Ескерту. Нормативтік қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша:
"ҚІЖК-нің" деген сөз "ҚПК-нің" деген сөзбен ауыстырылды;
"процессуалдық" деген сөз "процестік" деген сөзбен ауыстырылды;
"сезіктіге", "Сезіктіге", "сезіктінің", "сезіктілікті", "сезікті", "сезіктіні" деген сөздер тиісінше "күдіктіге", "Күдіктіге", "күдіктінің", "күдікті", "күдіктіні" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Әркімнің білікті заң көмегін, сондай-ақ ол көмекті адвокаттың (қорғаушының) қатысуымен алуға құқығы туралы конституциялық ережені сақтау, сот ісін тараптардың бәсекелестігі және тең құқықтылығы негізінде жүзеге асыруға, іс бойынша ақиқатты анықтап, заңды да негізді сот шешімін шығаруға ықпал етеді.
Қылмыстық процестің барлық кезеңінде қорғануға құқығы бар куәгерге, күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталғанға, ақталғанға қылмыстық қудалаудан, айыптау мен соттаудан қорғану құқығы берілген және кепілдендірілген.
Сот практикасын зерделеу - сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында және сот төрелігін атқару кезінде конституциялық ережелердегі және қылмыстық іс жүргізу заңындағы қорғану құқығы туралы талаптардың сақталатындығын көрсетті.
Сонымен қатар, қылмыстық процесті жүргізуші органдары жұмысында қорғану құқығын реттейтін нормалардың бұзылуы, ал адвокаттардың өздеріне заңмен берілген өкілеттіктерді толығымен пайдаланбайтын жағдайлар орын алуда.
Қылмыстық іс жүргізу заңындағы кемшіліктер мен жолсыздықтарды жою, қорғануға құқығы бар куәгердің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның, ақталғанның қорғану құқығын қамтамасыз ету жөніндегі сот тәжірибесінде туындаған мәселелерді дұрыс және біркелкі шешу мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).1. Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан әрі – Конституция) 13-бабында және 16-бабының 3-тармағында танылған және оған кепілдік берілген және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 26-бабында көзделген қылмыстық процесс қағидаттарының бірі болып табылатын қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның және ақталғанның қорғалуға құқығы бар.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.2. Қорғануға құқығы бар куәгердің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның, ақталғанның қорғану құқығы - күдікті теріске шығаруды немесе жауаптылық пен жазаны жеңілдетуді, сондай-ақ ақталған адамға қатысты - заңсыз ұстаудан, күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы шығарудан, бұлтартпау шарасын қолданудан, сотқа беруден және заңсыз сотталудан келген зиянды өтеуге бағытталған, заңда көрсетілген барлық процестік мүмкіндіктердің жиынтығын білдіреді.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).3. Қылмыстық процесті жүргізуші органдардың қорғануға құқығы бар куәгердің күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның, ақталғанның қорғану құқығын қылмыстық процестің басқа да принциптерімен бірге қамтамасыз етуі - істі әділ талқылаудың және ол бойынша дұрыс шешім қабылдаудың кепілі болып табылады. Сондықтан қорғану құқығын бұзушылық ҚПК-нің 9-бабында көрсетілген салдарға әкеп соғуы мүмкін.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).4. Қорғаушы ретінде адвокат қатысады, сондай-ақ тек адвокатпен қатар қорғаушылар ретінде іске қатысуға құқығы бар ҚПК-нің 66-бабының екінші бөлігінде көрсетілген адамдар жіберілуі мүмкін.
Күдікті (қорғауға құқығы бар куә, айыпталушы, сотталушы, сотталған адам, ақталған адам) қорғау үшін бірнеше адвокатты қорғаушы ретінде шақыруға құқылы. Адвокатпен (бірнеше адвокатпен) қатар оны қорғауды ҚПК-нің 66-бабының екінші бөлігінде аталған адамдардың біреуі ғана қосымша жүзеге асыра алады. Егер бірнеше адам қорғаушы ретінде әрекет еткісі келсе, онда олардың ішінен қорғаушыны таңдау өзіне тиесілі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.5. Адвокат куәлігін және қорғау туралы жазбаша хабарламаны көрсеткен кезде іске адвокат тиісті адамды қорғаушы ретінде кіріседі. Адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттіктерін растайтын өзге құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
ҚПК-нің 66-бабының екінші бөлігінде санамаланған басқа адамдар өздерінің қылмыстық процеске қорғаушы ретінде қатысу құқығын растайтын құжаттарды (неке туралы куәлікті, қорғалуға құқығы бар куәмен, күдіктімен, айыпталушымен, сотталған адаммен, ақталған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжатты, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың шешімдерін) ұсынады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.6. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 2010.06.25 N 9 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Нормативтік қаулысымен.
7. Шетелдік адвокаттар қорғаушылар ретінде тек Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттермен өзара келісілген халықаралық шарттарының негізінде ғана қатыса алады.
Өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік адвокаттың өкілеттігі жеке куәлікпен, адвокаттың мәртебесін куәландыратын құжатпен, сондай-ақ адвокат пен қорғалуға құқығы бар куәгердің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның, ақталғанның арасындағы заң көмегін көрсету туралы келісіммен расталуға тиіс.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).8. Қылмыстық процесті жүргізуші органдар ҚПК-нің 67-бабында көрсетілген жағдайларда қорғаушының міндетті түрде қатысуы туралы заң талабын қатаң түрде орындаулары қажет. Аталған норманың сақталмауын іс жүргізу заңын елеулі түрде бұзушылық деп қарастырып, ал жиналған материалдар дәлелдемелік күші жоқ деп танылуы мүмкін.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).9. Қорғануға құқығы бар куәгердің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның, ақталғанның қорғану құқығының бұзылуын тек қорғаушыны бермеу ғана емес, сондай-ақ олардың процестік құқықтарын, атап айтқанда, ана тілі немесе басқа білетін тілді пайдалану, түсініктеме беру, айғақтар ұсыну, дәлелдеме келтіру, өтініш мәлімдеу, дәлелдемелерді зерттеу және сот жарыссөзіне қатысу, соңғы сөз сөйлеу, қылмыстық процесті жүргізетін органдардың іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану және т.б. құқықтарын шектеуі де - қорғану құқығын бұзушылық деп танылуы мүмкін екендігін ескерген жөн.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).10. Заңда қорғаушының міндетті түрде іске қатысуына негіз болатын дене және психикалық кемістіктердің тізбесі көрсетілмегендіктен, әрбір нақтылы жағдайда қорғануға құқығы бар куәгердің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның және ақталғанның өзінің кемістіктеріне байланысты қорғану құқығын іс жүзінде толық көлемде жүзеге асыра алатындығы немесе кемістіктер аталған заңды құқықтарды пайдалануға елеулі қиындық туғызатыны негізге алынуы қажет.
Денесіндегі немесе психикасындағы кемістіктеріне байланысты өзінің қорғану құқығын жүзеге асыра алмайтын адамдардың қатарына есі ауыспаса да, психикасының кемістігі бар, сондай-ақ сөйлеу, көру, есту кемістіктеріне немесе басқа да ауыр науқасына байланысты зардап шегетін адамдарды да жатқызу қажет.
Егер адамның денесіндегі немесе психикасындағы кемістіктері өз бетінше заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау қабілетіне күмән тудырса, ҚПК-нің 271-бабының бірінші бөлігінің 4-тармағына сәйкес міндетті түрде сараптама өткізілуге тиіс.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).11. Күдіктіге ҚПК-нің 64-бабының бірінші бөлігінде көзделген қандай да бір әрекетті жүргізу сәтінен бастап күдіктінің әрекеті туралы қаулыны хабарлағанға дейін, қорғаушы тағайындау туралы заң талабы мүлтіксіз орындалуға жатады.
Қылмыстық процесті жүргізетін органдар осы талаптарды орындау үшін тиісті ҚПК-нің 66-бабының екінші бөлігінде көрсетілген адамды қорғаушы ретінде жіберу туралы қаулы, ал адвокатқа қатысты – іске кіріскен адвокатты қорғаушы ретінде тану туралы қаулы шығаруы тиіс. Іске қорғау туралы жазбаша хабарлама, қорғаушы ретінде жіберілген өзге адамның құжаттары қоса тігіледі.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.12. Қылмыстық процесті жүргізуші орган адвокат қорғаушы ретінде іске қатысуға кіріскен сәттен бастап күдіктіге, алғашқы жауаптың алдында қорғаушымен жеке және оңаша кездесуіне шынайы мүмкіндік жасап, олардың саны мен ұзақтығын шектемеуі тиіс.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) ; 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.13. Қорғану құқығын іске асыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ қорғаушыға қорғау функциясын орындауы үшін жағдай туғызу мақсатында қылмыстық процесті жүргізуші органдар қорғаушылар мен олардың қорғауға алған адамдарынан қандай процестік іс-әрекеттерге бірге қатысқанды қажет деп санайтынын анықтап алып, оларға сондай жағдай жасауға міндетті.
Әдетте қорғаушы күдіктінің құқықтарын түсіндіру және одан жауап алу, айғақтарға сол жерде тексеру мен нақтылау жүргізу, тергеу эксперименті, тануды жүргізу, беттестірулер, прокурордың жауап алуы және бұлтартпау шарасын таңдау, тағайындалатын сараптаманың сұрақтарын қалыптастыру және маманды қатыстыру кезінде, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталуы және сот талқылауы кезеңдерінде қатысуы тиіс.
Прокурордың сотқа дейінгі өндіріс барысында процестік іс-әрекеттерге қатысуы немесе процестік іс-әрекеттерді өзінің жүргізуі, қорғаушының іске қатысуын заңда тікелей көрсетілген жағдайларда жоққа шығармайды.
Қорғаушы оның қорғауындағы адамның қатысуымен жүргізілетін барлық тергеу және процестік әрекеттерге, сондай-ақ қорғауындағы адамның өтінішхаты не қорғаушының өзінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін басқа да процестік әрекеттерге қатысуға құқылы.
Қорғаушының тергеу және процестік іс-әрекеттерге қатысуы туралы өтініші іске тіркеледі.
Қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның, ақталған адамның, олардың қорғаушыларының қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысқанына-қатыспағанына қарамастан, оларға тиесілі барлық қорғану құқықтары сақталады және осы құқықтардың шектелуі немесе кемсітілуі қорғану құқығын бұзушылық болып табылады.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.14. Қылмыстық процесті жүргізетін органдар күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға олардың қорғаушы алуға мүмкіндігі бар екенін және бұл оған төленетін ақының бар-жоғына байланысты емес екендігін түсіндіруге тиіс.
Қорғаушыдан бас тарту сот ісін жүргізудің кез келген сатысында тек күдіктінің, айыпталушының, сотталушының бастамасымен және қорғаушының қатысумен ғана орын алуы мүмкін және бұл заң көмегі үшін төленетін қаржының жоқтығына байланысты болмауға тиіс. Адвокатқа еңбек ақы төлеу үшін қаражат шын мәнісінде болмаған жағдайда сот қорғаушыдан бас тартуды амалсыздан болған деп танып, оны қабылдамауға тиіс.
Қорғаушыдан бас тартуды қабылдау қылмыстық процесті жүргізетін органның құзыретіне жатады.
ҚПК-нің 99-бабының алтыншы бөлігіне сәйкес қорғаушыдан бас тарту туралы өтініш дәлелді қаулымен ресімделеді, онымен қорғаушы, күдікті, айыпталушы, сотталушы дереу таныстырылуы тиіс, оны өз қолтаңбаларымен куәландырады. Қорғаушының қатысуы қылмыстық іс материалдарына қорғау туралы жазбаша хабарламаны не қорғаушы ретінде жіберілген өзге адамның тиісті құжатының көшірмелерін қоса тігу арқылы расталады.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.15. ҚПК-нің 67-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда қорғаушыдан бас тарту қабылданбайды.
Қорғаушыдан бас тарту, сондай-ақ істің белгілі бір мән-жайларына (айыптаудың ауқымдылығы, жауаптылыққа тартылатын адамдар санының көптігі, істегі материалдарды зерттеудің күдікті, айыпталушы, сотталушы үшін күрделілігі және т.с.с.) байланысты қабылданбауы мүмкін.
ҚПК-нің 94-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша, қорғаушыны іс бойынша өндіріске қатысудан шеттету қылмыстық процесті жүргізуші органдарды күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталғанды және ақталғанды басқа қорғаушымен қамтамасыз ету міндетінен босатпайды.
Қылмыстық іс жүргізуші орган қорғаушыны іске қатысудан шеттеткен кезде осы туралы қаулы шығарады, оған сотқа дейінгі іс жүргізу барысында ҚПК-нің 106-бабының тәртібімен, ал басты сот талқылауында ҚПК-нің 422-бабының ережелері бойынша шағымдануға болады.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.16. Күдіктіні, қорғануға құқығы бар куәгерді, айыпталушыны, сотталушыны жауап беруге, оған тағылған айыпты мойындауға, заттай дәлелдемелер беруге мәжбүрлеу, сондай-ақ оның өзіне қарсы жауап бермеу құқығын бұзатын өзге де іс-әрекеттер жасауға мәжбүрлеу, қорғану құқығын елеулі түрде бұзушылық деп қарастырылуы қажет.
Осыған байланысты қорғануға құқығы бар куәнің, күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның өзіне сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының заңсыз амалдарының қолданылғаны туралы арызы мұқият тексерілуі қажет және ол расталған жағдайда ондай іс материалдары іс жүргізу заңының талаптарын бұзу арқылы алынғандықтан дәлелдемелік күші жоқ деп танылуға тиіс.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.17. ҚПК-нің 31-бабына сәйкес күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға, сотталғанға, ақталғанға қылмыстық процесті жүргізуші органның іс-әрекеттері мен шешімдеріне қылмыстық- процестік заңда бекітілген шағымдану құқығы мен оның тәртібі түсіндірілуге тиіс.
Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).18. Сезіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның қорғану құқығының бұзылуы басты сот талқылауын тағайындау үшін кедергі етпейді. Мұндай бұзушылықтың мәні басты сот талқылауында дәлелдемелердің жол берілетіндігі мен анықтығын және олардың сотталушының кінәлілігін немесе кінәсіздігін шешуге жеткіліктілігін бағаланған кезде ескерілуге тиіс.
Ескерту. 18-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.19. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары жол берген қорғану құқығын бұзушылықтар іс бойынша жиналған дәлелдемелерді заңсыз деп тануға негіз болып табылса және айыптау тарабы сотталушының кінәсін дәлелдейтін басқа дәлелдемелер ұсынбаса, сот ақтау үкімін шығаруға міндетті.
Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).20. Соттар қорғаушысының бар-жоғына қарамастан, сотталушының сот жарыссөзіне қатысатынын ескеруі қажет. Сотталушыны аталған құқықтан айыру, сондай-ақ оған соңғы сөз бермеу, тағылған айып бойынша уәждерін баяндауына шектеу қою - ҚПК-нің 436-бабына сәйкес үкімнің бұзылуына әкеп соғатын қорғану құқығын бұзушылық болып табылады.
Ескерту. 20-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).21. Сотталушыны (ақталғанды) өзі білетін тілде үкімнің (қаулының) көшірмесін алу, сот отырысының хаттамасымен танысу және оған ескертпелер беру, басқа процеске қатысушылардың шағымдарымен (прокурордың өтінішхатымен) танысу және оларға қарсылық беру құқықтарынан айыру, олардың шағымдары мен қарсылықтарын қабылдаудан заңсыз бас тарту - қорғану құқығын бұзушылық болып табылатынын соттар назарларында ұстаулары қажет.
Ақталушыға, сондай-ақ қылмыстық қудалауды қысқарту туралы қаулы шығарылған айыпталушыға (күдіктіге, сотталушыға) қылмыстық процесті жүргізуші органдардың заңсыз іс-әрекеттерінің салдарынан келтірілген зиянды өтету құқығын түсіндірмеу де қорғану құқығын бұзушылық болып табылады.
Егер сот үкімі негізінен дұрыс шығарылса, аталған құқық бұзушылықтар оны бұзуға себеп бола алмайды.
Ескерту. 21-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.22. Қорғаушы өз ынтасы бойынша сотталғанның, ақталғанның мүддесі үшін істі қараған кезде шешімді бұзуға әкеп соғатын процестік құқық бұзушылықтарға жол берген сот шешіміне шағымдануға құқылы. Сот сотталушыны (ақталғанды) аталған арызбен таныстыруға және оның шағымды қайтарып алу құқығын түсіндіруге міндетті.
23. Егер айыптау тарабының шағымында немесе прокурордың өтінішхатында сотталған адамның жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылса, бірінші сатыдағы сот қамауда отырған сотталушыға оның апелляциялық сатының отырысына қатысуға құқылы екенін түсіндіруге міндетті. Сотталғанның қарсылықтары және алқа отырысына қатысу жөніндегі пікірі іске тіркеледі.
Жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылған сотталушының өз өтініші бойынша апелляциялық сатыдағы соттың отырысына қатысуы - істің мән-жайларын жан-жақты, толық зерттеудің және шағымды немесе прокурордың өтінішхатын объективті түрде қараудың қосымша кепілі болып табылады.
Бірінші сатыдағы соттардың сотталушының (ақталғанның) аталған құқығын іске асыруды қамтамасыз еткенін апелляциялық, кассациялық сатыларының соттары мұқият тексерулері қажет.
Қорғаушының апелляциялық сатыда қатысуы ҚПК-нің 67-бабында көрсетілген жағдайларда және ҚПК-нің 428-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен қамтамасыз етіледі.
Қорғаушының кассациялық сатыда қатысуы ҚПК-нің 67-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда жүзеге асырылады. Іс сотталғанның, ақталғанның жағдайының нашарлауы туралы мәселе көтерілген жәбірленушінің (азаматтық талапкердің), олардың өкілдерінің өтінішхаты, прокурордың өтінішхаты бойынша қаралатын жағдайларда қорғаушының кассациялық сатыда қатысуы міндетті болып табылады.
Ескерту. 23-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2010.06.25 N 9 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.24. Сотталушы, ақталған адам апелляциялық, кассациялық, сатыларында қорғаушыдан бас тартқан және ол берген өтінішхатты кері қайтарып алған жағдайда, егер істі қарау үшін заңда көрсетілген басқа да негіздер болмаса, қорғаушының өтінішхаты бойынша қозғалған өндіріс қысқартылады. Қорғаушыдан бас тарту қабылданбаған жағдайда өтінішхат іспен бірге негізінен қаралады. Қабылданған шешімдер туралы қаулы қабылданады.
Егер өтінішхатты бірінші сатыдағы сотқа қатысқан қорғаушы берсе, ал үкім шығарылғаннан кейін іске басқа қорғаушы қатысса, ол жаңа уәждер келтіріп не бұрынғы уәждерді өзгертіп, апелляциялық өтінішхатты толықтыруға құқылы.
Ескерту. 24-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2010.06.25 N 9 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.25. Соттардың сотталғандарға қатысты үкімдерді орындауға байланысты мәселелерді қарау кезінде ҚПК-нің 67-бабының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда қорғаушының іске қатысуы міндетті екенін назарда ұстағандары жөн. Заңның аталған талабының орындалмауы қорғану құқығын бұзу болып табылады, бұл сот қабылдаған қаулыны бұзуға әкеп соғады.
Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).26. Қылмыстық істерді қараған кезде апелляциялық, кассациялық сатыларының соттары қылмыстық процесті жүргізуші органдардың күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның, ақталған адамның қорғану құқығының қамтамасыз еткенін мұқият тексеріп, орын алған заң бұзушылықтарды ескерусіз қалдырмаулары қажет.
Адвокаттардың өз міндеттерін тиісінше атқармағаны (формальды қатысу, таза бланктерге қол қою, қылмыстық іс жүргізу барысында орын алған заң бұзушылықтарды ескермеу және т.б.) анықталған жағдайда, соттар қорғаушыға тиісті шара қолдану туралы жеке қаулы шығаруға құқылы.
Ескерту. 26-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2010.06.25 N 9 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 31.03.2017 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.27. Адвокаттың заң көмегін көрсеткініне бюджет қаражатының есебінен ақы төлеу туралы қаулы шығарған кезде, ҚПК-нің 178-бабына сәйкес, аталған норманың төртінші бөлігінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, ақы төлеуге байланысты іс жүргізу шығындарын мемлекет пайдасына сотталушыдан өндіру туралы мәселенің бір мезгілде қаралатыны соттарға түсіндірілсін.
Қорғаушы ҚПК-нің 67-бабының үшінші бөлігіне, 76-бабының екінші бөлігіне сәйкес іске қатысқан жағдайларда, мемлекетке шығыстарды өтеуден босатуға жол беріледі.
Адвокатқа төленуге жататын соманы есептеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін жалақының ең төменгі мөлшеріне пайыздық арақатынаста есептелетін сағаттық мөлшерлеме бойынша жүзеге асырылуға тиіс.
Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 31.03.2017 № 3 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).28. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына енгізіледі, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады әрі ол ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының Төрағасы | |
Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының судьясы, | |
жалпы отырыс хатшысы |