Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 ақпандағы № 91 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 941 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінің жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызу мен өсіруді қамтамасыз етуге 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 ақпандағы № 91 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 13-14, 128-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызу мен өсіруді қамтамасыз етуге 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесінде:
      12-тармақта:
      1) тармақшаның бірінші абзацындағы «1 маусымға» деген сөздер «20 қыркүйекке» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы «15 маусымға» деген сөздер «25 қыркүйекке» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов