Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызу мен өсіруді қамтамасыз етуге 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 ақпандағы № 91 Қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі және "2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2009 жылғы 7 желтоқсандағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызу мен өсіруді қамтамасыз етуге 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 15 ақпандағы
№ 91 қаулысымен
бекітілген

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары
бюджеттерінің жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің
көп жылдық екпелерін отырғызу мен өсіруді қамтамасыз
етуге 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін
ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызу мен өсіруді қамтамасыз етуге 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі, "2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2009 жылғы 7 желтоқсандағы заңдарына сәйкес әзірленді және облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2010 жылғы республикалық бюджеттің қаражаты есебінен 087 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық көшеттерін отырғызу және өсіруді қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызу мен өсіруді қамтамасыз етуге арналған қаражат (бұдан әрі - бюджеттік субсидиялар) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі - АШТӨ):

      1) 2009 жылғы күзде және (немесе) 2010 жылғы көктемде жүргізілген жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпелерін (қарқынды типті бақтар, жидектер және жүзімдіктер) отырғызуға және оларды 2010 жылы өсіруге арналған.

      Бұл ретте жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызу:

      кемінде 5 гектар алаңда;

      тамшылатып суару жүйесін қолданып;

      тіреуіш бағаналарды орнатып: жеміс-жидек дақылдарының көп жылдық екпелері аласа бойлы телітушілермен отырғызылған жағдайда - бірінші отырғызылған жылы, жүзімнің көп жылдық екпелерін өсірген жағдайда - екінші жылы;

      Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне немесе ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сұрыптарының тізбесіне енгізілген сұрыптармен;

      тиісті лицензиясы (жерге орналастырумен, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыспен айналысуға) бар және АШТӨ-нің көп жылдық екпелерді отырғызу жүзеге асырылатын жер учаскесімен байланысқан адам әзірлеген бақтарды, жидек ағаштарды және жүзімдіктерді отырғызу үшін бекітілген (бақ отырғызу үшін жарамдылығына топырақтық-мелиоративтік зерттеулердің жүргізілгенін растайтын) үлгі жобаға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс;

      2) 2008 жылғы күзде және (немесе) 2009 жылғы көктемде 087 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық көшеттерін отырғызу және өсіруді қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасы бойынша 2009 жылы бөлінген республикалық бюджеттің қаражаты есебінен отырғызылған жеміс дақылдары мен жүзімнің бірінші өсу жылғы көп жылдық екпелерін өсіруге (күтуге);

      3) 2007 жылғы күзде және (немесе) 2008 жылғы көктемде 009 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыл шаруашылығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасының 106 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық көшеттерін отырғызу және өсіруді қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" кіші бағдарламасы бойынша 2008 жылы бөлінген республикалық бюджеттің қаражаты есебінен отырғызылған жеміс дақылдары мен жүзімнің екінші өсу жылғы көп жылдық екпелерін өсіруге (күтуге);

      4) 2006 жылғы күзде және (немесе) 2007 жылғы көктемде 009 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыл шаруашылығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасының 106 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық көшеттерін отырғызу және өсіруді қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" кіші бағдарламасы бойынша 2007 жылы бөлінген республикалық бюджеттің қаражаты есебінен отырғызылған жеміс дақылдары мен жүзімнің үшінші өсу жылғы көп жылдық екпелерін өсіруге (күтуге) кеткен шығындардың құнын ішінара өтеуге арналған.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде 087 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық көшеттерін отырғызу және өсіруді қамтамасыз етуге берілетін нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасының төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспары негізінде облыстар бойынша белгіленген тәртіппен бекітілген субсидиялау көлеміне сәйкес, сондай-ақ облыс әкімі мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі арасында қол қойылған Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімнің шеңберінде ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттерге аударады.

      4. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуға және өсіруге бюджеттік субсидиялар алған АШТӨ-ге осы мақсаттарға тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттен қаражат бөлу шартымен келесі жылдары, бірақ төрт жылдан аспайтын уақытқа жеміс беру сәті туындағанға дейін оларды өсіруге арналған бюджеттік субсидиялар беріледі.

      5. Бюджеттік субсидия жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызу мен өсірудің осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес көп жылдық екпелердің сипаттамасына байланысты сараланып, бюджеттік субсидияларды алуға берілген өтінімде көрсетілген параметрлерді сақтау шартымен 1 гектарға арналған шығындардың мөлшерінен аспайтын құнының 40%-ына дейінгі мөлшерде белгіленеді.

2. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық
екпелерін отырғызуға және өсіруге кеткен шығындарды
ішінара өтеуге арналған бюджеттік субсидияларды алу
және пайдалану тәртібі

      6. АШТӨ өтінімдерін қарау, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызу актілерін және тексеру актілерін жасау үшін аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының, Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі (бұдан әрі - АӨК) мемлекеттік инспекциясы комитетінің аудандық (қалалық) аумақтық инспекциясының, жер қатынастары жөніндегі аудандық бөлімнің, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері құрамында ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - ВАК) құрылады.

      Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі - ауыл шаруашылығы бөлімі) ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.

      7. АШТӨ осы Ереженің 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидияларды алу үшін ағымдағы жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде ВАК-қа мынадай құжаттардан тұратын өтінімді тапсырады:

      1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесі;

      3) заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы не жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің көшірмесі;

      4) мына:

      АШТӨ нақты жер учаскесіне бақтарды, жидек ағаштарды және жүзімдіктерді отырғызуға арналған типтік жобаны тіркеуі бойынша жұмыстарды өткізу;

      екпелерді отырғызу үшін отырғызу материалына және тамшылатып суару жүйесіне арналған сатып алу-сату және/немесе қаржылық лизинг шарттарының көшірмелері.

      8. Алдыңғы жылдары бюджеттік субсидиялар алған АШТӨ осы Ереженің 2-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген бюджеттік субсидияларды алу үшін ағымдағы жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде ВАК-қа мынадай құжаттардан тұратын өтінімді тапсырады:

      1) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) алдыңғы жылдары жасалған жеміс (жеміс-жидек) дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызу актісінің көшірмелері;

      3) өткен жылдары бюджеттік субсидиялар алғаны туралы куәландыратын құжаттардың көшірмелері.

      9. ВАК:

      1) он жұмыс күні ішінде ұсынылған өтінімдердің толықтығы мен нақтылығын тексереді;

      2) ағымдағы жылғы 10 наурызға дейінгі мерзімде осы Ереженің 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидияларды алуға үміткер АШТӨ-нің алдын-ала тізбесін (бұдан әрі - аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша алдын ала тізбе) қалыптастырады және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкіміне бекітуге жібереді.

      10. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі бекіткен аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша алдын-ала тізім ВАК ұсынған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ауыл шаруашылығы бөлімі АШТӨ өтінімдерін облыста қарау жөніндегі жұмыс органы болып табылатын облыстың Ауыл шаруашылығы басқармасына (бұдан әрі - Ауыл шаруашылығы басқармасы) жібереді.

      11. Ауыл шаруашылығы басқармасы:

      1) бес жұмыс күні ішінде аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бойынша алдын-ала тізбелерді қарайды. Бұл ретте, егер өтінімдер сомасы бөлінген бюджет қаражатының сомасынан асып кетсе, онда бюджеттік субсидиялауға жататын алаңдар АШТӨ арасында алаңдардың өтінім берілген мөлшеріне байланысты барабар бөлінеді;

      2) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік субсидияларды алуға облыс бойынша АШТӨ-нің алдын-ала тізбесі жасалады және оны облыс әкіміне бекітуге ұсынады.

      12. ВАК:

      1) ағымдағы жылғы 20 қыркүйекке дейінгі мерзімде жергілікті жерге барып:

      осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызу актісін (бұдан әрі - отырғызу актісі);

      осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеміс (жеміс-жидек) дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін тексеру актісін (бұдан әрі - тексеру актісі);

      2) ағымдағы жылғы 25 қыркүйекке дейінгі мерзімде бюджеттік субсидиялар алуға үміткер АШТӨ-ның түпкілікті тізбесін (бұдан әрі - аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша түпкілікті тізбені) бөлінген қаражат шегінде қалыптастырады және оны өтінімдермен бірге аудан (облыстық маңызы бар қала) әкіміне бекітуге ұсынады.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.14 № 941 Қаулысымен.

      13. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі бекіткен аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша түпкілікті тізбені, өтінімдерді, әрбір АШТӨ бойынша отырғызу актісін және әрбір АШТӨ бойынша тексеру актісін ауыл шаруашылығы бөлімі ВАК ұсынған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде Ауыл шаруашылығы басқармасына жібереді.

      14. Ауыл шаруашылығы басқармасы ауыл шаруашылығы бөлімі ұсынған АШТӨ өтінімдерін алғаннан кейін оларды он бес жұмыс күні ішінде қарайды.

      15. Ауыл шаруашылығы басқармасы АШТӨ-нің өтінімдерін қарағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде:

      1) осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыс бойынша АШТӨ-нің бюджеттік субсидиялар алуға арналған түпкілікті тізбесін жасайды және оны облыс әкіміне бекітуге ұсынады;

      2) өтінімдерді берген АШТӨ-ге қабылданған шешім туралы жазбаша хабарламаны:

      теріс шешім болған жағдайда өтінімді қайтарып беру себептерін көрсетіп;

      өтінім білдірілген алаңдар барабар бөлінген жағдайда отырғызғаннан кейін субсидиялауға жататын алаңның көлемін көрсете отырып жібереді;

      3) АШТӨ ұсынған растаушы құжаттардың негізінде осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған ведомость қалыптастырады.

      16. Ауыл шаруашылығы басқармасы үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада төлем шоттарының тізілімін және төлем шоттарын ұсынады.

      17. Қандай да бір облыс бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда Министрлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2010 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде облыстар бойынша субсидияларды қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.

      18. Қандай да бір облыс жеміс-жидек дақылдарын және (немесе) жүзімді отырғызуға бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда Ауыл шаруашылығы басқармасы бюджетте көзделген бюджеттік бағдарлама қаражаты шегінде субсидияларды дақылдар арасында қайта бөлуге құқылы.

      19. Бюджеттік субсидиялар алған АШТӨ Ауыл шаруашылығы басқармасына Министрлік бекіткен нысан бойынша есепті кезеңде алынған бюджеттік субсидиялардың нысаналы және тиімді пайдаланылғаны туралы есеп береді.

      20. Алдыңғы жылдары жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуға бюджеттік субсидиялар алған, бірақ отырғызылған екпелерді кейінгі жылдары сақтап қалмаған АШТӨ-ге өсіруге бюджеттік субсидиялар төленбейді.

      21. Ауыл шаруашылығы басқармасы ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей және тиісті жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірмей Министрлікке төленген бюджеттік субсидиялардың көлемі және дақылдар мен сұрыптар бөлінісінде жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызу және өсіру алаңдары туралы есепті ұсынады.

      22. Ауыл шаруашылығы басқармасы АШТӨ-ден құжаттарды қабылдау мерзімін және АШТӨ өтінімдер беру орнын көрсете отырып, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында ВАК-тың жұмыс тәртібін жариялауды қамтамасыз етеді.

      23. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Министрлікке тікелей және түпкілікті нәтижелердің нақты жетістіктері туралы аралық есепті жарты жылдық қорытындылары бойынша 30 шілдеден кешіктірмей, ал қорытынды есепті келесі қаржы жылының 1 ақпанынан кешіктірмей ұсынады.

      24. Министрлік ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келісімдер негізінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес ағымдағы нысаналы трансферттерді төмен тұрған бюджеттерге аудармағаны үшін жауапты болады.

      25. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бірінші басшылары нысаналы трансферттерді нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келісімге сәйкес пайдаланылмағаны, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілмегені, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті ұсынбағаны үшін жауапты болады.

  Ережеге
1-қосымша

Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін
отырғызуға және өсіруге арналған шығындардың нормалары

Көп жылдық екпелердің сипаттамасы

Тамшылатып суарудың ирригациялық жабдықтарын сатып алуға және монтаждауға кеткен шығындарды ескере отырып отырғызу

Субсидия (40%)

2 вегетация

Субсидия (40%)

3 вегетация

Субсидия (40%)

4 вегетация

Субсидия (40%)

Дәнекті бақтар

тіреуіш бағаналарды қолданбай жартылай аласа бойлы және ұзын бойлы телітушілермен отырғызылған

847 546

339 018

48 385

19 354

52 110

20 844

51 531

20 612

тіреуіш бағаналарды қолданып аласа бойлы телітушілермен отырғызылған

1 017 055

406 822

48 385

19 354

52 110

20 844

51 531

20 612

Шекілдеуікті бақтар

тіреуіш бағаналарды қолданбай жартылай аласа бойлы және ұзын бойлы телітушілермен отырғызылған

1 126 294

450 518

66 258

26 503

72 735

29 094

214 743

85 897

тіреуіш бағаналарды қолданып аласа бойлы телітушілермен отырғызылған

1 407 867

563 147

66 258

26 503

72 735

29 094

214 743

85 897

Дәстүрлі бақтар*


0

0

66 258

26 503

72 735

29 094

214 743

85 897

Жүзімдіктер

тіреуіш бағаналарды қолданып отырғызылған

876 375

350 550

813 627

325 451

202 968

81 187

407 301

162 920

Дәстүрлі жүзімдіктер*


0

0

813 627

325 451

202 968

81 187

407 301

162 920


      * осы бюджеттік бағдарламаның шеңберінде ғана 2008 жылғы күзде және (немесе) 2009 жылғы көктемде, 2007 жылғы күзде және (немесе) 2008 жылғы көктемде, 2006 жылғы күзде және (немесе) 2007 жылғы көктемде отырғызылған жеміс-жидек дақылдарының көп жылдық екпелерін өсіруге (күтуге) арналған бюджеттік субсидияларды төлеуге қолданылады

  Ережеге 2-қосымша

      ______________ ауданының

      (облыстық маңызы бар қала)

      ведомствоаралық комиссиясы

Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық
екпелерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге
арналған бюджеттік субсидиялар алуға
өтініш

      1._____________________________________________________________

      (құрылтайшы құжаттың атауы)

      негізінде әрекет ететін _____________________________________________

      (ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші)

      атынан бірінші басшы ________________________________________________

      (Т.А.Ә., лауазымы)

      осымен ____ га алаңға жеміс-жидек дақылдарының/жүзімнің (қажеттісінің астын сызу керек) көп жылдық екпелерін отырғызуға және өсіруге арналған бюджеттік субсидияларды бөлу туралы өтініш білдіреді.

      2. Өтінішке мыналар қоса беріледі:

      жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесі;

      заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы не жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері;

      мына:

      АШТӨ нақты жер учаскесіне бақтарды, жидек ағаштарды және жүзімдіктерді отырғызуға үлгі жобаны байланыстыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге;

      екпелерді отырғызу үшін отырғызу материалына және тамшылатып суару жүйесіне сатып алу-сату және (немесе) қаржылық лизингіне шарттардың көшірмелері.

      3. ____ га алаңға жеміс-жидек дақылдарының/жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуды жүзеге асыру үшін:

      1) ____ теңге сомаға ______ дана көшет*;

      2) ____ теңге сомаға ______ дана тіреуіш бағаналары**;

      3) жобалау, оның ішінде:

      - _____ теңге сомаға рельефті 0,5 метр сайын жара отырып, 1:2000 масштабта топотүсіру;

      - _____ теңге сомаға 1:5000 масштабта топырақты мелиоративтік және топырақты геологиялық ізденістер (қажет болған кезде тұзды түсіру);

      - _____ теңге соммаға тамшылатып суару;

      - _____ теңге сомаға көп жылдық екпелердің бас жоспары (отырғызу сызбасы, сұрыптық құрамы, жол және суармалы желі аумағын ұйымдастыру және т.б);

      4) ____ теңге сомаға тыңайтқыштар;

      ) ____ теңге сомаға өсімдіктерді зиянкестерден және аурулардан қорғау құралдары.

      Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің заңды мекен-жайы және банктік деректемелері

      _________________

      _________________

      _________________

      ___________________

      (Т.А.Ә., қолы, мөрі)

      * - аласа бойлы телітушілер үшін көшеттердің саны 1 гектарда 1600 данадан, жартылай аласа, бойлы телітушілер үшін 800 данадан және ұзын бойлы телітушілер үшін 400 данадан кем болмауы тиіс;

      ** - жүзім үшін көшеттердің саны 2000 данадан кем болмауы тиіс.

  Ережеге
3-қосымша

Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін
өсіруді қамтамасыз етуге арналған бюджеттік субсидиялар
алуға өтініш

      1. ____________________________________________________________

      (құрылтай құжатының атауы)

      негізінде әрекет ететін _____________________________________________

      (ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші)

      атынан бірінші басшы ________________________________________________

      (Т.А.Ә., лауазымы)

      осымен _________ га алаңға 200 жылғы күзде және (немесе) 200 __ жылғы көктемде отырғызылған "___" өсу жылындағы жеміс дақылдарының/жүзімнің (қажеттісінің астын сызу керек), көп жылдық екпелерін өсіруге арналған бюджеттік субсидиялар бөлу туралы өтінім білдіреді.

      2. Өтінішке:

      өткен жылдарда жасалған жеміс дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызу актісінің;

      өткен жылдарда бюджеттік субсидиялардың алынғаны туралы куәландыратын құжаттың көшірмелері қоса беріледі.

      Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің заңды мекен-жайы және банктік деректемелері:

      ____________________

      ____________________

      ____________________

      ____________________

      ____________________

      ____________________

      (Т.А.Ә., қолы, мөрі)

  Ережеге
4-қосымша
"Бекітемін"

      _____________ облысының әкімі

      ___________________

      (Т.А.Ә., қолы, мөрі)

      200 _____ жылғы "___" ___

Облыс бойынша бюджеттік субсидияны алуға үміткер ауыл
шаруашылығы тауарын өндірушілердің алдын ала тізбесі

Р/с

Ауданның атауы

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы

Дақыл

Отырғызу және өсіру алаңы, га

Отырғызудың және өсірудің 1 гектарына арналған бюджеттік субсидиялардың мөлшері, теңге

Бюджеттік субсидиялардың сомасы, теңге
















Жиыны:







      _____________________________________________________ облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы

      _________________________ 20 ____ ж. "___" _________ (Т.А.Ә., қолы)

  Ережеге
5-қосымша

Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің
көп жылдық екпелерін отырғызудың
20____ жылғы "___" _______ № _____ актісі

      Біз, төменде қол қойған, _________________ облысы _____________

      ауданының (облыстық маңызы бар қаланың) ведомствоаралық комиссиясының

      (бұдан әрі - комиссия) мүшелері құрамында:

      комиссия төрағасы ___________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә.)

      комиссия мүшелері:

      аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы бөлімінің өкілі _________________

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә.)

      Министрліктің АӨК-дегі мемлекеттік инспекция комитеті аудандық

      (қалалық) аумақтық инспекциясының өкілі _____________________________

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә.)

      аудандық (қалалық) жер қатынастары бөлімінің өкілі __________________

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә.)

      ғылыми ұйымның өкілі ________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә.)

      қоғамдық ұйымның өкілі ______________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә.)

      _____________________________________________________________________

      ______________________________________________________ басшысы болып,

      (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы)

      _____________________________________________________________________

      (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы)

      мынадай көп жылдық екпелерді:

      ________________ га алаңға __________________________________________

      (дақылдың атауы, сұрпы, егу схемасы)

      ________________ га алаңға __________________________________________

      (дақылдың атауы, сұрпы, егу схемасы)

      ________________ га алаңға __________________________________________

      (дақылдың атауы, сұрпы, егу схемасы)

      отырғызуды іске асырғаны туралы осы актіні жасадық.

      Комиссия төрағасы ______________________

      (қолы)

      комиссия мүшелері:

      аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы

      бөлімінің өкілі ______________________

      (қолы)

      Министрліктің

      АӨК-дегі мемлекеттік инспекция комитеті

      аудандық (қалалық) аумақтық

      инспекциясының өкілі ______________________

      (қолы)

      аудандық (қалалық) жер қатынастары

      бөлімінің өкілі ______________________

      (қолы)

      ғылыми ұйымның өкілі ______________________

      (қолы)

      қоғамдық ұйымның өкілі ______________________

      (қолы)

      ауыл шаруашылығы

      тауарын өндіруші ______________________

      (қолы, мөрі)

      Ережеге

      6-қосымша

Жеміс (жеміс-жидек) дақылдары мен жүзімнің көп жылдық
екпелерін тексерудің
20____ жылғы "___" _______ № _______ актісі

      Біз, төменде қол қойған, __________ облысы ____________________

      ауданының (облыстық маңызы бар қаланың) ведомствоаралық комиссиясының (бұдан әрі - комиссия) мүшелері құрамында:

      Комиссия төрағасы ___________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә.)

      комиссия мүшелері:

      аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы бөлімінің өкілі _________________

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә.)

      Министрліктің АӨК-дегі мемлекеттік инспекция комитеті аудандық

      (қалалық) аумақтық инспекциясының өкілі _____________________________

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә.)

      аудандық (қалалық) жер қатынастары бөлімінің өкілі __________________

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә.)

      ғылыми ұйымның өкілі _______________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә.)

      қоғамдық ұйымның өкілі ______________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә.)

      _____________________________________________________________________

      ______________________________________________________ басшысы болып,

      (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы)

      _____________________________________________________________________

      (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы)

      200___ отырғызылған "___" өсу жылындағы көп жылдық екпелерді

      _____________________ га алаңға _____________________________________

      (дақылдың атауы, сұрпы, егу схемасы)

      _____________________ га алаңға ____________________________________

      дақылдың атауы, сұрпы, егу схемасы)

      _____________________ га алаңға _____________________________________

      (дақылдың атауы, сұрпы, егу схемасы)

      өсіруді жүзеге асырып жатқандағы туралы осы актіні жасадық.

      Комиссия төрағасы ______________________

      (қолы)

      комиссия мүшелері:

      аудандық (қалалық) ауыл шаруашылығы

      басқармасының (бөлімінің) өкілі ______________________

      (қолы)

      Министрліктің

      АӨК-дегі мемлекеттік инспекция комитеті

      аудандық (қалалық) аумақтық

      инспекциясының өкілі ______________________

      (қолы)

      аудандық (қалалық) жер қатынастары

      бөлімінің өкілі ______________________

      (қолы)

      ғылыми ұйымның өкілі ______________________

      (қолы)

      қоғамдық ұйымның өкілі ______________________

      (қолы)

      ауыл шаруашылығы

      тауарын өндіруші ______________________

      (қолы, мөрі)

  Ережеге
7-қосымша
"Бекітемін"

      ____________________ облысының әкімі

      (Т.А.Ә., қолы, мөрі)

      20____ жылғы "___" _____

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жеміс-жидек дақылдары
мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуға және өсіруге
2010 жылға арналған бюджеттік субсидияны алуға түпкілікті
тізбесі

Р/с

Ауданның атауы

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы

Дақыл

Отырғызу және өсіру алаңы, га

Өсіру алаңы (1 өсу жылы), га

Өсіру алаңы (2 өсу жылы), га

Өсіру алаңы (3 өсу жылы), га

Отырғызудың және өсірудің 1 гектарына арналған бюджеттік субсидиялардың мөлшері, теңге

Өсірудің 1 гектарына арналған бюджеттік субсидиялардың мөлшері (1 өсу жылы) теңге

Өсірудің 1 гектарына арналған бюджеттік субсидиялардың мөлшері (2 өсу жылы) теңге

Өсірудің 1 гектарына арналған бюджеттік субсидиялардың мөлшері (3 өсу жылы) теңге

Бюджеттік субсидиялардың сомасы теңге















Жиыны:













      ____________________ облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы

      __________________________________

      (Т.А.Ә., қолы)

      20____ ж. "___" ____

  Ережеге
8-қосымша
"Бекітемін"

      ________________ облысы

      Ауыл шаруашылығы

      басқармасының бастығы

      _______________________

      (Т.А.Ә., қолы, мөрі)

      20____ жылғы "___" _____

Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін
отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге 2010 жылға арналған
бюджеттік субсидияларды төлеу үшін ведомость

Р/с

Ауданның атауы

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің атауы

Дақыл

Отырғызу және өсіру алаңы, га

Өсіру алаңы (1 өсу жылы), га

Өсіру алаңы (2 өсу жылы), га

Өсіру алаңы (3 өсу жылы), га

Отырғызудың және өсірудің 1 гектарына арналған бюджеттік субсидиялардың мөлшері, теңге

Өсірудің 1 гектарына арналған бюджеттік субсидиялардың мөлшері (1 өсу жылы) теңге

Өсірудің 1 гектарына арналған бюджеттік субсидиялардың мөлшері (2 өсу жылы) теңге

Өсірудің 1 гектарына арналған бюджеттік субсидиялардың мөлшері (3 өсу жылы) теңге

Бюджеттік субсидиялардың сомасы теңге















Жиыны:













      Төленетін сома _____________________________________________________

      (жазумен)

      ______________________________ облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы құрылымдық бөлімшесінің басшысы

      ___________________________________

      (Т.А.Ә., қолы)