Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан шығатын мұрағаттык анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 11 ақпандағы
№ 85 қаулысымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық
мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және
мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою»
мемлекеттік қызметін көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министірлігінің Орталық мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» стандарты (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатынан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою жөнінде мемлекеттік қызмет көрсетуге (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасының шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын жоятын конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы Заңы, «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртібі мен шарттары туралы бірыңғай ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 4 маусымдағы № 67 бұйрығы, «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағаты туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2005 жылғы 26 желтоқсандағы № 477 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 53 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатында (бұдан әрі - Орталық мұрағат) көрсетіледі.
5. Көрсетіліп отырған мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны Орталық мұрағаттан шығатын апостиль қойылған мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:
тұтынушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 15 минуттан аспайды;
уәкілетті органға құжаттар келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде;
құжаттарды тапсырған кезде кезекте күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт 30 минуттан аспайды;
құжаттарды алған кезде кезекте күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт 30 минуттан аспайды;
8. Ресми құжаттарға апостиль қою үшін заңнамада белгіленген
мемлекеттік баж төленеді.
Мемлекеттік баж төлемінің мөлшері мен күнін растайтын түбіртек беретін Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.kz. интернет-ресурсында, Орталық мұрағаттың ғимаратында (Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 53, телефоны 8(727)274-73-49) орналастырылған.
10. Мемлекеттік қызмет сенбі, жексенбі және мерекелік күндерді қоспағанда, күн сайын көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау және беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Алдын ала жазылу және қызметті жедел ресімдеу жүргізілмейді.
11. Мемлекеттік қызмет тұтынушыларға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген Орталық мұрағаттың ғимаратында көрсетіледі. Үй-жайда күту орындықтары, бланкілерді толтыру үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылған.
Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерделеу мақсатында Орталық мұрағатта тұтынушыларға арналған шағымдар мен ұсыныстар кітабы жүргізіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Орталық мұрағаттан шығатын мұрағаттық анықтамаларға және
мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою үшін тұтынушы
мыналарды ұсынады:
1) мемлекеттік қызмет алу үшін өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) апостиль қою үшін мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек;
4) егер өтініш жасаған адам басқа адамның өкілі болса, жеке немесе заңды тұлғаның нотариалды расталған келісімі;
13. Мемлекеттік қызмет алу үшін өтініштер бланкілерін толтыру талап етіледі. Өтініш бланкісі Орталық мұрағат ғимаратындағы арнайы тағанда орналастырылған.
14. Құжаттарды қабылдау тікелей Орталық мұрағатта жүзеге асырылады. Мұрағат қызметкері құжаттарды қабылдағаннан кейін алынған құжаттардың осы стандарттың 12-тармағына сәйкестігін тексереді, құжаттарды тіркеу үшін қызметтік іс жүргізу бөліміне береді. Мұрағат қызметкері құжаттарды кіріс хат-хабарларын есепке алу журналында тіркегеннен кейін деректерді есептік және мұрағаттық деректермен салыстырады, анықтаманы толтырады және мұрағат бастығына қол қоюға береді.
Мұрағат бастығы бекіткеннен кейін анықтама шығыс хат-хабарларын есепке алу журналына тіркеледі және белгіленген мерзімде беріледі.
15. Орталық мұрағат тұтынушыға құжаттардың қабылданғаны туралы жазбаша растама бермейді.
16. Орталық мұрағаттан шығатын апостиль қойылған мұрағаттық анықтамаларды және мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру тұтынушы өтініш жасаған кезде тікелей Орталық мұрағатта жүзеге асырылады.
Тұтынушылардың жазбаша сұрау салуларына апостиль қойылған мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелері уәкілетті органның тіркеушісі арқылы конвертке салынады және поштамен тұтынушыға жолданады.
17. Ұсынылған құжаттарда қателер (түзетулер, өшірулер) анықталған кезде, сондай-ақ осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттардың тізбесін толық ұсынбаған жағдайда кезде сұрау салу түскен күні мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
3. Жұмыс қағидаттары
18.Уәкілетті органдардың қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:
адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
қызметтік борышты атқару кезінде заңдылықты сақтау;
сыпайылық;
пәрменді және толық ақпарат беру;
ақпаратты қорғау және оның құпиялылығын сақтау.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін Орталық мұрағаттың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен қол жетімділігі көрсеткіштерінің мақсатты мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс тобы бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
21. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда шағым Орталық мұрағат бастығының және (немесе) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі басшылығының атына беріледі.
Орталық мұрағат қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) заңнамада белгіленген тәртіппен 010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жақ жағалауы, Арнайы экономикалық аймақ, 2-үй мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары тұрған басшылығына шағым жасалуы мүмкін.
Орталық мұрағат лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі қоғамдық қабылдау бөлмесінің 8(7172)721591 телефоны арқылы алуға болады.
Шағым ауызша немесе жазбаша нысанда Орталық мұрағаттың іс жүргізушісі немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қабылданады.
23. Келіп түскен шағым уәкілетті органның кіріс хат-хабарларын есепке алу журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімдерде қаралады.
Келіп түскен шағымның қаралу барысы мен жауабын Орталық мұрағаттан білуге болады.
Шағымды қарау нәтижелері туралы арыз берушіге жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
6. Байланыс ақпараты
24. Орталық мұрағат басшысының жұмыс және қабылдау кестесі осы стандарттың 10-тармағында көзделген уәкілетті органның жұмыс кестесіне сәйкес айқындалады.
Орталық мұрағат басшылығының байланыс телефондары мұрағат үй-жайында орналасқан стенділерде көрсетілген.
25. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, Арнайы экономикалық аймақ, 2-үй, интернет-ресурс: www.mod.kz.
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің
Орталық мұрағатынан шығатын мұрағаттық
анықтамаларға және мұрағаттык құжаттардың
көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік
қызмет көрсету стандартына
қосымша
Кесте. Сапа мен қолжетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштері |
Көрсеткіштің нормативтік мәні |
Көрсеткіштің келесі жылдағы мақсатты мәні |
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
1. Уақтылылығы |
|||
1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі) |
|||
1.2. Кезекте 30 минуттан артық қызмет көрсетуді күткен тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
|||
2. Сапасы |
|||
2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
|||
2.2. Лауазымды адамның құжаттарды дұрыс ресімдеген (жүргізілген есептеулер, есеп айырысулар және тағы басқа) жағдайларының %-ы (үлесі) |
|||
3. Қолжетімділік |
|||
3.1. Қызмет көрсету сапасына және оны көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
|||
3.2. Тұтынушының құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған жағдайларының %-ы (үлесі) |
|||
3.3. Ақпаратқа Интернет арқылы қол жеткізуге болатын қызмет көрсетулердің %-ы (үлесі) |
|||
4. Шағымдану үрдісі |
|||
4.1. Қызмет көрсетудің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың %-ы (үлесі |
|||
4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың %-ы (үлесі) |
|||
4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
|||
4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
|||
5. Сыпайылық |
|||
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |