Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:
1. "Қорғану құқығын реттейтін қылмыстық іс жүргізу заңнамасын қолдану тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 6 желтоқсандағы № 26 нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 4-тармақта:
бірінші абзацтағы "немесе" деген сөз "және" деген сөзбен, "адвокаттың немесе ҚІЖК-нің 70-бабының екінші бөлігінде көрсетілген адамдардың, егер олардың арнайы заңгерлік дайындығы және білікті заң көмегін көрсетуге қабілеті болса, іске қатысуы қорғану құқығын қамтамасыз етудің маңызды кепілі болып табылады" деген сөздер "адвокат немесе тек кәсіпқой адвокатпен қатар ғана қорғаушылар ретінде қатыса алатын ҚІЖК-нің 70-бабының екінші бөлігінде көрсетілген адамдар жіберілуі мүмкін" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзац алып тасталсын;
2) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Адвокат куәлігін және осы қылмыстық іс бойынша нақты адамды (адамдарды) қорғауды жүзеге асыруға өкілеттігін куәландыратын ордерді көрсеткеннен кейін адвокат қорғаушы ретінде іске қатысуға жіберіледі.
ҚІЖК-нің 70-бабының екінші бөлігінде аталған басқа да тұлғалар қылмыстық процесті жүргізуші органға ҚІЖК-нің 72-бабының сегізінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан сәттен бастап іске қорғаушы ретінде қатысуға жіберіледі.";
3) 6-тармақ алып тасталсын;
4) 23-тармақта:
үшінші абзацтағы "апелляциялық сатының соттары" деген сөздер "апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатыларының соттары" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қорғаушының апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатыларына қатысуы ҚІЖК-нің 71-бабында көрсетілген жағдайларда және тиісінше ҚІЖК-нің 408-бабының төртінші бөлігінде, 446-5-бабының төртінші бөлігінде және 467-1-бабында қарастырылған тәртіпте қамтамасыз етіледі.";
5) 24-тармақтың бірінші абзацы "апелляциялық" деген сөзден кейін ", кассациялық" деген сөзбен толықтырылсын және бірінші абзацтың үшінші сөйлемінде "апелляциялық" деген сөз алып тасталсын;
6) 26-тармақта "апелляциялық және қадағалау сатысының соттары" деген сөздер "апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатыларының соттары" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының Төрағасы | М. Әлімбеков |
Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының судьясы, | |
жалпы отырыс хатшысы | Ж. Бәйішев |