006

2007

2008

2009

Персонал саны, мың адам

80,0

81,0

84,3

85,6

79,8

Алдыңғы жылға қарағанда % -бен

110,3

101,3

104,1

101,5

93,2

      2-кесте деректері машина жасау саласынан білікті кадрлар кетуінің елеулі болғанын көрсетеді. 2009 жылы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша бұл салада 79,8 мың адам жұмыс істеген, 2008 жылғы деңгеймен салыстырғанда 93,2 %-ды құрады.
      Машина жасау саласы үшін кадрларды даярлау Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстарында 5 мамандық бойынша 19 техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі - ТжКБ) орындарында (8 біліктілік бойынша) және 18 жоғары оқу орнында (050712 - Машина жасау мамандығы бойынша) жүргізіледі.
      Бүгінгі күні машина жасау саласының инвестициялық жобаларын іске асыру бойынша кадрларға деген қажеттілік осы Бағдарламаның 1-қосымшасына сәйкес 6 299 адамды құрайды. Машина жасау кәсіпорындары жұмысының негізгі көрсеткіштері 3-кестеде келтіріледі.

3-кесте. Машина жасау кәсіпорындары жұмысының негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіш атауы

2005

2006

2007

2008

2009

Өнеркәсіп кәсіпорындары мен өндірістер саны - барлығы

1583

1566

1589

1504

1409

оның ішінде:






«Өнеркәсіп» қызметінің негізгі түрімен

861

854

860

883

856

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі, млн. теңге

179491

228732

281243

302771

282497

4-кесте. Машина жасау өндірісінің нақты көлемі индексінің серпіні     

Көрсеткіш атауы

2005

2006

2007

2008

2009

Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі, алдыңғы жылға %-бен

104,8

107,2

105,0

102,1

101,7

Машина жасау өнімінің нақты көлем индексі, алдыңғы жылға %-бен

124,7

119,4

114,6

92,6

85,7

      Машина жасау өнімі өндірісінің нақты көлем индексін талдау бірте-бірте төмендеу серпінін көрсетіп отыр (4-кесте). 2009 жылы нақты көлем индексі 85,7 %-ды құрады.

5-кесте. Машина жасау өнімінің импорты мен экспорты 



2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

Импорт

Экспорт

Импорт

Экспорт

Импорт

Экспорт

1

2

3

4

5

6

7

Барлығы, млрд. теңге, оның ішінде:

4012,7

5852,4

4558,0

8563,4

4190,3

6371,4

ТМД елдері

1788,4

976,1

2104,9

1332,7

1780,0

1001,7

әлемнің басқа да елдері

2224,2

4876,3

2453,2

7230,7

2410,3

5371,2

оның ішінде:







Машиналар, жабдық және механизмдер, электр техникалық жабдық

1078,9

42,9

1209,3

55,0

1140,0

40,3

ТМД елдері

245,5

34,3

287,4

40,6

233,8

25,6

әлемнің басқа да елдері

833,4

8,6

921,9

14,4

906,1

14,8

Жер үсті, әуе және су көлігі құралдары

698,5

69,9

551,5

96,5

421,9

16,2

ТМД елдері

199,9

16,1

182,5

26,0

125,1

5,3

әлемнің басқа да елдері

498,6

53,8

369,0

70,5

296,8

10,9

Оптикалық, өлшем, бақылау, аспаптары мен аппараттары

91,7

2,2

100,8

3,0

93,8

2,5

ТМД елдері

17,4

0,7

18,2

1,3

15,9

0,9

әлемнің басқа да елдері

74,3

1,5

82,6

1,8

77,9

1,6

Машина жасауда аталғандардың барлығы:

1869,2

115,0

1861,6

154,5

1655,7

59,0

ТМД елдері

462,8

51,1

488,2

67,9

374,9

31,7

әлемнің басқа да елдері

1406,3

63,8

1373,5

86,6

1280,8

27,2

      Қазақстандағы машина жасау өніміне деген қазіргі сұраныс импорт есебінен толықтай қанағаттандырылады, ол ішкі өндіріс пен импорттан 5 еседен астамға артық: 2009 жылы импорт көлемі 1655,7 млрд. теңгені (5-кесте), ал ішкі өндіріс 282,5 млрд. теңгені құрады.
      Қазақстанның негізгі сауда әріптесі Ресей болып табылады - оның үлесі машина жасау өнімі импортында 19 %-ды және экспортта 31 %-ды құрайды. Ресейден басқа машина жасау өнімінің негізгі импорттаушылары: Германия (11 %), Қытай (11 %), АҚШ (10 %) және Жапония (6 %) болып табылады. Қазақстаннан машина жасау өнімі экспортының негізгі бағыттары Ресейден кейін: Ұлыбритания (экспоттың 15 %-ы), Түркия (13 %), Германия (7 %) және Швейцария (6 %) болып табылады.

      1-сурет. 2008 жылы машина жасау өнімінің экспортымен импортының құрылымы.

      Импорт құрылымында автомобильдер, станоктар, мұнай-газ, тау-кен шахта және металлургиялық машиналар жасау өнімі, ауыл шаруашылығына арналған тұрмыстық техника мен техника 40 %-дан асады (1-сурет).
      Экспорт құрылымында компоненттер, электр техникасы мен электр жабдығы, сондай-ақ автомобильдер басым.
      Өндірістің дамушылығы мен бәсекеге қабілетінің көрсеткіші ретінде машина жасау өнімінің сыртқы сауда айналымы саланың экспортқа бағдарланушылығының әлсіздігін көрсетіп отыр. Машина жасау өнімінің импортқа айтарлықтай тәуелділігі де саланың төмен дамығанын көрсетеді.

3.2 Саланың күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерді талдау

      Қазақстанда машина жасауды одан әрі дамыту стратегиясын дамыту мен айқындауды объективті талдау үшін оның күшті және әлсіз жақтарын, сондай-ақ қолда бар мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерді нақты айқындау қажет.
      Төменде келтірілген 6-кестеде Қазақстандағы машина жасаудың негізгі күшті және әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлер ұсынылған. Одан арғы шараларды айқындау үшін келеңсіз факторларды жою, қауіп-қатерлердің алдын алу және сонымен бірге оң факторларды күшейту, мүмкіндіктерді пайдалану қажет.

6-кесте. Машина жасау жағдайын SWОТ - талдау

Күшті жақтары:
1. Ішкі сұраныстың бірінші кезекте жанама салалар тарапынан артуы.
2. Көліктік және энергетикалық инфрақұрылымның негізгі өндірістік кластерде болуы.
3. Ірі кәсіпорындарда өндірістік инфрақұрылымның болуы.
4. Қолда бар машина жасау кәсіпорындары.

Әлсіз жақтары:
1. Ішкі нарықтың тіпті болашақта да салыстырмалы кіші көлемі.
2. Білікті кадрлар тапшылығы, соның ішінде мамандардың шет елге кетуі.
3. Қазақстанның машина жасау өнімінің бәсеке қабілеттігі деңгейінің төмендігі (негізгі қорлар тозуының жоғары болуы, қуаттардың төмен жүктемесі себебінен және т.б.).

Мүмкіндіктері:
1. Ресей Федерациясымен және Беларусь Республикасымен Кеден одағына кіруіне байланысты нарықтың кеңеюі.
2. Белгілі бір сегменттерде және тауашаларда технологиялық көшбасылар болып табылатын АҚШ және Еуропа компанияларымен бірлескен кәсіпорындар құру есебінен технологиялар трансферті (дағдарыс мүмкіндіктерін қолдана отырып).
3. Елдің ішкі және халықаралық кооперацияларының дамуы, соның ішінде әлемдегі ірі шикізат және төменгі шектегі компонентті базаларды жеткізушілер ретінде Ресей және Қытайға жақындықты 1 пайдалану.

Қауіп-қатерлер:
1. Шикізат тауарларына баға мен сұраныстың және өз кезегінде Қазақстанның машина жасау өніміне ішкі сұраныстың қысқаруына әкелетін әлемдік дағдарыс ұзақтығының сипаттамасы.
2. Басқа елдердің машина жасау кәсіпорындары тарапынан бәсекелестік.
3. Білікті кадрлардың жас шамасының ұлғаюы.

3.3 Машина жасаудың басым сегменттерін айқындау және талдау

      Жүргізілген талдаудың негізінде бірінші және екінші басымдығына жататын машина жасау сегменттері айқындалды.
      Бірінші басымдықтың сегменттері жоғары тартымдылығымен және іске асырылатындығымен ерекшеленеді (2-сурет).
      Екінші басымдық сегменттерінің не жоғарғы тартымдылығы бар, бірақ салыстырмалы түрде іске асырылуы төмен, не іске асырылуы жоғарғы, бірақ тартымдылығы орташа.
      Мынадай Қазақстан Республикасының машина жасау сегменттері бірінші басымдыққа жатады:
      мұнай-газ өнеркәсібі үшін машина жасау;
      тау-кен және металлургия өнеркәсібі үшін машина жасау;
      темір жол машиналарын жасау;
      ауыл шаруашылығы машиналарын жасау;
      электр жабдықтарын өндіру.

      2-сурет. Қазақстан Республикасында машина жасаудың басым сегменттерін таңдау матрицасы.

       Бұл сегменттер ішкі сұраныстың едәуір деңгейімен, экспорт мүмкіндігімен (көбінесе ТМД-да), қазіргі өндірістік базаның болуымен, қалыпты тәуекелмен және бәсекелестікпен ерекшеленеді.
      Екінші басымдыққа мынадай сегменттер жатады:
      автомобиль өнеркәсібі;
      құрылыс техникасы;
      станок жасау;
      тұрмыстық техникалар өндірісі;
      компопенттік база.
      Бұл сегменттер белсенді мемлекеттік қолдау кезінде саланың айтарлықтай өсуін қамтамасыз етуі де мүмкін. Тартымды, бірақ күрделі іске асырылатын сегменттер кезінде (бірінші кезекте, автомобиль өнеркәсібі, станок жасау, тұрмыстық техника өндірісі) кіруге тосқауылдарды жеңуде, өндірісті ұйымдастыруда (мүмкін бірлескен) және одан әрі бәсекелестікті арттыруға жәрдемдесу қажет. «Компоненттік база өндірісі» сегментіне бірінші кезекте, экспортты қолдау және қолда бар өндірісті ұлғайту талап етіледі.

3.3.1 Мұнай-газ машиналарын жасау

      Отандық мұнай-газ машиналарын жасауды дамыту басымдығы мұнай-газ секторы машина жасау өндірісінің ірі тұтынушысы болып табылуына негізделген.
      2008 жылы Қазақстан Республикасының нарық көлемі 168 млрд. теңгені құрады, оның 12 %-ын отандық өнімді сату құрады. Қалған мұнай-газ жабдықтарына қажеттілікті импорт қанағаттандырды, оның көлемі 2008 жылы 150 млрд. дерлік теңгені құрады.
      Қазақстан кәсіпорындары бұрғылау, ұңғымаларды жөндеу, мұнай мен газды өндіру, дайындау, тасымалдау, өңдеу үшін әртүрлі күрделі жабдықтарды шығаруды іске асырады, бұл теңіз платформалары өндірісін игеруге мүмкіндік береді.
      Қазақстан Республикасында 2008 жылы 250 астам атаулы мұнай-газ машиналарын және олардың бөлшектерін жасау ойдағыдай игерілді, олардың көбі әлемдік стандарт бойынша өндіріледі.
      Осы сегменттің басымдығы мұнай-газ жабдықтарына сұраныс бірінші кезекте Қазақстандағы мынадай негізгі кен орындарында мұнай өндіру көлемінің ұлғаюына негізделген: Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған. Өндіруші ірі компаниялардың жоспарына сәйкес 2020 жылға мұнай өндіру көлемі 2,4 есе ұлғаяды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасында Каспий қайраңында жаңа ірі кен орындарын игеру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
      Сұраныстың жоғарлауының екінші маңызды факторы технологиялық артта қалудың және мұнай өңдеу өнеркәсібі қуатының тозуы, сондай-ақ мұнай және газ құбырларының тозуы болып табылады. Қазақстан Республикасында мұнай және газ құбырлары жалпы ұзындығының 80 %-ы 20-30 жылдан астам жөндеусіз пайдаланылуда.

7-кесте. Қазақстан Республикасында мұнай-газ машина жасау өнімі өндірісі

Көрсеткіш атауы

2005

2006

2007

2008

2009

Сұйықты қайта айдауға арналған ортадан тепкші сорғы; өзге сорғылар; сұйық көтергіштер, дана

7115

5758

7773

10253

12900

Мұнай-газ өңдеу жабдықтары, млн.теңге

535

366

133

148

398

Мұнай кәсіпшілік жабдықтары, млн.теңге

1547

1434

1902

1386

1452

      7-кесте деректеріне сәйкес республикада сорғылар және көтергіштер өндірісінің өсуі байқалады (2009 жылы өсу қарқыны 2005 жылмен салыстырғанда 181 %-ды құрады). 2008 жылға дейін өнімнің мына түрлері бойынша өндірістің төмендеуі байқалды: мұнай кәсіпшілігі жабдықтары және мұнай-газ өңдеу жабдықтары, бірақ 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда өсуі өнім түрлері бойынша өсу байқалады: мұнай-газ өңдеу - жабдықтары 2,7 есеге дейін, ал мұнай кәсіпшілігі жабдықтары 4,8 %-ға өсті.

3.3.2 Тау-кен металлургиясы машиналарын жасау

      Әсіресе 2008 жылдың соңына дейін шикізаттық өріс кезеңінде Қазақстан Республикасында көмір, кендер мен металлургия өндіруді белсенді даму нәтижесінде тау-кен металлургиялық машина жасау саланың тез өсетін сегменттерінің бірі болып табылады.
      Машина жасау өніміне ішкі сұраныс көлемі Қазақстан Республикасының тау-кен өнеркәсібі мен металлургиясы үшін 2008 жылы 145 млрд. теңгені құрады. Сұраныстың елеулі бөлігі машина жасау өнімінің импорты есебінен қанағаттандырылып, ішкі өндіріс көлемі 27 млрд. теңгені құрады (сұраныстың 18 %-ы).
      Импорт алмастыруға бағытталған мемлекеттік саясат 2008 жылдары Қазақстан Республикасының өзіндік өндірісінің ішкі сұраныс үлесін өсіруге ынталандырды, ол 2006 жылы 2 есеге дейін өсіп, 16 % құрады (2006 жылы 8 %). Одан әрі мемлекеттік қолдау көрсету және салада инжинирингтік қызмет пен технологиялар трансфертін дамыту кезінде ішкі өндіріс ішкі сұранысты 2014 жылға қарай 30 %-ға дейін қанағаттандыруы мүмкін
      Тау-кен шахталары жабдығы зауыттарының жай-күйіне жүргізілген  талдау олардың бірқатары бұрын шығарған номенклатураларды қалпына келтіруге немесе жаңа өндірісті ұйымдастыруға қабілетті екенін көрсетеді.
      Тау-кен металлургиясы машиналарын жасауда отандық өнімі ішінде барынша перспективалық салалар: өздігінен жүретін бұрғылау және тиеу-көлік жабдығы, гидравликалық және пневматикалық перфораторлар, редукторлар, таспалық конвейерлер, прокат жабдығының ауқымды номенклатурасы, қосалқы бөлшектер өндірісі және т.б. болып табылады.
      Қазақстан Республикасында тау-кен және металлургиялық машина жасау өніміне сұраныс көлемі орташа жылдық серпінмен 7 % өседі деп болжанып отыр.
      Сегмент өніміне сұраныстың өсуінің негізгі факторлары мыналар болып табылады:
      пайдалы қазбалар көлемі мен болат және басқа да қорытпалары көлемінің ұлғаюы;
      тау-кен металлургия секторының негізгі қорларын жаңарту қажеттілігі.

8-кесте. Тау-кен металлургия машиналарын жасау өнімі өндірісі

Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

2005

2006

2007

2008

2009

1

2

3

4

5

6

7

Тау-кен өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар

дана

184

480

430

372

341

Пайдалы қазбаларды өндіруге және құрылысқа арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі

млн. теңге

9 168,0

11 233,1

21 201,4

27 948,2

25401,8

Металлургияға арналған машиналар және жабдықтар өндірісі

млн. теңге

7 548,7

7 763,4

11 180,8

14 657,2

12 054,6

Көтеру көліктік жабдықтары өндірісі

млн. теңге

3 625,6

4 131,3

5 397,8

6 785,6

7866,0

      Келтірілген 8-кесте деректері бойынша өнімнің мына түрлері бойынша өндірістің төмендеуі байқалады: тау-кен өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар (2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 8,3 %-ға төмендеді), машина және пайдалы қазбаларды өндіруге және құрылыс өндірісі (9 %-ға), металлургияға арналған машиналар және жабдықтар өндірісі (17,7 %-ға).

3.3.3 Темір жол машиналарын жасау

      Әлемдік машина жасау өндірісінің жалпы көлемінде темір жол машинасын жасаудың үлесі аз - 1 % қамтиды. Осыған қарамастан, темір жол машиналарын және жабдықтарын сату өсімінің серпіні орта есеппен жылына 23 %-ды құрады - бұл саладағы ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі болып табылады.
      Қазақстандағы жалпы локомотив паркі - 1 689 локомотивті, оның ішінде, 578,5 электровозды, 1 110,5 тепловоз және 29 паровозды құрайды. Пайдалану паркі 1220 бірлікті (78 %-ы мүкәммалдық).
      2009 жылы Қазақстан Республикасының жалпы жүк вагондары паркі 94 348 бірлікті құрады, оның ішінде 59 381 бірлігі (63 %) мүкәммалдық, ал 34 967 бірлігі (37 %) - жекеменшік болып табылады. Пайдаланатын парктің жалпы мүкәммал вагондар санындағы үлесі 75 % (44 563 бірлікті) құрайды. Жүк вагондарының қызмет мерзімі және техникалық жағдайы бойынша істен шығуы жаңару және мүкәммал паркін толықтырудан айтарлықтай озық болып отыр.
      Қазақстан Республикасының темір жол машиналарын жасау өніміне ішкі сұранысты жүк вагондары мен локомотивтердің негізі тұтынушысы — «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «ҚТЖ» ҰК АҚ) қалыптастырады. Компанияның жоспарына сәйкес 2014 жылға дейін жыл сайын шамамен 1,4 - 5,2 мың вагон және 100 локомотив сатып алынады, сондай-ақ қолда бар вагондар мен локомотивтер паркіне күрделі жөндеу жүргізіледі. Темір жол машиналарын жасау өніміне сұраныстың өсуіне негіз болатын негізгі факторлар жүк айналымының өсуі мен темір жол техникасы паркі тозуының жоғарылығы болып табылады.
      Экономика үшін көлік түрі ретіндегі темір жолдың жоғары маңызы (жүк тасымалының 60 %-ы, жолаушылар тасымалының 50 %-ы темір жол арқылы жүреді) экономиканың жоспарланып отырған өсімімен біріге жүк тасмалының өсуіне алып келеді (темір жол жүк тасымалы өсуінің орташа жылдық болжамы 2008 - 2014 жылдар аралығында жылына - 4 %-ды құрайды).
      Сұраныстың өсуіне әсер ететін басқа маңызды фактор жұмыс істеп  тұрған техника паркі тозуының жоғары болуы болып табылады. Қазақстанда пайдаланылатын тепловоздардың орташа тозуы 75 %-дан асады, жолаушылар вагондарының сындарлы тозу шегінің 70 %-ынан асады.
      Қазақстандағы жиынтық импорт 2008 жылы 97,7 млрд. теңге сомасына шамамен 5,5 мың әр түрлі үлгідегі жүк вагондарын құрады (шамамен 45 %-ы цистерналарға тиесілі), бұл импортты-алмастыратын өндірістер құруға маңызды әлеует қалыптастырады.
      Жоспарға сәйкес «ҚТЖ» ҰК АҚ отандық тауар өндірушілер игеретін темір жол өнімінің номенклатурасын 2 мыңнан 5 мың атауға дейін ұлғайтуды және отандық тауар өндірушілерден машина жасау өнімін сатып алудың көлемін он есеге ұлғайтуды жоспарлап отыр.

3.3.4 Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау

      Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтары нарығының көлемі 2008 жылы 127 млрд. теңгені, тұрақты бағалардағы өсім қарқыны - 6,6 %-ды құрады. Бұл ретте сұраныстың 90 %-ы импорттық техника жеткізілімдерінің есебінен қанағаттандырылды. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау өнімі экспортының көлемі 2008 жылы  шамамен 2 млрд. теңгені құрады.
      Қазақстан Республикасындағы тракторлар паркі 137 мың бірлікті, астық жинау комбайндары - 45 мың машинаны, дән себетін машина - 91 мың бірлікті, егін оратын машина - 15 мыңды құрады. 2001 - 2007 жылдардағы техниканы жаңғыртудың жылдық орташа қарқыны 0,8 - 3,2 %-ды құрады, бұл 10 - 12 жылға машиналардың орташа қызмет көрсету мезгіліне шарттасқан оңтайлы деңгейінен 8-10 %-ға төмен. Жаңартудың төмен қарқыны техникалар тозуының жоғары болуына алып келді: Қазақстан Республикасында машиналардың шамамен 85 %-ы амортизациялау мерзімінен тыс пайдаланылады. Мәселен, комбайнның қызмет көрсету мерзімі 8-10 жылдан аспайтын болғанымен, комбайндар паркінің 70 %-ы 16 жылдан астам мерзім бойы пайдаланады. Барлық қолда бар
машиналардың ішінде тракторлардың 74 %-ы, астық жинайтын комбайндардың 60 %-ы, егін оратын машиналардың 71 %-ы және егін себетін машиналардың 77 %-ы есептен шығарып алуға жатады.
      Тозудың жоғары болуынан басқа болашақта сұраныс ауыл шаруашылығы машиналарымен қамтамасыз етуді арттыру қажеттілігіне байланысты болады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында астықты алқаптың 1000 га жеріне - 4, ал Канадада - 9, Италияда - 17, Германияда - 20 комбайн келеді. Машинамен жеткіліксіз қамтамасыз ету агротехникалық операцияларды (жер жырту, егін жинау және т.б.) орындау уақытын ұлғайтуға алып келеді, бұл нәтижесінде егіннің сапасын төмендетеді.
      Қазақстанның трактор паркінің құрылымында жалпы мақсаттағы тракторлардың шамамен үштен екісін: «Кировец» типі 5 тарту класының, Т-150К 3 тарту класының дөңгелекті тракторлары, шынжыр табанды тракторлардың үштен бірі Т-4А, Т-95.4 4 тарту класының және ДТ-75М 3 тарту класының тракторлары құрайды. Қазақстан Республикасының шаруа қожалықтарында 65 мыңнан астам МТЗ-80/82, ЮМЗ-8040.2 1,4 тарту класының дөңгелекті тракторлары пайдаланылады.

9-кесте. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау өнімін өндіру

Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

2005

2006

2007

2008

2009

Ауыл шаруашылығы тракторлары өндірісі

млн теңге

2 240,9

2 433,0

3 246,8

5 532

4 686,1

Ауыл және орман шаруашылығына арналған өзге де машиналар мен жабдықтар өндірісі

млн. теңге

4 329,6

4 243,6

8 853,2

12 198,6

12 112,8

Қатарлық жатқалар

дана

338

222

259

367

188

      Ауыл шаруашылығы тауарлары (2005 жылмен салыстырғанда 2009 жылғы өсім қарқыны 209 %-ды, ал 2008 жылмен салыстырғанда 84,7 %-ды құрады), ауыл және орман шаруашылығына арналған өзге де машиналар мен жабдықтар (2005 жылмен салыстырғанда 2009 жылғы өсім қарқыны 280 %-ды ал 2008 жылмен салыстырғанда 99,3 %-ды құрады) өндірісінде тепе-тең емес серпін байқалады, қатарлық жаткалар өндірісі 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 2 есеге қысқарды (9-кесте).
      Қазақстанның ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтары нарығын қазіргі кезде түгелге дерліктей импорт өнімдері иеленеді. Отандық өндірушілер барынша басым үлеске ауыл шаруашылығы машиналары (сиыр сауу кешені, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуге арналған машиналар т.б.) сегментінде, компоненттер мен қосалқы бөлшектер сегментінде - 50 %-дан астам, комбайндар мен аспа жабдығы сегментінде ең аз үлеске ие.
      Бүгінде Қазақстанда астық жинау комбайндары өндірісі Қостанай дизель зауытының базасындағы «АгромашХолдинг» акционерлік қоғамында (бұдан әрі — АҚ) ғана жүргізіледі. 2008 жылы 467 комбайн құрастырылды.
      Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту үшін 3 және 4 сыныпты астық жинау комбайндары, дөңгелекті тракторлар, аспа жабдығы мен астық және жемдік дақылдарды қайта өңдеуге арналған машиналар сегментінде барынша жоғары әлеует бар.
      Қазақстан Республикасында оның әртүрлі өңірлерінің климаттық жағдайларына барынша бейімделген аспа жабдығын жасайтын жағдайлары бар. Паркті жаңарту және өңделетін жердің ұлғаюына орай оған елеулі сұраныс та бар.

3.3.5 Электр жабдығы

      2008 жылы Қазақстан Республикасында нарық көлемі 159 млрд. теңгені құрады, олардың 26 %-ын отандық өнімді сату құрады. Сегмент өніміндегі қажеттіліктің елеулі бөлігі 2008 жылы көлемі шамамен 118 млрд. теңгені құрған импорт есебінен қанағаттандырылады.
      2008 жылы Қазақстанның электр жабдығы экспорты өнімінің 79 %-ын  Рессей импорттады және Ресеймен отандық импорт көлемі орташа есеппен жылына 62 %-ға өсті.
      Қолда бар өндірістердің арасында 2008 жылғы Қазақстан Республикасының электр жабдықтары экспортының төрттен үшінен астамын аккумуляторлар мен трансформаторлар өндірісі иеленді (3-сурет).
      Бұдан өзге, Қазақстан Республикасында мыналар өндіріледі:
      электрлік тізбекті қайта қосу немесе қорғауға арналған аппаратура;
      электр конденсаторлары;
      электр қозғалтқыштары;
      оқшауланған өткізгіштер мен кабельдер (оның ішінде оптикалық талшықты) және т.б.

3-сурет. Қазақстан Республикасының электр жабдықтары экспортының серпіні, ағымдағы бағамен млрд. теңге

10-кесте. Электр жабдықтары өндірісі

Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

2005

2006

2007

2008

2009

1

2

3

4

5

6

7

Электрлік трансформаторлар

мың кВа

650

1308

1587

2056

1511

Электр аккумуляторлары мен олардың бөліктері

млн. теңге

4337

4151

6737

8523

4070

Қозғалтқыштар мен көлік құралдарына арналған электр жабдықтарын өндіру

млн. теңге

25,6

28,6

32,4

23,6

32,1

Қозғалтқыштар мен көлік құралдарына арналған электр жабдықтарынан басқа, өзге де электр жабдықтарын өндіру

млн. теңге

4 110,6

5 681,3

6 771,2

2 949,5

4 433,9

Электр қозғалтқыштары, генераторлар мен трансформаторлар өндірісі

млн. теңге

8 898,1

10 799,3

13 189,2

14 142,1

13 464,8

      10-кестедегі деректерге сәйкес 2009 жылы өткен жылмен салыстырғанда республикада электрлік трансформаторлар (27 %-ға) және аккумуляторлар (52 %-ға) өндірісінің көлемі төмендеген, қозғалтқыштар мен көлік құралдарына арналған электр жабдықтары өндірісінің көлемі 36 %-ға, өзге де электр жабдықтары өндірісінің көлемі 50 %-ға артқаны байқалады.
      Электр энергетикасының негізгі қорлары айтарлықтай тозған. Бөлу желілерінің тозуы сарапшылардың бағалауы бойынша 70 %-дан асады. Олардың ұзындығы 370 мың км құрайды; басым бөлігі 30-35 жыл бұрын салынған болатын. Бұл электр жабдықтарына, атап айтқанда, трансформаторларға және оқшауланған өткізгіштерге жоғары жедел сұранысқа әкеледі.
      Электр жабдығына сұранысты дамытудың екінші маңызды факторы электр энергиясы генерациясының көлемін арттыру болып табылады. Болжамдарға сәйкес таяу бес жылда Қазақстан Республикасы Бірыңғай энергетика жүйесі бойынша барынша электр жүктемесі шамамен ширекке ұлғаяды. Бұл үшін жинақтаушы қуаттылықтар мен электр жүйесінің құрылысын дамыту қажет.
      Ауылдық жерлерде 112 мың км астам 110 кВ және одан төмен кернеулі жоғары вольтты желілерін, жиынтық қуаты 4,13 млн. кВт 110 және 35 кВ кернеулі 614 бөлу қосалқы станцияларын және жиынтық қуаты 4,3 млн. кВт астам 23,7 мың тұтыну қосалқы станцияларын салу қажет.

3.3.6 Автомобиль жасау

      Қазақстан Республикасының автомобиль жасау сегменті саладағы барынша ішкі сұранысқа ие және 2008 жылы машина жасау өнімдерінің көлемі 16 %-ды құрады, бұл ретте 2004 - 2007 жылдар кезеңінде халық табысының артуы мен жеңіл автомобильдерді сатып алу арқасында нарық 28 %-ға өсті. Қазақстандық автокөлік нарығы сол бұрынғы күйінде молықпай отыр. Егер Еуропада 1000 тұрғынға орташа алғанда 450 - 500 жеңіл автомобильдерден келсе, Ресейде бұл көрсеткіш 231 автомобильді құрайды, ал Қазақстанда 2008 жылы автомобильдендіру деңгейі 1000 тұрғанға 164 автомобильді құрады.
      Республикалық автокөлік паркі 2 621,1 мың жеңіл, 370,5 мың жүк автокөлік құралдары және 92,4 мың автобус (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2010 жылғы 1 қаңтардағы жай-күйі бойынша мәліметтері) бар.
      Автомобильдер паркі жоғары тозуымен сипатталады. 12 жылдан астам пайдаланылған автокөлік құралдарының үлес салмағы 63 %-ды, оның ішінде автобустар 57 %-ды, жеңіл автомобильдер 59 %-ды және жүк автомобильдері 84 %-ды құрайды.
      Қазақстан Республикасында автомобиль жасау өніміне ішкі сұраныстың көлемі 2008 жылы 300 млрд. теңгеден асты. Сұраныстың айтарлықтай бөлігі машина жасау өнімі импортының есебінен қанағаттандырылды - ішкі өндіріс көлемі 14 млрд. теңгені (сұраныстың 5 % -ы)құрады.
      Автомобиль жасаудың негізгі өнімдерін өндіру 11-кестеде көрсетілген.

11-кесте. Автомобиль жасау өнімдері өндірісі

Көрсеткіш атауы

2005

2006

2007

2008

2009

Жеңіл жолаушылар автомобильдері, дана

2268

2945

6311

3271

1245

Он немесе одан көп адам тасымалдайтын автомобильдер, дана

91

119

40

115

2

Жүк автомобильдері, дана

144

1523

2043

1013

353

Арнайы және мамандандырылған автомобильдер, дана

132

170

321

61

80

Тіркемелер және жартылай тіркемелер; контейнерлер, дана

213

136

99

57

38

      «АЗИЯ АВТО» АҚ 2003 жылдан бері жеңіл автомобильдер шығарумен айналысады және «General Motors» (Сhevrolet және Саdilaс маркалары); «Volkswagen» (Skoda маркасы), «КІА Моtоrs» (КІА маркасы), «АВТОВАЗ» (LADА маркасы) компанияларының әріптесі болып табылады. Жаңа автомобильдер сегментінде 2008 - 2009 жылдары қазақстандық зауыт өнімі 10-12 %-ды иемденді.
      Кеден одағына (бұдан әрі - КО) кіру және кейіннен импорттық баж салығының ұлғаюы әлемдік жетекші автомобиль компанияларымен және бірлескен құрастырмалы өндірістерді ұйымдастыру үшін КО елдері аумағындағы өнім экспорты жақсы ынталандыру болып табылады.
      «АЗИЯ АВТО» АҚ ресейлік он тоғыз және белорустық бір зауытпен қатар, импорттық баж салығын төлемей өз өнімін КО аумағы бойынша орналастыруға құқығы бар кәсіпорындардың ресми тізбесіне енгізілген. Бұл Қазақстанда шығарылатын автомобильдерді сату үшін нарық көлемін ұлғайту республикада толық циклді (дәнекерлеу, бояу, құрастыру) автоөндірісті ұйымдастыруға, автокомпоненттер өндірісін құруға, құрастырылатын автомобильдердегі қазақстандық қамтудың ауқымын біртіндеп көтеруге мүмкіндік береді.
      Ең тартымды сегмент сұраныс құрылымының 48 %-ын құрайтын жеңіл автомобиль өндірісі, сондай-ақ қолда бар парктегі жоғары тозумен және экономиканың әлеуетті өсуімен байланысты жүк автомобильдері өндірісі болып табылады. Мысалы, «АЗИЯ АВТО» АҚ (жеңіл автокөліктері), «Камаз инжиниринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - ЖШС) (жүк автокөліктері), «Агромашхолдинг» АҚ («Sang Yong» жолсызда жүретін көліктер) негізінде автомобиль құрастыру жоспарланып отыр.

3.4 Саланы дамытудың негізгі проблемалары

      Қазақстан Республикасының машина жасау саласын дамытуға мынадай проблемалар кедергі болады:
      1) өндірістің тиімділігін арттыруға кедергі келтіретін жабдық тозуының жоғары деңгейі (43 - 80 %);
      2) машина жасау өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, ауқымсыз номенклатура және қазақстандық машина жасау өнімін тұтынудың үлесінің төмендігі;
      3) өнеркәсіптік-өндірістік қорлардың белсенді бөлігінің, төмен техникалық жағдайы және саладағы инновациялық белсенділіктің мардымсыз деңгейі;
      4) қолда бар өндірістік қуаттарды толық пайдаланбау;
      5) саланың инвестициялық тартымсыздығы және кәсіпорындарда айналым қаражатының жеткіліксіздігі;
      6) ірі металлургиялық өндірушілердің машина жасау кәсіпорындарына қатысты жосықсыз баға саясаты;
      7) өндіріс және кәсіпорынды басқару саласында білікті кадрлардың тапшылығы;
      8) машина жасау кешені инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы: инфрақұрылымның маңызды бөлігін (ғылыми-зерттеу институттары, конструкторлық бюролар, тәжірибе-экспериментальдық базалар, сынақтар мен техникалық бақылау орталықтары) жоғалту, стандарттау, сертификаттау жөніндегі ұйымдардың болмауы, т.б.;
      9) республиканың машина жасау кәсіпорындары мен таяу шетел кәсіпорындарының және жетекші әлемдік соған ұқсас өнім өндірушілердің арасындағы кооперациялық байланыстар деңгейінің төмендігі;
      10) мемлекеттік сатып алу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жетілмегендігі;
      11) технологиялық болжау тетігінің болмауы;
      12) өндірісте қосылған құны жоғары ғылымды қажетсінетін өнімнің, жоғары технологиялық бұйымдар үлесінің төмендігі;
      13) көптеген кәсіпорындар өнімді жекелеген мөлшерлерде және ұсақ партиялармен шығаруды жалғастыруда, бұл кәсіпорындардың экономикалық көрсеткіштерінде (бағада) теріс көрініс табады, яғни, сұрыпы мен сапасы бойынша соған ұқсас өнім импортына себеп болып табылады;
      14) кәсіпорындардың қазіргі заманғы сапа менеджменті жүйесінің болмауы, өндірісті басқарудың әлсіз маркетингі мен менеджменті;
      15) сатудан кейінгі машина жасау өнімдері сервисі деңгейінің төмендігі;
      16) мұнай және т.б. компаниялар мен ұйымдардың жер қойнауын пайдаланушыларды техникалық қайта жарақтау жоспарлары туралы ақпараттың болмауы.

3.5 Саланы дамытуда мемлекеттік реттеудің қолданыстағы
саясатын талдау

      «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 қарашадағы Заңында машина жасау басқа салалармен қатар экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларына жатқызылған.
      Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашада № 1115 қаулысымен бекітілген Отандық машина жасауды дамыту жөніндегі шаралар кешені іске асырылу үстінде, оның іске асырылу барысын талдау онда қойылған міндеттер толығымен орындалып жатқанын көрсетеді.
      Машина жасау саласына мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мақсатында жеткілікті қайта өңдеу тауарлары өлшемдерін 50 %-дан 30 %-ға дейін төмендетуді көздейтін «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қазандағы № 1054 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қаңтардағы № 62 қаулысы қабылданды.
      Сондай-ақ, бәсекеге қабілетті отандық автокөлік құрастыру өндірісі өнімін құру мақсатында «Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалған, «Еркін қойма» кеден режимі қолданылатын аумақта өндірілген және Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлігіне сатылатын, сату бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылатын қазақстандық тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 355 қаулысына толықтырулар енгізілді.
      Қазақстанда мемлекеттік қолдау көрсету шараларын жасау нәтижесінде дөңгелекті және шынжыр табанды тракторлар, комбайндар, жүк және жеңіл автокөліктері, тұрмыстық техникалар, мұнай-газ жабдықтары және т.б. құрастыру өндірістері құрылды.
      Елде жүргізілген жұмысқа қарамастан, әзірге машина жасаудың негізгі проблемалары шешілген жоқ: оның өсуі тұрақсыз, кәсіпорындардың жүктемесі әлсіз, инновациялық белсенділік төмен, түпкілікті өнімді шығаратын кәсіпорындардың үлесі төмен және т.б.

3.6 Қазақстан Республикасы жағдайларына бейімделуі мүмкін қазіргі проблемаларды шешу бойынша шетелдік оң тәжірибені шолу

      Әлемдік көшбасылар - негізінен әр түрлі сегменттердегі өнімді шығаратын ірі әртараптандырылған компаниялар (Вusher, Саterріllar), алайда бірқатар жағдайларда мамандандырылған компаниялар (Jоу Global Inc.) табысты болуы мүмкін. Жоғары еңбек өнімділігінің (шамамен - бір адамға 250 - 450 мың доллар), басқарудың тиімді жүйелерінің және ауқым әсерін пайдаланудың есебінен компаниялар жоғары маржиналдықты (10 - 15 %, темір жол машиналарын жасау сегменті бойынша - 4 %) сақтап қала алады. Барлық әлемдік көшбасы компаниялар тігінен ықпалдасқан болып табылады: олар әзірлеуден сатуға дейін делдалдық жүйелер арқылы құндылық құру тізбегінің барлық буындарын бақылайды. Өндірістің бір бөлігі (негізгі емес не ерекше элементтер) әдетте аутсорсингке беріледі. Барлық ірі әлемдік компаниялар өз қызметінде сервистік жүйелердің, сатудан кейінгі қызмет көрсетуге, сондай-ақ, бірқатар жағдайларда өздерінің клиенттері үшін қаржылық өнімдерді дамытуға айрықша көңіл бөледі.
      1. Инновациялық белсенділікті арттыру және ғылыми зерттеу мен тәжірибелік конструкторлық әзірлемелерді (бұдан әрі ҒЗТКӘ) ынталандыру.
      Машина жасауды дамыту кезіндегі мемлекет алдында тұратын маңызды міндеттердің бірі бизнестің инновациялық белсенділігін көтеру болып табылады. Аталған сала барынша ғылымды қажетсінетіндердің бірі болып табылады. Барлық дамыған елдер және әсіресе көшбасы елдер машина жасауда жыл сайын бюджеттен қомақты сомаларды ҒЗТКӘ-ны қабылдауға және ынталандыруға жұмсайды. Мемлекеттік қаржыландырудың әрбір доллары әртүрлі бағалаулар бойынша ҒЗТКӘ-ға тартылған қосымша жеке инвестициялардың 0,35-тен 1,74 долларға дейін қамтамасыз етеді.
      Әлемдік тәжірибеде ҒЗТКӘ-ны салық әдістерімен қолдаудың әртүрлі тетіктері бар, олардың ішінен мынадай 3 негізгісін бөліп көрсетуге болады:
      ҒЗТКӘ-ға тепе-тең шығыстар мөлшеріне салық салу базасын азайту;
      салық жеңілдіктерін ұсыну - ҒЗТКӘ-ға арналған шығыстардың үлесі төлеміне салықты азайту;
      уақытша босату немесе салықтарды азайту.
      Дамыған еуропалық елдер ғылыми зерттеулерді қолдауға және оларды кейіннен коммерцияландыруға көңіл бөледі, әрі ірі кәсіпорындардың ҒЗТКӘ жүргізуін қолдайды. Мәселен, француз үкіметі жоғары технологиялық фирмаларды (бюджеті шамамен 100 млн. франк) ұйымдастыру бойынша конкурс өткізді, іске асыру үшін 244 жоба іріктеліп алынды, олардың 23 %-ы машина жасау саласында болды. 2006 жылы Франция үкіметі RRJ ресейлік өңірлік ұшағын әзірлеудегі француздық үлестің бөлігін қаржыландыруға 140 млн. евро бөлді.
      2. Шағын және орта бизнесті дамыту.
      Машина жасаудың дамыған көшбасы елдерінде қосылған құнның және сала шығарылымның едәуір бөлігі (Европалық одақ бойынша машина жасау қосылған құнының 30 %-дан астамы, Ұлыбританияда - 41 %, Португалияда - 49 %, Норвегияда — 46 %) шағын және орта бизнеске (бұдан әрі - ШОБ) жататын кәсіпорындар қалыптастырады. Германия мен Австрияда шағын және орта кәсіпорындар да машина жасау өнімінің бәсекеге қабілеттілігіне едәуір үлес қосуда. Мәселен, Германияның үлгілік машина жасау компаниясы шамамен 150 адам штаты бар және айналымы 25 млн. евро компания болып табылады. Австрияда сектордағы шамамен орта есеппен 90 қызметкер штаты бар 800 компания шағын және орта бизнеске жатады, компаниялар, әдетте ауқымсыз нарықта және арнайы өнім шығарумен мамандандырылады (мысалы, тауда жұмыс істеуге арналған машина). Қытайдағы машина жасауды дамытуды, көбінесе шағын және орта бизнес қамтамасыз етеді, Мысалы, 2007 жылы экспорттың шамамен 47 %-ын машина жасау өнімі құрайды, бұл ретте экспорттың жалпы көлеміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 65 %-дан жоғары болды.
      Дамыған елдердегі ШОБ-тың дамуын талдау ШОБ-ты дамыту үшін барынша тартымды машина жасау сегменттерін айқындауға мүмкіндік береді. Германия, Ұлыбритания және Францияның машина жасау саласына жүргізілген талдау ШОБ-ты дамыту үшін көптеген мүмкіндіктер станок жасау және ауыл шаруашылығы техникасы өндірісі сегментінде, ал аздаған мүмкіндіктер - тұрмыстық аспаптар мен кеңсе техникалары өндірісінде екендігін көрсетеді.
      Шағын және орта кәсіпорындарды табысты дамыту себептерінің бірі ірі өндірістің ШОБ-қа қарсы қойылмайтындығында. Дамыған елдерде ірі, шағын және орта кәсіпорындарды кооперациялау қағидаттары таратылған, бұл ретте олар әсіресе жеке өндірістерді мамандандыру және инновациялық әзірлемелер саласында бірін бірі өзара толықтырып отырады.
      3. Экспортты мемлекеттік қолдау.
      Өнеркәсіптік дамыған, елдерде экспортты мемлекеттік ынталандыру тетігі көпжақтылығымен және мемлекеттің белсенді қатысуымен сипатталады. Мемлекеттік шығыстар сыртқы саудадан түсетін пайданың өсуі, өндіріс пен жұмыспен қамтылудың өсуі, салықтар мен басқа да көздерден түсімдердің артуы есебінен жабылады.
      Өнеркәсіптік дамыған және дамушы елдерде де экспортты ынталандырудың барынша тиімді құралдарының бірі экспорттық операцияларды жеңілдікпен қаржыландыру және экспорттық агенттіктерді құру болып табылады.
      Ірі әлемдік экспорттаушы болып табылатын АҚШ-та (тауарлар мен қызметтер экспортының көлемі 2007 жылы 1,6 триллион АҚШ долларын құрады) экспорттаушылардың мүддесін қамтамасыз етуде негізгі рөлді Саудаға жәрдемдесу жөніндегі үйлестіру комитеті атқарады. Бұл комитет АҚШ аумағынан экспортты дамыту бойынша 19 агенттіктің күш-жігерін үйлестіреді.
      Экспортты дамыту бойынша мемлекеттік шығыстардың мөлшері әрбір 100 000 долларға (экспорттық қаржыландыруды және ауыл шаруашылығы қолдауын қоспағанда) 0,1 - 0,8 доллар деңгейінде тұр. Бұл ретте қолдау көрсетудің неғұрлым үлкен деңгейін Испания, Ұлыбритания және Италия үкіметтері - 0,7 - 0,83 доллар, неғұрлым төмен деңгейін - Германия, АҚШ және Жапония — экспорттың әрбір 10 000 долларына - 0,11 - 0,3 доллар көрсетіп отыр.
      Экспорттық агенттіктердің негізгі міндеттері жергілікті компанияларға ақпараттық және консультациялық қолдау көрсету болып табылады. Әдетте, бұл:
      басым нарықтарда маркетингтік зерттеулер жүргізу;
      бірыңғай база құру және ШОБ кәсіпорындарына экспорттық мүмкіндіктер туралы ақпаратты ұсыну;
      экспорттық және импорттық рәсімдер туралы ақпаратты ұсыну;
      сыртқы нарықтарды жергілікті өндірушілердің мүдделерін білдіру.
      Халықаралық сауда тәжірибесінде экспортты ынталандырудың кең таралған және агрессивтік деп айтуға болатын нысаны оны тікелей субсидиялау болып табылады. Экспортты субсидиялау экспорттаушыға тауарларға бағаны айтарлықтай дәрежеде төмендетуге, ал көп жағдайларда тіпті оны өзіндік құннан аз етуге мүмкіндік береді. Жалпы субсидияларды пайдалану (ауыл шаруашылығы өнімін қоспағанда) шартты нысанда Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберінде жасалған субсидиялар мен өтемдік баждар туралы келісімнің нормаларымен регламенттеледі.
      Көптеген елдерде (Ұлыбритания, Жапония, Франция, Германия) мемлекеттік органдар ұлттық кәсіпорындардың экспорттық қызметіне ұйымдық және ақпараттық қолдау көрсетеді. Бұл сауда көрмелері мен жәрмеңкелерін ұйымдастыру, сауда миссияларын шетелге жіберу, фирмаларды сауда-экономикалық ақпаратпен қамтамасыз ету.

3.7 Қоршаған ортаға әсерді бағалау

      Қоршаған ортаға түсетін өнеркәсіп шығарындылары ірі көлемі ішінде машина жасауға оның болмашы бөлігі - 1 - 2 % тиесілі. Бұл көлемге машина жасау кешенінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын әскери бағдарланған салалар, қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының шығарындылары да жатады.
      Қазақстан Республикасында 2016 жылға дейін есептелген табиғатты қорғау шараларының кешені жүргізіледі. Зиянды заттардың шығарындыларын азайту үшін негізгі табиғатты қорғау шаралары жоспарланды және орындалды.
      Кәсіпорындарда атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларын қысқарту мақсатында газ тазалау қазандарын күрделі жөндеу, атмосфераға құрамында кремний бар шаң шығарындыларын қысқарту мақсатында пештерді газбен тазалау жүргізіледі. Шығарындыларды азайту брикеттер мен күйдірілген шекемтастарды пайдалану есебінен жүргізіліп жатыр. Санитарлық қорғау аймағын жайластыру: учаскелерді жоспарлау, аймаққа шаң жүктемесін төмендету мақсатында ағаш және бұта отырғызу жүргізіледі.
      Зауыттардың өнеркәсіп алаңдарында топырақ суларын азайту бойынша іс-шаралар, су жоғалтуды қысқарту және жерасты сулары мен топырақтың ластануын болдырмау мақсатында түрлі мақсаттағы суағарларды күрделі жөндеулер және олардың жай-күйіне мониторинг жүргізе отырып, жерасты суларын қорғау бойынша іс-шара өткізіледі.
      Кәсіпорындардың көпшілігінде ИСО 14001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық менеджмент жүйесі әзірленіп, енгізілді. Бұл жүйе күш-жігерді барынша маңызды проблемаларға бағыттауға мүмкіндік беретін қоршаған ортаға әсерді тұрақты талдауды болжайды.
      Энергия ресурстары шығынын төмендету шеңберінде белгілі бір жұмыс жүргізіледі. Бірқатар кәсіпорындарда өндірісті қайта жаңарту және жаңғырту жүзеге асырылды, жабдықтар ауыстырылды. Ірі кәсіпорындарда жыл сайын энергия ресурстарының азаю жағына шығыстарының үлестік нормалары қайта қаралады.
      Алдын ала талдау негізінен энергияны қажетсінудің төмендеуі электр энергиясы шығындарын үнемдеу жолымен, ал еңбек өнімділігінің артуы жабдықты жаңғыртудың есебінен жүреді.
      Пайдаланылатын тәсілдерден басқа энергетикалық және материалдық ресурстарды болмашы өсімімен жалпы ішкі өнімді ұлғайтуға мүмкіндік беретін ғылымды қажетсінетін өндірістерді құру бойынша белсенді жұмыс жүргізу қажет.
      Қазіргі уақытта машина жасаушы кәсіпорындар инвестициялар тарту және парникті жаңа технологияларды қолдануға, газдардың шығарындыларын қысқарту, энергияны және ресурсты үнемдеу, жерді және орман отырғызуды рекультивациялау жолымен саланың экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жобаларды іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде.

4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

      Бағдарламаның мақсаты
      Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөніндегі 2010  - 2014 жылдарға арналған Бағдарламаның негізгі мақсаты қосылған құны жоғары түпкі өнім өндіруді ұлғайту есебінен ішкі нарықтың қажеттілігін барынша қанағаттандыру және экспортты кеңейту болып табылады.

      Бағдарламаның негізгі міндеттері
      1. Технологиялық жаңғыртуды ынталандыру және жаңа өндірістер құру.
      2. Ішкі нарықтың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану.
      3. Машина жасау өнімінің экспортын қолдау және дамыту.
      4. Машина жасау саласын дамытуды қажетті кадрлармен қамтамасыз ету.

      Нысаналы индикаторлар
      Бағдарламаны іске асыру мыналарды қамтамасыз етеді:
      1. Жалпы қосылған құн салығының 74 %-ға өсіру.
      2. Саладағы еңбек өнімділігін жылына бір адамға 7 592 мың теңгеге ұлғайту.
      3. Өндіріс көлемін 588 млрд. теңгеге дейін ұлғайту.
      Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер көрсеткішері 12-кестеде көрсетілген.

12-кесте. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер көрсеткіштері

Негізгі көрсеткіштер

Өлшем бірлік

Күтілетін нәтижелер

2010

2011

2012

2013

2014

1

Көлік машинасын жасау, соның ішінде:








жеңіл автомобильдер мен құрамдас бөліктерді жинақтауыштарды өндіруді оқшаулау деңгейі

%

-

5

10

20

30


жол-құрылыс техникасын өндіру

бірлік

-

200

200

200

200


мамандандырылған платформа өндіру

бірлік

-

300

300

300

300


темір жол арбасын өндіру

бірлік

-

-

5000

5000

5000


хоппер-вагон өндіру

бірлік

-

300

400

500

600

2

Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, соның ішінде:








комбайндарды өндіру

бірлік

-

500

600

700

800


трактор өндіру

бірлік

1000

1000

1000

1000

1000

3

Мұнай-газ машиналарын жасау, соның ішінде:








газ айдайтын агрегат өндіру

бірлік

-

-

-

8

8


газ-турбина электр станциясын өндіру

бірлік

-

-

-

6

6

4

Тау-кен машиналарын жасау - өнім шығару көлемін ұлғайту

%

110

140

175

210

270

5

Электр техникалық машиналарын жасау - өнім шығару көлемін ұлғайту

%

106

115

135

155

170

5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

      Бағдарламаның орындалуы оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары арқылы жүзеге асырылады.
      Бірінші кезең (2010 - 2011 жылдар) - машина жасау кәсіпорындарында технологиялық аудит жүргізу, салалық конструкторлық бюро құру және саланың инфрақұрылымын нығайту.
      Бірінші кезеңнің мақсаттары мен нәтижелері:
      жалпы қосылған құнның 2012 жылға 10 %-ға өсуі (13-кесте);
      машина жасау өнімінің өндіріс көлемін 2012 жылға 10 %-ға ұлғайту (13-кесте);
      саладағы еңбек өнімділігін 2012 жылға 64 %-ға ұлғайту (13-кесте).
      Екінші кезең (2012 - 2014 жылдар) - машина жасау кәсіпорындарының потенциалын жүзеге асыру, интенсивті өсу. Бұл кезеңде бірінші кезеңде алынған позитивті нәтижелерді тарату, саланы қолдау мақсатыңда қолда бар инфрақұрылымдарды жүйелі нығайту және жаңа инфрақұрылымдарды құру, саланы жүйелі нығайту, мұнай-газ, тау-кен металлургиялық, ауылшаруашылық, электрлік техника және темір жол машина жасау салалары үшін жаңа өнім түрлерін игеру жүзеге асырылады.
      Екінші кезеңнің мақсаттары мен нәтижелері:
      жалпы қосылған құнның 74 %-ға өсуі (13-кесте);
      машина жасау өнімінің өндіріс көлемін 95 %-ға ұлғайту (13-кесте);
      саладағы еңбек өнімділігін 3,5 есе ұлғайту (13-кесте).

13-кесте. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

Негізгі көрсеткіштер

2008

2009

Күтілетін нәтижелер

2010

2011

2012

2013

2014

1

Жалпы қосылған құн, млн. теңге

130 764

115 614

133 380

143 841

163 455

189 608

227 530

2

Жалпы қосылған құнның өсуі, 2008 жылға %

100

89

102

110

125

145

174

3

Өндіріс көлемі, млрд.теңге

302,8

282,5

306

333

396

485

588

4

Өнімділік, мың.теңге/ адам

2 205,9

2 633,9

3 150

3 600

4 350

5 550

7 800

      Нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін саланы дамыту бойынша келесі негізгі іс-шараларды жүзеге асыру қажет:
      1. Шығарылатын ассортиментті кеңейту жөніндегі икемді өндірістер құру мақсатында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және машина жасау өнімінің жаңа түрлерін игеру.
      Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және қолда бар кәсіпорындарды қайта құрылымдау машина жасау кәсіпорындарында технологиялық аудит жүргізу нәтижесі бойынша, перспективті технологияларды сатып алу/енгізуге инновациялық гранттарды беру арқылы, өндірістік процестердің үнемділігін қамтамасыз ететін басқарушылық технологияларды енгізу арқылы жүзеге асырылады.
      2014 жылға қарай «Өскемен арматура зауыты» АҚ-ның өндірістік қуаты жаңғыртылады, Өскемен қаласы.
      Сондай-ақ, Қостанай қаласы «Агромашхолдинг» АҚ-ның ауыл шаруашылығы техникасын қызмет көрсету бойынша сауда-сервистік орталықтары жаңғыртылатын болады.
      2. Бөлшектер мен құрамдас бөліктер өндірісін игеру арқылы оқшаулау деңгейін ұлғайта отырып, ірі құрастыру өндірістерін ұйымдастыру.
      Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған картасына енген инвестициялық жобалардың шеңберінде бөлшектер мен құрамдас бөліктер өндірісін игеру арқылы оқшаулау деңгейін ұлғайта отырып, мынадай ірі құрастыру өндірістерін ұйымдастыру жобаларын жүзеге асыру қарастырылады: «Жолаушы вагондарының өндірісі», «Электровоздар өндірісін ұйымдастыру», «Өскемен қаласында толық циклді автозауыт және автоқұрамдар шығаратын технопарк салу». Негізгі инвестициялық жобалар осы Бағдарламаның 2-қосымшасында келтірілген.          3. Қосылған құны жоғары машина жасау өнімін өндіру бойынша қазіргі заманғы жаңа кәсіпорындар құру.
      Көлік машинасын жасауда 2014 жылға қарай Қарағанды және Қостанай қалаларында оқшаулау деңгейін 30 %-ға дейін жеткізе отырып, жеңіл автомобильдер құрастырып өндіру ұйымдастырылатын болады.
      Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған картасына енген инвестициялық жобалардың шеңберінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда:
      Өскемен қаласында «Азия Авто» АҚ базасында құрамдас бөліктердің өндірісі ұйымдастырылады, соның ішінде: пластиктен жасалған өнімдер (бампер, панель), резинатехникалық өнімдер, пайдаланылған жүйелер, жанар-май бактары, Аталған жобаны жүзеге асыруға инвестиция көлемі 74 млрд. теңгені құрайды.
      Қостанай қаласында «Агромашхолдинг» АҚ-ның базасында жылына 200 бірлік көлемінде жол-құрылысы техникасын өндіру жолға қойылады (автогрейдерлер, жаппай тиегіштер, гидравликалық экскаваторлар, тракторлар). Инвестиция көлемі 2,1 млрд. теңге.
      Темір жол машинасын жасауда да инвестициялық жобалар жүзеге асырылады:
      «Таман» ЖШС, Екібастұз қаласы жүк вагондарын өндіру, қуаты жылына 2500 бірлік. Инвестиция көлемі 7,6 млрд. теңгені құрайды.
      «Байтерек А» ЖШС, Атбасар қаласы, электровоздарды құрастырып шығару, қуаты жылына 50 бірлік. Инвестиция көлемі 9,9 млрд. теңгеден астамды құрайды.
      Бұдан басқа, Астана қаласында «Локомотив Лизинг» ЖШС локомотивтер өндірісі ұлғайтылатын болады.
      Аталған жобаларды жүзеге асыру есебінен локомотивтер мен жүк вагондарының өндірісі ұлғаяды.
      Петропавл қаласында «ЗИКСТО» АҚ базасында қуаты жылына 1200 бірлікке дейінгі мамандандырылған платформа, жылына 5000 бірлік темір жол арбасын, жылына 400 бірлік хоппер-вагон өндіру игеріледі. Аталған өндірістерді жүзеге асыру үшін инвестиция көлемі 832 млн. теңгені құрайды.
      Өскемен қаласында «Шығысмашзауыты» АҚ базасында және Қарағанды қаласында «Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты» АҚ базасында ірі габаритті құйма өндіру, оның ішінде темір жол машинасын жасаудың мұқтажы үшін жылдық шығару көлемі 30 мың тонна болатын өндірістер ұйымдастырылатын болады. «Шығысмашзауыты». АҚ жобасын жүзеге асыру үшін қаржы көлемі 7,1 млрд, теңге, «Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты» АҚ - 3,1 млрд. теңгені құрайды.
      Ауыл шаруашылығы машиналарын жасауда 2014 жылға қарай өнім шығару 2 есеге ұлғаятын болады.
      Қостанай қаласында «Агромашхолдинг» АҚ-ң базасында «Енисей» және «Еssil» комбайндарын жасау жылына 800 бірлікке дейін ұлғаятын болады.
      Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған картасына енген инвестициялық жобалардың шеңберінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда:
      Семей қаласында «СемАз» ЖШС базасында қуаты жылына 1 мың бірлік көлемінде «Беларусь» тракторларын құрастырып шығару ұйымдастырылатын болады. Инвестиция көлемі 1,36 млрд. теңгені құрайды.
      Ақмола облысы Ақкөл қаласында «Астакар» ЖШС базасында «ЛЕМКЕН» герман фирмасымен бірлесіп аспалы жабдық жасау, оның ішінде: культиваторлар қуаты 34 бірлікке дейін, тырмалар қуаты 25 бірлікке дейін, бүріккіштер қуаты 12 бірлікке дейін, шөп шабатын машиналар қуаты 36 бірлікке дейін ұйымдастырылатын болады. Инвестиция көлемі 85 млн. теңгені құрайды.
      Елдің ірі облыстарында ауыл шаруашылығы техникасын сату және қызмет көрсету бойынша тоғыз сауда-сервистік орталықтан тұратын желі құрылады, атап айтқанда: Солтүстік Қазақстан облысында екеу, Шығыс Қазақстан облысында біреу, Ақмола облысында үшеу, Қостанай, Батыс Қазақстан және Алматы облыстарында бір-бірден.
      Мұнай-газ машиналарын жасауда 2014 жылға қарай отандық өнім үлесін 22 %-ға артып, өнім шығару 2,5 есеге артады, оның ішінде: құбыр арматурасы, сұйықтық сорғыштары, ұтқыр-бұрғылау қондырғылары, сыйымдылық құралдары қондырғылары.
      Алматы қаласында «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «Белкамит» бірлескен кәсіпорны» АҚ, «Имсталькон» АҚ базаларында; Өскемен қаласында «Өскемен арматура зауыты» АҚ, «Шығысмашзауыты» АҚ, «Машзауыты» АҚ базаларында; Петропавл қаласында «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «Мұнаймаш» АҚ, «Қазмұнайгазмаш» АҚ базаларында; Ақтөбе қаласында «Ақтөбе мұнай құрылғылары зауыты» АҚ базасында құбыр арматурасы, сұйықтық сорғыштары мен ұтқыр - бұрғылау қондырғылары өндірісі дамитын болады.
      Орал қаласында «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ базасында жылына 8 бірлік газ айдайтын агрегат және жылына 6 бірлік газ-турбина электр станциясын өндіру игеріледі. Инвестиция көлемі 3 млрд. теңге.
      Атырау қаласында «ҚазТурбоЖөндеу Сервистік орталығы» ЖШС базасында газ-құбыр қондырғылары мен жабдығын жөндеу мен сервистік қызмет көрсету, оның ішінде 18 күрделі және 12 ағымдағы жөндеу ұйымдастырылатын болады. Аталған жоба «ҚазТурбоЖөндеу» ЖШС компаниясымен «Siemens» герман компаниясы арасындағы лицензиялық келісімді жүзеге асыру арқылы енгізіледі. Инвестиция көлемі 5,2 млрд. теңге.
      Кен машиналарын жасауда 2014 жылға қарай прокатты орнақ, рольганг, шахталық гидробагандар, гидрожылжытқыштар өндірісін дамыта отырып, «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «Целингормаш» ЖШС (Степногорск қаласы) секілді және Қарағанды машина жасау консорциумының кәсіпорындары өндірісін дамыту арқылы өнім шығару көлемі 2,7 есе артады.
      Сонымен қатар Қарағанды машина жасау консорциумының базасында гидравликалық және пневматикалық перфораторлар, өздігінен жүретін бұрғылау және тиеу-көлік жабдығын өндіру игеріледі.
      Электр техникалық машиналарын жасауда 2014 жылға қарай өнім шығару 1,77 есеге артады.
      Талдықорған қаласында «Қайнар АКБ» ЖШС қорғасын аккумуляторларының өндірісі ұлғаяды, қуаты 600 мың бірлік. Аталған өндірісте инвестиция көлемі 570 млн. теңгені құрайды.
      Кентау қаласында «ҚазТрансформатор» АҚ-да трансформаторлар өндірісі 2010 жылы 2 млн.кВА-тан 2014 жылы 4 млн.кВА дейін ұлғаяды, сондай-ақ кернеулігі 220 вольт және одан да жоғары, қуаты 1 млн.кВА дейін трансформаторлар шығару игеріледі.
      Павлодар қаласында «Қазэнергокабель» АҚ базасында және Сарань қаласында «Қазцентрэлектропровод» ЖШС негізінде, «EAST INDUSTRY COMPANY ltd» ЖШС базасында оқшаулағышпен оралған сым жасау артады, қуаты жылына 33 600 км. Инвестиция көлемі 753 млн. теңгені құрайды.
      Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру Қазақстанды индустрияландырудың 2010 - 2014 жылдарға арналған картасы шеңберінде инвестициялық жобалар жүзеге асырылады.
      Жүзеге асыруға ұсынылатын саладағы негізгі инвестициялық жобалар осы Бағдарламаның 2-қосымшасында көрсетілген.
      Қорғаныс өнеркәсібінде 2014 жылға қарай қазіргі бар проблемаларды шешуге және республиканың мемлекеттік қорғаныс тапсырысындағы қазақстандық қамтудың үлесін барынша ұлғайту үшін нақты әлеует құруға бағытталған бағдарламалық шаралар іске асырылатын болады.
      Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарын дамытудың негізгі бағыттары мемлекеттің Әскери ұйымының әскери мақсаттағы тауарларына деген барынша перспективалы қажеттіліктермен айқындалатын болады.
      Мемлекеттік органдар мен қорғаныс кәсіпорындары қазақстандық әскери мақсаттағы өнімдердің экспортын ұлғайту жөнінде тиімді, келісілген шаралар қабылдайтын болады.
      Мемлекет пен қорғаныс кешенінің қорғаныс өндірісі саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының саны мен сапасын ұлғайтуға бағытталған өзара іс-қимылы жанданатын болады.
      Қорғаныс өнеркәсібін дамыту бойынша шаралар қорғаныс өнеркәсібі саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын өкілетті мемлекеттік органмен қабылданады.
      Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз етуі.
      Білім беру жүйесі басымды салалардың ағымдағы қажеттілігін кадрлардың қажетті санымен қамтамасыз етеді. Алайда, перспективті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін басымды салалардағы жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін кадрлық қажеттіліктер туралы мәліметтерді ескеру қажет. Осылайша, білім беру жүйесі мамандандырылған кадрлармен бүгінгі күннің міндеттерін ғана емес, сонымен қатар саланың болашақтағы жалпы дамуын да қамтамасыз етуі қажет.
      Жаңа ірі кәсіпорындардың ашылуы кезінде саланың интенсивті даму қажеттіліктері мамандандырылған кадрлардың қосымша санын талап етеді.
      Машина жасау саласы үшін 16 мамандық бойынша: бақылау-өлшеу құралдарын және автоматиканы жөндеуші, бақылау-өлшеу құралдары және автоматика бойынша темір ұстасы, темір ұстасы-электрлік монтаждаушы, қырнаушы, жонушы, кең профильді станокшы, темір ұстасы-сайманшы, механика-құрастыру жұмыстарының темір ұстасы, темір ұстасы-жөндеуші, техник-механик, дәнекерлеуші (барлық атауы), электрлік газ дәнекерлеуші, жылжымалы құрамды жөндеу бойынша темір ұстасы, электр құралдарын жөндеу бойынша темір ұстасы-электрші, машина жасау саласы үшін технологиялық құралдарды жөндеуші кадрларға қажеттілік жоғары оқу орындарында және Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстарында 19 ТжКБ оқу орнында кадрлар даярлау есебінен өтелетін болады.
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 005 «Білім және ғылым объектілерінің құрылысы және қайта жөндеу» бағдарламасы бойынша Республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттардың шеңберінде 2012 жылы Өскемен қаласында 700 оқушы орынға арналған машина жасау саласы үшін Өңіраралық кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі орталық салу басталады. Республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі 2 300 млн. теңгеден астам құрайды.
      Дамыған елдердің алдыңғы қатарлы машина жасау кәсіпорындарында басқару кадрларының біліктілігін арттыру кәсіпорындардың жеке қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі.
      Мысалы, «Агромашхолдинг» АҚ-ның басқарушы кадрлары «Ssang Yong» компаниясында (Оңтүстік Корея), «АЗИЯ АВТО» АҚ «Volkswagen» концерні зауыттарында (Германия), «Daewoo Bus Казахстан» АҚ «Daewoo Bus Global Corporation» компаниясында (Оңтүстік Корея), «Lokomotiv-leasing» ЖШС «General Electric» компаниясында (АҚШ) және т.б. өз біліктілігін арттыратын болады.
      өз қызметін ел аумағында жүзеге асыратын шетелдік инжинирингтік компаниялар үшін (жылына персонал санының кемінде 30 %) қазақстандық кадрларды оқыту және біліктілігін арттыру мақсатында компаниялардың жанында оқу орталығының болуы жөніндегі міндетті талаптар енгізіледі.
      Машина жасау саласы бойынша ірі инвестициялық жобалардың кадрлық қажеттіліктері осы Бағдарламаның 1-қосымшасында келтірілген.

Техникалық регламенттерді енгізу

      Экспортқа шығарылатын өнімнің сапасын дүниежүзілік ұқсас деңгейіне дейін жоғарылату, шетелдерде отандық өнімнің тартымдылығын жоғарылату мақсатында технологиялық регламенттерді ендіру, халықаралық талаптарға сәйкес мемлекеттік стандарттарды әзірлеу және енгізу қарастырылады.
      2010 - 2014 жылдар аралығында 013 «Техникалық реттеу және метрология саласындағы қызметтер бюджеттік бағдарламасы шеңберінде: автокөлік құралдарының; объектілерді қорғау үшін өрт техникасының; желдету жүйелерінің, төмен вольтті жабдықтардың; ауыл шаруашылығы және ағаш дайындау тракторларының, тіркемелері мен машиналарының; мұнай-газ кәсіпшілігінің; бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтардың; стационарлық компрессорлық тоңазыту қондырғыларының; ауыл шаруашылығы шикізатын және өсімдік шаруашылығы өнімін өңдеу жабдығының; ауыл шаруашылығы шикізатын және мал шаруашылығы өнімін өңдеу жабдығының, су жылытатын және бу қазандарының, шахтаға көтеру қондырғыларының; қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың; лифтілердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар бойынша 14 техникалық регламент және 169 мемлекеттік стандарт әзірленеді және енгізілетін болады (оның ішінде сынақ әдістеріне - 98, өнімге - 80 және менеджмент жүйесіне - 7).
      Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және сапа инфрақұрылымын құру бойынша бағдарламасының шеңберінде машина жасау өнімін өндіруді метрологиялық қамтамасыз ету және оның қауіпсіздігі мен сапасын бақылау үшін геометриялық шама мен физика-химиялық өлшемдердің мемлекеттік эталондары жетілдіріледі.
      Техникалық регламенттер мен стандарттар, сонымен қатар оларды орындамағаны үшін жауапкершілік шаралары өз қызметінде пайдалану үшін машина жасау өнімін өндіретін және тұтынатын өнеркәсіп кәсіпорындарына, мамандандырылған орталықтар мен зертханаларға жіберілетін болады. Аталған құжаттар Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің сайтында орналастырылады.

Инновацияларды дамыту және технологиялық
жаңғыртуға жәрдемдесу

      Инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу мақсатында Ғылымды, инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу бағдарламасы шеңберінде сегменттер бойынша кәсіпорындардың қажеттіліктеріне қызмет көрсету үшін 5 конструкторлық - ауыл шаруашылығы, электр техникалық, кен, көлік және мұнай-газ машиналарын жасау бюросын құру.
      Машина жасау кәсіпорындарының негізгі қорларын жаңарту және технологиялық қайта жарақтандыру үшін жеңілдікті шартпен жабдықтар лизингі ұйымдастырылады.
      Жыл сайын «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы жабдықтарды ауыстыруға жеңілдікпен кредит беруге кредиттер бойынша ставкаларды субсидиялау және жеңілдікті жағдайлармен жабдықтар лизингін беру үшін қаражат бөлінетін болады.
      Корпоративтік табыс салығы бойынша салық салынатын базаны ҒЗТКӘ бойынша нәтижелерді енгізу шығыстарының 150 %-на қысқарту жолымен ҒЗТКӘ дамытуды ынталандыру мақсатында өкілетті мемлекеттік органмен Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады.

Тікелей инвестициялар үшін тартымды жағдай жасау

      Лизингтік компанияларға өндірісті қаржыландыру кезінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің өтінімдері болмаса да, лизингке одан әрі беру үшін ауыл шаруашылығы техникасын отандық өндірушілерден сатып алуды жүзеге асыруға мүмкіндік беру бойынша мәселелер талқыланады.
      Жер қойнауын пайдаланушылардың, ұлттық компаниялардың және мемлекеттік органдардың сала кәсіпорындарының тауарларын, жұмыстарын және қызметтерін басымдықпен сатып алуы үшін саланың дамуын қолдау «Отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1353 қаулысының орындалуын бақылау және мониторингті күшейту арқылы жүзеге асырылатын болады.
      Ауыл шаруашылығы техникасына ішкі сұраныс «ҚазАгроҚаржы» АҚ базасында отандық өндірістің техникасын жылдық 4 % жеңілдік шартпен лизингке сатып алу есебінен қамтамасыз етіледі.
      Отандық машина жасау өніміне ішкі сұраныс отандық машина жасау өнімін сатып алуға арналған кредиттер бойынша сыйақының бір бөлігін өтеу тетігін пысықтау арқылы қамтамасыз етіледі.
      Автомобиль машинасын жасау өніміне атқарушы биліктің мемлекеттік органдары, олардың аумақтық органдары мен ведомстволық бағыныстағы мекемелер үшін автомобиль техникасын сатып алу мәселесі «Отандық әлеуетті өнім берушілердің санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1353 қаулысының орындалуын бақылау және мониторингті күшейту арқылы пысықталады.

Сауда саясаты

      Қазақстандық машина жасау өнімдерін Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Ауғанстан нарықтарына ілгерілету:
      ақпараттық, сараптамалық қызмет көрсету;
      өндірушілерге экспорттық нарықтар бойынша маркетингтік-талдау ақпараттарын ұсыну;
      экспорттаушыларға көмек ретінде нұсқаулық материалдарды жариялау;
      нақты өнімдердің тауарлық белгілерін жылжыту;
      шетелдерде сауда миссияларын ұйымдастыру;
      шетелдік өкілеттіліктер желісін құру.
      Машина жасау өнімін экспорттаушыларды гранттық қолдау өз өнімдерін экспортқа шығаруға байланысты шаралар бойынша экспортшы шығындарының 50 %-ың орнын толтыру, оның ішінде:
      сыртқы нарықта нақты өнімді (қызметті) жылжыту (брендинг) және айналдыру;
      шетелде тауар белгісін тіркеу және сертификаттау рәсімдері;
      экспортты басқару сферасындағы кәсіпорын қызметкерлерін оқыту;
      қызметінің алғашқы үш жыл көлемінде шет елде өкілеттілік/өкіл/шоу-бөлме/офис ашу;
      саланың экспорттық өнімдерінің, нарық сегменттерінің, аймақтарының каталогтары;
      франшизаларды тарту;
      ағылшын тілінде экспортшының веб-сайтын құру және іске қосу;
      нақты нарыққа нақты өнім (қызмет) түрімен кіру бойынша маркетингтік зерттеулер.
      Қазақстандық машина жасау өнімінің экспортын жылжыту үшін қаржылық ынталандыру жасау 022 «Экспорттаушы - 2020» бағыты шеңберінде қазақстандық тауарлардың экспортын сыртқы нарықтарға жылжытуға жәрдемдесу» Республикалық бюджеттік бағдарламасымен қарастырылған экспортты қолдау шараларына шығындардың орнын толтыру шеңберінде жүзеге асырылады.

6. Қажетті ресурстар

      Бағдарламаны қаржыландыру даму институттары қаражатының, кәсіпорындардың меншікті қаражатының, отандық және шетелдік инвестициялардың есебінен және республикалық бюджетте көзделетін қаражат шегінде жүзеге асырылады.
      Республикалық бюджет есебінен қажетті қаржыландыру көлемі 2 430,182 млн. теңгені құрайды:
      100 млн. теңге технологиялық жаңғыртуды ынталандыру және жаңа өндірістер құруға;
      2 330,182 млн. теңге саланы мамандандырылған кадрлармен қамтамасыз ету үшін оқу орнын соғуға.
      Оның ішінде:
      2010 жылы - 439,173 млн. теңге;
      2011 жылы - 1 991,009 млн. теңге;
      2012 жылы - көзделмеген;
      2013 - 2014 ж.ж. - 2013 - 2015 жылдарға бюджетті бекіту кезінде көзделеді.
      Инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы негізінен кәсіпорындардың меншік қаражаты және қарыз қаражаттар есебінен жоспарланып отыр, барлығы - 425 242,15 млн. теңге.
      Оның ішінде:
      2010 жылы - 22673,4 млн. теңге;
      2011 жылы - 263 830 млн. теңге;
      2012 жылы - 54 380 млн. теңге;
      2013 жылы - 9261 млн. теңге;
      2014 жылы - 75 097,75 млн. теңге.

7. Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Іс-шаралар

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

Болжанатын шығыстар, млн. тг.

Қаржыландыру көздері

Бюджеттік бағдарлама № (егер бар болса)

2010

2011

2012

2013

2014

барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

1. Білікті кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету

1

Өскемен қаласында 700 оқушы орнына арналған Машина жасау саласы үшін кадрлар даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық орталық салу

Пайдалануға беру

БҒМ, ШҚО әкімдігі

2012 жылдың IV тоқсаны

339,173

1991, 009

-

-

-

2330,182

РБ (ҚР Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі № 626 Жарлығы)


2

Басқарушы кадрларды дамыған елдердің озық машина жасау кәсіпорындарында біліктілігін арттыру

Біліктілікті арттыру туралы сертификат

ИЖТМ

ақпан, шілде жыл сайын

-

-

-

-

-

-

Кәсіпорынның жеке қаражаты


2. Техникалық регламенттерді енгізу

3

Автокөлік құралдарының; объектілерді қорғау үшін өрт техникасының; желдету жүйелерінің, төмен вольтті жабдықтардың; ауыл шаруашылығы және ағаш дайындау тракторларының, тіркемелері мен машиналарының; мұнай-газ кәсіпшілігінің; бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтардың; стационарлық компрессорлық тоңазыту қондырғыларының; ауыл шаруашылығы шикізатын және өсімдік шаруашылығы өнімін өңдеу жабдығының; ауыл шаруашылығы шикізатын және мал шаруашылығы өнімін өңдеу жабдығының, су жылытатын және бу қазандарының, шахтаға көтеру қондырғыларының; қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың; лифтілердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар бойынша 14 техникалық регламент енгізу

ЭДСМ-ге ақпарат

ИЖТМ

2012 жылдың IV тоқсаны

-

-

-

-

-

-

Талап етілмейді


4

169 мемлекеттік стандарттарды енгізу (оның ішінде сынақ әдістеріне - 98, өнімге — 80 және менеджмент жүйесіне - 7)

ЭДСМ-ге ақпарат

ИЖТМ

2014 жылдың IV тоқсан

-

-

-

-

-

-

Талап етілмейді


5

Машина жасау өнімін өндіруді метрологиялық қамтамасыз ету және оның қауіпсіздігі мен сапасын бақылау үшін геометриялық шама мен физика-химиялық өлшемдердің мемлекеттік эталондарын жаңғырту

ЭДСМ-ге ақпарат

ИЖТМ

2014 жылдың IV тоқсан

-

-

-

-

-

-

Талап етілмейді


3. Инновацияны дамыту және технологиялық жаңғыртуды ынталандыру

6

Сегменттер бойынша кәсіпорындардың қажеттіліктеріне қызмет көрсету үшін 5 конструкторлық - ауыл шаруашылығы, электр техникалық, кен, көлік және мұнай-газ машиналарын жасау бюросын құру

Пайдалануға беру

ИЖТМ, "ИТТО" АҚ (келісім бойынша)

ақпан 2011-2012 жылдар

-


-

-

-




4. Тікелей инвестициялар үшін тартымды жағдай жасау

7

Атқарушы биліктің мемлекеттік органдары, олардың аумақтық органдары мен ведомстволық бағыныстағы мекемелер үшін автомобиль техникасын басымдықпен сатып алуы бойынша мәселелерін талқылау

ЭДСМ-ге ұсыныс

ИЖТМ

ақпан, шілде жыл сайын

-

-

-

-

-

-

Талап етілмейді


8

Жер қойнауын пайдаланушылардың, ұлттық компаниялардың және мемлекеттік органдардың сала кәсіпорындарының тауарларын, жұмыстарын және қызметтерін басымдықпен сатып алуы бойынша мәселелерін талқылау

ЭДСМ-ге ұсыныс

ИЖТМ «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ, (келісім бойынша)

ақпан, шілде жыл сайын

-

-

-

-

-

-

Талап етілмейді


5. Сауда саясаты

9

Машина жасау өнімінің экспортын жылжыту

ИЖТМ-ге есеп беру

«КАZNEХ INVEST» АҚ (келісім бойынша)

ақпан, шілде жыл сайын

-

-

-

-

-

-



6. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру

10

Машина жасау саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру

ЭДСМ-не ақпарат

ИЖТМ, облыстар және Астана, Алматы қалаларының әкімдіктері

жыл сайын ақпан

22773,4

263830

54380

9261

75097,75

425342,15

100-РБ, (2010 жыл) қалғаны - меншікті және қарыз қаражаты


      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ИЖТМ             - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
                         технологиялар министрлігі
      ЭДСМ             - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму
                         және сауда министрлігі
      БҒМ              - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
                         министрлігі
      «Самұрық-        - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
      Қазына»            акционерлік қоғамы
      ҰӘҚ» АҚ         
                         
      «КАZNEХ INVEST»
      АҚ               - «КАZNEХ INVEST» экспорт және инвестициялар
                         ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы
      «ИТТО»АҚ         - «Инжиниринг және технологиялар трансферті
                         орталығы» акционерлік қоғамы
      ШҚО әкімдігі     - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі

Қазақстан Республикасында
машина жасауды дамыту
жөніндегі 2010-2014 жылдарға
арналған бағдарламаға
1-қосымша

Машина жасау саласының 2010 - 2014 жылдарға арналған инвестициялық жобаларын іске асыру үшін еңбек ресурстарындағы болжамдық қажеттіліктер туралы мәліметтер

Жұмыс орындарының        салу кезеңінде: 4053      пайдалану
жалпы саны: 12381                                  кезеңінде: 8328
Олардың ішінде           салу кезеңінде: 229       пайдалану
қажеттілік: 6299                                   кезеңінде: 6070
Оның ішінде кәсіби-біліктілік бөлігінде:

Жобаның, өңірдің атауы

Кәсіп (мамандық) атауы

Біліктілік деңгейі (разряд), мамандандыру

Пайдалану кезеңінде

2010

2011

2012

2013

2014

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Қостанай облысы

1

«Агромашхолдинг» акционерлік қоғамы, ауыл шаруашылығы техникасын сату және оған қызмет көрсету сауда-сервистік орталықтарын кеңейту және жаңғырту

жоғары білімі бар

жоғары






техникалық-кәсіптік білімі бар

бастауыш

4

6

4



біліктілікті талап етпейді


4

4

4




Жоба бойынша жиыны



8

10

8



2

«Агромашхолдинг» акционерлік қоғамы, ауыл шаруашылығы, жол-құрылыс техникасын және автобус шығару

жоғары білімі бар

жоғары


7

7

7

7

техникалық-кәсіптік білімі бар жүргізуші-сылақшы


3

3

3

3

слесарь


37

39

42

42

слесарь


18

20

18

18

слесарь


6

6

9

9

біліктілікті талап етпейді



1

1

3

3


Жоба бойынша жиыны




72

76

82

82

Маңғыстау облысы

3

Баутино кенті, шағын кемелерді жөндеу зауыты

жоғары білімі бар

Кеме жөндеу машиналық жұмыстарының механигі

4

4

2

2

2

Кеме дизельдік жабдығының механигі

4

4

2

2

2

техникалық-кәсіптік білімі бар

Электр-газбен дәнекерлеуші (алюминиймен кеме жұмысы бойынша)

7

7

4

4

4

бояушы

2

2

1

1

1

Құм себуші

2

2

1

1

1

Электромонтер

2

2

1

1

1

Кеме тұрқын жасаушы-жөндеушілер

2

2

1

1

1

Алюминий және болаттан бұйымдар дайындаушы (жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл)

3

2

2

2

2


Жиыны



26

25

14

14

14

Атырау облысы

4

Газ турбиналық жабдықты жөндеу және оған сервистік қызмет көрсету зауытын салу («ҚазТурбаЖөндеу» жауапкершілігі шектеулі серіктестік)

жоғары білімі бар


29





техникалық-кәсіптік білімі бар


45





біліктілікті талап етпейді


3






Жиыны



77





Павлодар облысы

5

«Қамқор Менеджмент» жауапкершілігі шектеулі серіктестік, жүк вагондарын шығаруды ұйымдастыру

жоғары білімі бар


32

23




арнайы орта білімі бар


20

18




бастауыш кәсіптік білім


80

47





Жиыны



132

88




6

«Проммашкомплект» жауапкершілігі шектеулі серіктестік

жоғары білімі бар


28

113

24





арнайы орта білімі бар


60

78

107




Жиыны



88

191

131



Батыс Қазақстан облысы

7

Газ айдаушы агрегаттар мен газ турбиналық электр станцияларын әзірлеу және дайындау

арнайы орта білімі бар







техникалық-кәсіптік білімі бар


30

30

30

30

30


Жиыны



30

30

30

30

30

Шығыс Қазақстан облысы

8

«Өскемен арматура зауыты» акционерлік қоғамы, өндірістік қуаттарды жаңғырту, өндірілетін өнімнің номенклатурасын кеңейту

жоғары білімі бар


0

3

8

7

5


техникалық-кәсіптік білімі бар


40





Жиыны



40

3

8

7

5

9

«ЕА5Т ІNDUSTRI СОМРАNI» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, күштік бақылау кабельдерін өндіретін цехты дамыту

жоғары білімі бар







техникалық-кәсіптік білімі бар


15






Жиыны



15





10

«Шығысмашзауыт» акционерлік қоғамы, № 10 шойын құю цехтың болат құю өндірісін қайта жаңарту

жоғары білімі бар


36

2

0

4

2

техникалық-кәсіптік білімі бар


262

31

36

37

29

біліктілікті талап етпейді


18

3

2

3

1


Жиыны



316

36

38

44

32

11

"Азия Авто" акционерлік қоғамы, толық циклді авто зауыт салу

жоғары білімі бар


115

120

195

275

400

техникалық-кәсіптік білімі бар


120

250

395

835

1235

біліктілікті талап етпейді


10

10

10

10

20

Жиыны



245

380

600

1120

1655

Облыс бойынша жиыны



602

397

600

1120

1655

Қарағанды облысы

12

«КазБелАз» бірлескен кәсіпорыны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

жоғары білімі бар


9

3




техникалық-кәсіптік білімі бар


16

12

2


33

біліктілікті талап етпейді


2

8

3


12


Жиыны



27

23

5


45

13

«Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

жоғары білімі бар


8

27

30



техникалык-кәсіптік білімі бар


4

14

18



біліктілікті талап етпейді


46

80

140




Жиыны



58

121

188




Сала бойынша ЖИЫНЫ



1047

994

1098

1297

1863

Қазақстан Республикасында
машина жасауды дамыту жөніндегі
2010-2014 жылдарға арналған
бағдарламаға 2-қосымша

САЛАДАҒЫ НЕГІЗГІ ИНВЕСТИЦЯЛЫҚ ЖОБАЛАР

Жобаның атауы

Жоба бойынша іс-шаралар

Жобалардың мақсаты

Жобаның ҚЭН және/немесе ТЭН бар болуы кандай кезенде екендігі (әзірлеу, пысықтау, бекіту)

Ұсынылатын өңірлік орналастыру

Іске асырудың басталуы

Жобаның іске асырылуының аяқталуы

Жауапты орындаушы

Инвестициялардың көлемі млн.теңге

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Пысықталған жобалар

1

Газ турбиналық қондырғыларды жөндеу  және оларға сервистік қызмет көрсету зауытын салу

жоба нәтижелерінің мониторингі

Мұнай-газ машина жасауды дамыту

Бар

Атырау облысы, Атырау қаласы

2007

2010

Атырау облысының әкімдігі

5 250

Меншікті -160, қарыз — 5090

2

Перспектив алық мамандандырылған платформаларды (контейнер тасушы) әзірлеу және оны өндіріске енгізу

жоба нәтижелерінің мониторингі

Отандық вагон жасауды дамыту

Вар

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы

2009

2010

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

108,4

Меншікті -8,4, жергілікті бюджет-100,0

3

1520 табанды жүк вагондарының перспективалық арбасын (үш элементті, штампптең дәнекерленген) әзірлеу және оны өндіріске енгізу

жоба нәтижелерінің мониторингі

Отандық вагон жасауды дамыту

Бар

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы

2011

2015

Солтүстік Қазақстан облысыныд әкімдігі

597,75

Меншікті -75, қарыз -522,75

4

Астық тасымалдау үшін жабық вагон - хоппердің (астық тасымалдаушы) перспективалық үлгісін әзірлеу және оны өндіріске енгізу

жоба нәтижелерінің мониторингі

Отандық вагон жасауды дамыту

Бар

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы

2010

2012

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

127,0

Меншікті - 30, қарыз - 97,0

5

Жүк вагондарын шығару

жоба нәтижелерінің мониторингі

Көліктік машина жасауды дамыту, өндірістік  әртараптандыру

Бар

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы

2009

2011

"Самұрық Қазына" АҚ (келісім бойынша)

7 650

Меншікті - 1260, қарыз - 6390

6

Өндірістік қуаттарды жаңғырту, өндірілетін өнімнің номенклатурасын кеңейту

жоба нәтижелерінің мониторингі

Машина жасау саласын дамыту

Бар

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы

2010

2012

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі

2250


Перспективалық жобалар

7

Жеңіл автомобильдерді құрастырып шығару

жер учаскесін беру және қажетті инфрақұрылым жүргізу

Көліктік машина жасауды дамыту және меншікті автобөлшектер өндірісін құру

Бар

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы

2010


Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі

74 500

Меншікті -  14500, қарыз - 60000 (ЕБД және ЕҚДБ)

автозауыт салу

2010

2011

іске қосу және жобалық қуатқа шығу

2011

2015

8

Ауылшаруашылығы, жол-құрылыс техникасын және автобус шығару

нәтижелердің мониторингі

Отандық машина жасауды дамыту

Бар

Қостанай қаласы

2003

2012

Қостанай облысының әкімдігі

13 798

Меншікті және қарыз

9

Электровоздарды құрастырып шығару

нәтижелердің мониторингі

Көліктік машина жасауды дамыту

Бар

Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Атбасар қаласы

2008

2011

«Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша)

234 920

Меншікті және қарыз

10

Болат вагон құю өндірісі

жоба нәтижелерінің мониторингі

Жылжымалы құрам өндірісіндегі жергіліктендіру деңгейінің ұлғаюы

Бар

Өскемен қаласы

2006

2010

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

7 129

Меншікті -743,750, қарыз -6385,102

11

Сауда-сервистік орталықтарын кеңейту және жаңғырту

нәтижелердің мониторингі

Жаңа нарықты игеру және қызмет көрсету сапасының жақсаруы

Бар

Қазақстан өңірлері бойынша 9 филиалдан тұратын желі жұмыс істейді

2008

2010

Қостанай облысының әкімдігі

2 136

Қарыз -2136

12

«Қазақтелеком» АҚ, «ҚТЖ» АҚ, «КЕGОС» АҚ және т.б. мұқтаждықтары үшін резервтік, авариялық қоректендіруге арналған индустриялық (стационарлық, тартуға арналған) аккумуляторлар

жоба нәтижелерінің мониторингі

Электрлік-техникалық машина жасауды дамыту

Бар

Алматы облысы, Талдықорған қаласы

2009

2011

Алматы облысының әкімдігі

570

Меншікті -170, қарыз -400

13

Газ айдаушы агрегаттар мен газ турбиналық электр станциялары өндірісі

жоба нәтижелерінің мониторингі

Мұнай-газ машина жасауды дамыту

Бар

«Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ, Орал қаласы

2007

2010

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі

3 000

Қарыз - 3000

14

Баутино кентіндегі шағын кемелерді жөндеу зауыты

жоба нәтижелерінің мониторингі

Солтүстік Каспийде жұмыс істейтін барлық кеме түрлеріне ағымдағы және рейс аралық жөндеуді және доктік жөндеуді жүзеге асыру

Бар

«Маңғыстау облысының кеме жөндеу зауыты» ЖШС

2007

2010

Маңғыстау облысының әкімдігі

2250

Қарыз, меншікті

15

Аударма бағыттамалары өндірісі

жоба нәтижелерінің мониторингі

Көліктік машина жасауды дамыту

Бар

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы

2011

2013

«ҚТЖ»ҰҚ» АК (келісім бойынша), Павлодар облысы әкімдігі

9261

Меншікті - 926, қарыз - 8335

16

Ірі вагон құймасы өндірісі

жоба нәтижелерінің мониторингі

Жылжымалы құрамы өндірісінде жергіліктендіру деңгейінің ұлғаюы

Бар

Қарағанды қаласы

2010

2011

«ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша), Қарағанды облысы әкімдігі

1470


Тауаша жобалар

17

Аспалы жабдық өндірісі

Жұмыс істеп тұрған қуатты машина жасау кәсіпорындарында аспалы жабдық өндірісін ұйымдастыру

Ауыл шаруашылығы машинасын жасауды дамыту


Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Қарағанды облыстары






18

Тракторлар мен комбайндар шығару

«ҚазАгроҚаржы» АҚ-мен ұзақ мерзімді келісімшарт жасасу

Ауыл шаруашылық машина жасауды дамыту


Көкшетау қаласы

2010

2013

ИЖТМ


Бизнес жоспары жоқ

19

Құрастыру және ауыл шаруашылық техникаларын іске асыру бойынша сервистік-сауда орталығын кеңейту

жоба нәтижелерінің мониторингі

Жаңа нарықты игеру және қызмет көрсету сапасының жақсаруы


Ақтөбе облысы

2010


Ақтөбе облысы әкімдігі

200

Қарыз қаражаты

20

Көп функционалды топырақ өңдейтін үлгідегі құрастырмалы өндірісті құру

жоба нәтижелерінің мониторингі

Импортты алмастыратын ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру

Бар

Ақтөбе облысы

2010

2011

Ақтөбе облысы әкімдігі

110

Меншікті - 46,5 қарыз - 63,5

21

Ақтау қаласында кеме құрылысы зауытын салу

жоба нәтижелерінің мониторингі

Отандық кемелерді жөндеу құру

Бар

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

2010


Маңғыстау облысының әкімдігі

2700

Меншікті -1890 қарыз -810

22

Жолаушы вагондарының өндірісі

жоба нәтижелерінің мониторингі

Вагон парктерін жаңарту

Бар

Астана қаласы

2010


«ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

14 700


23

Дизельдік рельсті құрамдағы вагондар өндірісі

жоба нәтижелерінің мониторингі

Вагон парктерін жаңарту

Бар

Алматы қаласы

2010

2011

«ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша)

4410


24

Тұтастай тегістелген дөңгелек өндірісі

жоба нәтижелерінің мониторингі

Жылжымалы құрамы өндірісінде жергіліктендіру деңгейінің ұлғайуы

Бар

Екібастұз қаласы

2010

2012

«ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім  бойынша), Павлодар облысы әкімдігі

2205


25

Р-65 рельс өндірісі

жоба нәтижелерінің мониторингі

Жоғарғы жол құрылысын жақсарту

Бар

Павлодар қаласы

2010

2012

«ҚТЖ» ҰК» АҚ (келісім бойынша), Павлодар облысы әкімдігі

36000

Меншікті - 7200, Қарыз - 28800

26

Жетекші автоконцерндермен бірлесіп жеңіл және коммерциялық автомобильдер шығару

«Солерс» ААҚ

Отандық автомобиль жасауды дамыту

Өңделуде

Қарағанды қаласы

2010

2014

Қарағанды облысының әкімдігі



      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      «Самұрық-Қазына»
      ҰӘҚ» АҚ             - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
                            акционерлік қоғамы
      «ҚТЖ» ҰК» АҚ        - «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы»
                            акционерлік қоғамы
      «ҚазАгроҚаржы» АҚ   - «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы
      «Қазақтелеком» АҚ   - «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы
      «КЕGOC» АҚ          - «КЕGОС» акционерлік қоғамы
      «Батыс Қазақстан    - «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы»
      машина жасау          акционерлік қоғамы
      компаниясы» АҚ
      «Маңғыстау          - «Манғыстау облысының кеме жөндеу зауыты»
      облысының кеме        жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
      жөндеу зауыты» ЖШС
      «Солерс» ААҚ        - «Солерс» ашық акционерлік қоғамы